Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Әлеуметтік қолдаудың әлеуеті қандай?

Әлеуметтік қолдаудың әлеуеті қандай?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Ашық дереккөз

Бұл тетік қалай жұмыс істейді? Қандай өзгерістер енгізілді? Атаулы әлеуметтік көмек – бұл өмірлі қиын жағдайға тап болған және табысы төмен отбасылар мен азаматтарға арналған мемлекеттік қолдау шарасы. АӘК-тің басты мақсаты – көмекке шынымен мұқтаж жандарды қолдаумен қамтамасыз ету және отбасының күрделі өмірлік кезеңнен өтуіне септігін тигізу.

АӘК алуға мына санаттағы адамдар құқылы:

Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар. Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.

Тағайындаудың басты критерийі – отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен аспауы тиіс. АӘК мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырма ретінде айқындалады.

АӘК алу құқығын анықтау кезінде мыналар ескеріледі: отбасы құрамы, отбасының барлық мүшелерінің материалдық жағдайы және заңнамада көзделген жағдайларда отбасының мүліктік жағдайы.

Процесті цифрландыру: көмекті қалай алуға болады?

Бүгінгі таңда әлеуметтік көмекті рәсімдеу басы артық бюрократиядан барынша арылған. АӘК тағайындау үшін электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы өтініш беру қажет немесе жеке басты куәландыратын құжатпен тұрғылықты жеріндегі Мансап орталығына немесе әкімдікке жүгіну керек.

Деректерді өңдеу процесі автоматтандырылған:

Өтініш беру кезінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер алуға міндетті түрде келісім сұралады. Одан кейін көмек тағайындау үшін қажетті отбасы құрамы, материалдық жағдайы және өзге де деректер туралы мәліметтерді автоматты түрде тексеру жүзеге асырылады. Сондай-ақ учаскелік комиссия отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына зерттеу жүргізеді.

Тексеру қорытындысында АӘК тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданады. Қажет болған жағдайда уәкілетті органдар жекелеген мәліметтерді қосымша нақтылай алады.

Еліміз әлеуметтік қолдау бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр

Әділдік және мұқтаждықты бағалаудың жаңа ережелері

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін ең бастысы – атаулылық. Цифрландыру аясында ведомство мемлекет қаржысының көлеңкелі табысы жоғары адамдарға кетпеуін үнемі назарда ұстайды.

Қазіргі уақытта азаматтардың мұқтаждығын анықтау тетігін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзгерістердің басты мақсаты – мемлекеттік қолдаудың шынымен мұқтаж жандарға анағұрлым әділ әрі атаулы түрде көрсетілуін қамтамасыз ету.

Негізгі жаңашылдықтардың бірі – тек өтініш беруші мен отбасының кәмелетке толған мүшелерінің келісімімен ғана банктік деректерді пайдалану мүмкіндігі болмақ. Бұл отбасының нақты қаржылық жағдайын объективті бағалауға және мұқтаждығы жоқ азаматтардың әлеуметтік көмек алу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Министрлік тиісті өзгерістер заңнамада банктік құпия талаптарын сақтай отырып көзделетінін баса айтады. Өтініш берушінің жеке келісімінсіз банктік деректерге рұқсат берілмейді, алайда мұндай келісімді беруден бас тарту мұқтаждық мәртебесін мұқият тексеруге негіз болуы мүмкін.

Әлеуметтік қолдаудың әлеуеті оның ашықтығында жатыр. Бағалаудың жаңа құралдары қазақстандықтардың салықтары АӘК арқылы тек аяққа тұруға нақты мүмкіндік іздеген, шын мұқтаж отбасыларға ғана бағытталуына кепілдік береді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Шілде 2026 17:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары