Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Әлеуметтік көмектің әлеуеті

Әлеуметтік көмектің әлеуеті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Әсіресе балаға көрсетілетін қолдауда бұл талаптың маңызы айрықша. Шымкент қаласында білім алушылар мен тәрбиеленушілерге берілетін қаржылық және материалдық көмекті тағайындау жүйесінің цифрландырылуы осы бағыттағы жұмыстың жаңа кезеңін қалыптастырып отыр.

Бала құқығын қорғау тек оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе білім алуына жағдай жасау мәселесімен шектелмейді. Бұл ұғым баланың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оның сапалы білімге, қажетті ортаға және мем­лекет тарапынан тиісті қол­дауға қол жеткізуін де қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің ашық, әділ әрі нақты жұмыс істеуі ма­ңызды.

Қазақстанда әлеуметтік жағ­дайы белгілі бір талаптарға сай келетін балаларға жергілікті бюд­жет есебінен қаржылық және материалдық көмек көрсе­ту тетігі қалыптасқан. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары, табысы ең төмен күнкөріс деңге­йінен төмен отбасылардан шық­қан балалар, жетім және ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ төтенше жағдайлардан зардап шеккен отбасылардың балалары және заңнамада белгіленген басқа да санаттар бар.

Көмек мұқтаж отбасына бағытталады

Үкіметтің 2008 жылғы 25 қаң­тардағы №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік санаттарға жататын балаларға жергілікті бюджет қа­ражаты есебінен қаржылық және материалдық көмек көрсетіледі. Бұған дейін әлеуметтік санатты анықтау кезінде бірқатар тәуе­кел­дер болған. Атап айтқанда, кей жағдайларда білім алушының әлеуметтік мәртебесі тиісті дең­гейде анықталмай, талаптарға сәйкес келмейтін азаматтарға да көмек тағайындалған. Әсіресе атаулы әлеуметтік көмек алмай­тын, бірақ жан басына шаққан­дағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларды анықтау теті­гінде цифрландыру мен ақпа­раттық жүйелердің өзара инте­грациясына қатысты мәселелер болған. Осылайша, осынау са­наттағы азаматтарды анықтау кезінде деректерді салыстыру мен тексерудің қосымша тетік­теріне қажеттілік болды.

Бұл мәселе Шымкентте жү­йелі түрде қайта қаралды. Қала әкімдігінің бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту, сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің жауапты қыз­меткерлерінің қатысуымен жұ­мыс кеңестері өткізілді. Нәти­жесінде, мемлекеттік цифрлық ақпараттық жүйелерді өзара интеграциялау бойынша нақты шешімдер қабылданып, Ұлттық білім беру деректер қорында тиіс­ті әлеуметтік санаттарға жа­та­тын білім алушылардың тізімін автоматты түрде қалыптастыру мүмкіндігі жасалды. Шымкент қаласында білім алушылар мен тәрбиеленушілерге көрсетілетін қаржылық және материалдық көмекті тағайындау жүйесі жаң­ғыртылып, өтініш беру процесі толық цифрландырылды. Бұл ту­ралы Өңірлік коммуника­ция­лар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қа­ла­сы білім басқармасының бас­шы­сы Қуаныш Ысқақов атап өтті.

2026 жылдан бастап Шым­кентте қаржылық және мате­риал­дық көмекке өтініш беру QOSYMSHA ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Яғни азаматтар қажетті құжаттарды жинап, мекемелерге қайта-қайта жүгінудің орнына өтінішті элек­тронды түрде береді. Жүйе от­басының белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті ақпараттық де­ректер негізінде тексеруге мүм­кіндік береді. Көмек таға­йын­дау туралы шешімдер де цифрлық ортада тіркеледі. Бұл өзгерістің мәні тек қағазбасты­лық­ты азайтуда емес. Ең басты­сы – әлеуметтік қолдау көрсету кезінде адами фактордың ықпа­лын төмендету, деректердің нақ­тылығын арттыру және бюджет қаражатының белгіленген санат­тағы азаматтарға бағытталуын қамтамасыз ету.

Кейінгі жылдардағы көрсет­кіштер де әлеуметтік қолдауға деген қажеттіліктің ауқымын аң­ғартады. Шымкентте 2024 жы­лы 46 825 білім алушы қаржылық және материалдық көмекпен қам­тылса, 2025 жылы бұл көрсет­кіш 57 047-ге жеткен. Ал 2026 жы­лы 66 мың білім алушыға көмек көрсету жоспарланған. Бұл сандардың артында мың­даған отбасының әлеуметтік жағдайы, баланың білім алуға деген мүмкіндігі және оның болашағына әсер ететін нақты факторлар тұр. Сондықтан әлеу­меттік саясаттағы кез келген ре­форма ең алдымен статисти­каны емес, адамның өмірін жақ­сартуға бағытталуға тиіс.

Адами фактор азайып, деректер нақтыланады

Шымкенттегі цифрлан­дыру­дың тағы бір маңызды қыры әлеу­меттік көмектің атаулы­лы­ғын күшейту. Бұрын деректердің толық сәйкес келмеуі кейбір жағ­дайда көмек алушылардың санын анықтауға әсер етсе, ендігі автоматтандырылған жүйе әлеу­меттік мәртебені барынша нақ­тылауға мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан заң талаптарына сай келмейтін өтініштердің алдын алса, екінші жағынан шын мә­нінде қолдауға мұқтаж баланың назардан тыс қалмауына жағдай жасайды.

Мұндай тәсіл еңбек сала­сын­дағы саясаттың дамуымен де ті­келей сабақтас. Отбасының та­бысы, ата-ананың жұмыспен қам­тылуы, әлеуметтік жағдайы мен баланың әл-ауқаты – бір-бі­рінен бөлек қарауға келмейтін мә­селелер. Тұрақты жұмыспен қамту мен лайықты еңбек жағ­дай­лары қамтамасыз етілген са­йын отбасының әлеуметтік тә­уелділігі де төмендейді. Ал әлеу­меттік қолдау жүйесі еңбек етуге мүмкіндігі жоқ немесе өтпелі кезеңде көмекке мұқтаж азаматтарды нысаналы түрде қолдауы қажет. Сондықтан қа­зіргі әлеуметтік саясаттың ма­ңыз­ды бағыты азаматқа тек жәр­демақы беру емес, оның эко­­но­микалық дербестігіне жағ­дай жасау. Бұл ретте еңбек на­рығын­дағы сұранысқа сай маман даяр­лау, жастарды жұмыспен қамту, ата-аналардың еңбек құ­қықтарын қорғау, табысы төмен отбасы­лар­ды қолдау және әлеу­меттік қыз­мет­тердің қолжетім­ділігін артты­ру өзара байланысты міндеттер ретінде қарастырылуы керек.

Қолдау бала мүддесіне бағытталуға тиіс

Шымкенттің тәжірибесі осы бағыттағы өзгерістердің бір ғана әлеуметтік төлем жүйесімен шек­телмейтінін көрсетеді. Ме­м­лекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы мемлекеттік бас­қарудың сапасын арттыруға, ше­шім қабылдауды жеделдетуге және әлеуметтік саясатты нақты деректер негізінде қалыптас­ты­руға жол ашады.

Бұл цифрлық трансформа­цияның адам өміріне тікелей әсер ететін мысалы. Бұрын бел­гілі бір әлеуметтік санатты анық­тау үшін бірнеше дереккөзді салыстыру қажет болса, қазір бұл процестің едәуір бөлігі автомат­тандырылып отыр. Демек, цифр­ландырудың түпкі мақсаты тех­нологияны енгізу емес, мем­­ле­кеттік қолдауды азамат үшін ба­рынша түсінікті, қолже­тімді және әділ ету. Бала құқығын қор­ғау саласында мұндай жүйелі тә­сілдің маңызы ерекше. Өйт­кені баланың әлеуметтік жағ­да­йы оның оқуына, психологиялық ахуалына, ортаға бейімделуіне және болашақ мүмкіндіктеріне әсер етеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек уақытылы әрі нақты болған жағдайда отбасы қиын кезеңнен тұрақтырақ өте алады.

Шымкентте қолға алынған жаңа тетік осы міндеттерді бір арнаға тоғыстырады. Әлеуметтік көмекті цифрландыру бір қара­ғанда техникалық жаңашылдық болып көрінгенімен, оның қо­ғам­дық маңызы әлдеқайда кең. Бұл – мемлекеттік саясаттағы әділеттілік қағидатын күшейтуге, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына, балалардың құқық­тарын қорғауға және әлеуметтік қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған қадам.

Ең бастысы, мұндай өзгеріс­тер азамат пен мемлекет арасын­дағы сенімді нығайтуға тиіс. Се­­бебі әлеуметтік саясаттың шы­найы нәтижесі бөлінген қ­а­ра­жаттың көлемімен емес, оның кімге, қалай және қаншалықты уақытылы жеткенімен өлшенеді. Шымкенттің тәжірибесі көрсет­кендей, әлеуметтік саланы цифр­­ландыру заманауи басқа­рудың талабы ғана емес. Ол бала­ның құқығын қорғау, отбасының әл-ауқатын арттыру және еңбек­ке негізделген тұрақты қоғам қа­лып­тастырудың маңызды құрал­дарының біріне айналып келеді.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Тамыз 2026 05:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары