Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

Таза қала конкурсы басталды

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

Бизнеске қолдау, жаңа жұмыс орындары Respublica партиясының басты басымдықтары

Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді

Мәжіліс психологиялық көмектің қолжетімділігін арттырмақ

Мәжіліс психологиялық көмектің қолжетімділігін арттырмақ

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Сонымен, алдымен депутаттар «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Бұл құжаттың әзірленуіне депутаттардың өздері бастамашылық жасаған. Олардың бірі – мәжілісмен Асхат Аймағамбетов. Ол өткен жылы Мәжіліс комитеттерінің бірінің отырысында психологиялық қызмет көрсетудің тиісті нормалары бар болғанымен шашыраңқы екенін айтқан болатын.

- Әртүрлі заңдарда, министрліктердің әртүрлі ережелерінде қарастырылған, бірақ жүйелі реттелген заң жоқ. Көп мемлекетте арнайы заңнама бар. Жалпы, психиатрия, психология, психотерапия қызметін көбісі шатастырады, бәрі бірдей көрінеді, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Психикалық ауытқуы бар жандарға көрсетілетін көмек көлемі қандай, дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселесі күн тәртібінде тұр. Кейбіреулер психикасында ауытқуы бар адамдарды бөлек ұстап, жабу керек деп жатыр, бұл - дұрыс емес. Бізге оларды жабумен немесе емдеумен емес алдын алу және көмек көрсету мәселесі маңызды, - деген еді депутат.

Мәжіліс мәліметінше, жаңа құжат осы саланы реттеуге және психологиялық көмектің қолжетімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық база қалыптастыруға бағытталған. Атап айтқанда, психологтар мен психологиялық көмек алушылардың құқықтары мен міндеттерін бекіту көзделіп отыр.

Фото: freepik

Соның ішінде құпиялылықты қамтамасыз ету, ақпараттандырылған келісім алу, сондай-ақ кәсіби және этикалық стандарттарды сақтау қамтылады. Бұдан бөлек, психологтердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін енгізу ұсынылып, оған қосылу кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін міндетті талап болады.

Жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына жұртшылықтың қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ жануарларға адамгершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында Мәжіліс депутаттары бастамашы болған «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға түзетулер енгізу де ұсынылады.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Бұл Заң 2021 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған. Алайда, Президент Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты Болжамдық, әлеуметтік-экономикалық талдау және статистика орталығының жетекшісі Асқар Бектеновтің пайымынша, Заңда адамдар мен жануарлардың өзара байланысы, әсіресе балаларды, адамдарды қорғай отырып, жануарларға ізгілікпен қарау, сонымен қатар қаңғыбас және қабаған иттердің шабуыл әрекеттерінің барлық аспектісі ескерілмеген. Сондықтан заңнамаға бірқатар түзету әзірленіп отыр. Әзірленген түзетулердің мынадай артықшылығы бар:

жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы мемлекеттік саясаттың бірізділігін қамтамасыз етеді; иттер мен мысықтардың санын жабайы, ауыл шаруашылығы және басқа жануарлар түрлерінен заңнамалық тұрғыда реттейді; жануарлар дерекқоры үшін бірыңғай цифрлық платформаны енгізеді, сондай-ақ жануарларды тіркеумен және чиптеумен жаппай қамту есебінен жануарлар санын реттеу процесін бақылау әрі мониторингілеу тетіктерінің тиімділігін арттырады; жануарларды жаппай кастрациялау есебінен жануарларды уақытша ұстау пункттеріне, панажайлар мен питомниктерге жүктемені азайтады.

Сонымен қатар, депутаттар Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасындағы екі елдің әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді қарайды. 2024 жылғы 11 қыркүйекте Астанада қол қойылған құжат әуе кеңістігін өзара пайдалану шарттарында әуе транзитінің тәртібін айқындауға бағытталған.

Фото: Мақсат Шағырбаев\Kazinform

Келісім Қазақстан мен Түркияның әуе кеңістігі арқылы әскери техника мен жеке құрамды тасымалдау шарттарын реттейді. Ол өзара рұқсаттар негізінде әуе дәліздерін пайдалану тәртібін белгілейді.

Транзитті реттеу үшін уәкілетті органдар бірқатар ережені тағайындады:

ҚР Қорғаныс министрлігі – әскери техника мен жеке құрамның транзитіне жауапты; ҚР Сыртқы істер министрлігі – жыл сайынғы және біржолғы дипломатиялық рұқсат (DCN) береді. Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі.

Әрбір тарап үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін дипломатиялық арналар арқылы келесі жылға арналған жылдық дипломатиялық рұқсат нөмірін (DCN) алу үшін ресми өтініш беруге міндеттеледі. Бұл нөмір транзиттік операциялар үшін қажет және 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін жарамды.

Жыл сайынғы Дипломатиялық рұқсат нөмірі (DCN) келесі санаттардың транзитіне рұқсат береді:

ресми делегациялар; әскери техника мен жеке құрам; гуманитарлық көмек; әскери жаттығуларды қамтамасыз ету; дипломатиялық жүк.

Естеріңізге сала кетсек, Мәжілістің өткен аптадағы отырысында депутаттар «Кейбір заңнамалық актілерге Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен ілеспе құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

- Құжат ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткеру саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатын көздейді. Заң жобасы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдар қызметінің тиімділігін арттыруға, құқық қолдану қызметі барысында анықталған құқықтық олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған. Жалпы, заң жобасы 3 кодекске және 11 заңға түзетулер енгізуді көздейді, - деген еді құжат бойынша негізгі баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Болат Керімбек.

Фото: Kazinform

Сонымен қатар, заң жобасында ұлттық қауіпсіздік органдарының дағдарыстық жағдайлар туындағанда, төтенше және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген кезде әрекет ету құзыретін нақтылау ескерілген. Бұл түзету «Төтенше жағдай туралы» Заңға сәйкес келтіру мақсатында енгізіліп отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау жағдайын күшейту көзделіп отыр. Осы мақсатта заңда «мемлекеттік құпияларды қорғау деңгейінің төмендеуін» ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіптердің бірі ретінде бекіту ұсынылды.

Бұдан бөлек, экстремистік және террористік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және таратуға заңнамалық тыйым салудан басқа, заң жобасы оларды сақтауға қосымша тыйым салуды енгізуді ұсынады.

Фото: ntv.com.tr

Сондай-ақ депутаттар Қазақстан Республикасы мен Халықаралық валюта қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін әлеуетті дамытудың өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік жөніндегі меморандумды ратификациялады.

Құжат бойынша негізгі баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, меморандумның ережелері орталықтың Алматы қаласындағы кеңсесінің жұмыс істеуі мен орналасуы, сондай-ақ орталық қызметкерлерінің Қазақстанда болу шарттарын регламенттейді.

Атап айтқанда:

Орталықтың құрылымы және штаттық құрамы; Орталықтың басқару органдары; Орталықтың оқу бағдарламаларына қатысу тәртібі; Орталық пен оның қызметкерлеріне берілетін иммунитеттер мен артықшылықтар.

- Бұл – Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың қызметі туралы келісімдерге арналған стандартты ережелер жиынтығы. Халықаралық валюта қорының орталығының Қазақстанда орналасуы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару саласындағы ұлттық институционалдық әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ХВҚ орталығы – консультациялар, кәсіби білім беру және экономикалық семинарлар алаңы ғана емес, сонымен қатар стратегиялық ресурс. Бүгінде орталық 100 миллионға жуық халқы бар 9 елді біріктіреді және ХВҚ-ның жаһандық желісінің бір бөлігі саналады, - деді ол.

Жалпы отырыс соңында Мәжіліс депутаттары өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға 16 депутаттық сауал жолдады. Мәселен, Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге агроөнеркәсіптік кешен саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін көтерсе, Ермұрат Бапи теріс діни ағымдар алаңдаушылық танытты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Сәуір 2026 08:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

20 Тамыз 2026 05:03see125

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see119

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see117

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see114

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

20 Тамыз 2026 06:28see113

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

19 Тамыз 2026 22:34see112

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see112

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see111

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see111

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see111

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see110

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

20 Тамыз 2026 23:17see110

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see109

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

20 Тамыз 2026 23:10see107

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

21 Тамыз 2026 10:36see105

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

20 Тамыз 2026 23:09see105

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

21 Тамыз 2026 14:52see105

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

21 Тамыз 2026 15:22see105

Бизнеске қолдау, жаңа жұмыс орындары Respublica партиясының басты басымдықтары

21 Тамыз 2026 11:44see104

Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді

21 Тамыз 2026 11:18see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары