Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Келдің бе, ботам? : 17 жастағы бозбаланың өліміне қатысты тың ақпарат шықты

Келдің бе, ботам? : 17 жастағы бозбаланың өліміне қатысты тың ақпарат шықты

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 17 жастағы бозбаланың өліміне кінәлі деп айыпталған жасөспірімнің соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қызды үйіне шығарып салуға кеткен

Жангелді Мұраттың туыстары оны бес ай бойы жоқтап келеді. Қарапайым, ешкіммен қақтығыспайтын Жангелді қапелімде кісі қолынан қаза тапты. Жас болып жаңылып көрмеген бозбала ажалынан бір ай бұрын ғана 17 жасқа толған еді. Ал оны ұрып-соққан – бір үйдің екі баласы, бауырлар, екеуі де кәмелетке толмаған. Оқиға осы ағайындының есік алдында болған.

"31 желтоқсанда Жаңа жылды қарсы алып, 1 қаңтар күні "бір қыз шығарып салдеді" деп үйден шығып кетті. Бара жатқан кезде алдынан 9-сынып оқитын үш жасөспірім шығып, "қайда барасың" деп сұрақтың астына алған. Жангелді жөнін айтқан. Бір жағынан өзінен кіші балалар боқтап тұрған соң менің балам да сөз қайтарған", - дейді марқұм Жангелдінің әжесі Тазагүл Режепова.

Жаңағы үшеу ағасын шақырады.

"Ағасы үйге алып келіңдер деп бұйырған. Сол жерге Жангелдіні ертіп апарып, төбелескен. Оны сол балалардың анасы көріп, ажыратпақ болған. Төбелесіп жүрген ұлымның қолы сол әйелдің иық жағына тиіп кетіпті. Соған ыза болған сол үйдің баласы екі жерден пышақ ұрған", - дейді Тазагүл Режепова.

Жангелдіге пышақ сұққан – 14 жастағы бала

14 жастағы жасөспірім Жангелдіні пышақтаған соң, оқиға орнынан, яғни үйінен қашып кеткен. Жангелдінің қанға боялған денесін төбелес болған үйдің көршісі көрген.

"Ана ажыратқан әйел үйінде болған. Оны үлкен ұлы алып кіріп кеткен, ал кіші ұлы баламды пышақтап қашып кеткен. Сол жерде қансырап қанша жатқаны белгісіз. Көршісі көре салып, көлігімен ауруханаға апарған. Көліктің алдыңғы орындығында пышақтағанның ағасы отырған. Жангелдім ауруханаға жеткенде көз жұмды. Қара пакетке оралған денесін құшақтаған күйі қалдық", - дейді туыстары.

Балалардың анасы – педагог

Жангелдінің артынан ата-анасы жанұшыра ауруханаға жетеді. Сол жерде өлтірген бала мен анасы тұрған.

"Не болды, не жағдай деп сұрап едік, "көшеде жатыр екен, ауруханаға әкелгенімізге рахмет айт" деді бір әйел. Сөйтсек сол пышақтаған баланың шешесі екен. Баламды ұрып-соғып, өлтіргендердің әжесі педагог, мектепте сабақ берген, қазір зейнеткер. Аналары да педагог", - дейді Тазагүл Режепова.

Жылқыға алма турап беретін пышақты сұққан

Жангелдіні пышақтаған оқушы Талдықорғандағы спорт мектебінде оқыған. Марқұмға жылқыға алма турап беретін пышақты сұққан. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабымен 8 жылға сотталды.

Қазіргі уақытта оның ағасы, үйіне шақырған жасөспірімге қатысты сот жүріп жатыр. Оған Қылмыстық кодекстің 109-бабымен іс қозғалған. Бірақ Жангелдінің туыстары оған түбегейлі қарсы.

"Үйіне баламды алдырып алып, төбелес шығарған, ұрып-соққан. Баламның денесінде сау-тамтық жоқ. Бұл бала да сотталсын. Ешбір өкініші жоқ, мектепте менің балаларыма қарап, мазақ етіп, күлкі қылып жүр. Қозғалған бапқа біз қарсымыз", - дейді марқұм Жанкелді Мұраттың туыстары.

"Әже, маған ермеңіз..."

Әжесі Жангелді қайтыс болардан бұрын жайсыз түс көріп, шошып оянған.

"Жангелдім мүгедектер қоларбасында отыр екен. Әр есікті бір қағып кіре алмай жүрміз. Жангелдім қиналып жүр. Бір уақытта бір есікке кіріп барады. "Әже, мен мында кіремін, сіз қалыңыз" деді. Мен артынан бірге кірмек болып жанталасып жатырмын. "Әже, сізге қалу керек. Кәусарға қарап жүріңіз, соған абай болыңыз" деді де ана есікке кіріп кетті. Кәусар деген қарындасы", - дейді әжесі Тазагүл Режепова.

Жангелдінің қазасынан кейін әжесі де, анасы да денсаулығынан айырылған.

"Тірі кезінде төсегіме келіп, еркелеп қасымда жататын. Қазір де солай... Түнде төсегім адам отырғандай басылады. Бәрін анық сеземін. "Жангелді, келдің бе, ботам? Келе ғой, келші, жата ғой қасыма" деп ылғи әңгімелесемін", - дейді көкірегі қарс айырылған әже.

Sputnik Қазақстан тілшісі Еңбекшіқазақ ауданында өтіп жатқан сот отырысына барды. Алайда сот процесі жабық өтеді деген судья журналистерден залды босатуды сұрады. Тағы бір қызығы, бұған дейін осы жерде өтіп келген сот процесі аяқ асты Қарасай ауданындағы жасөспірімдерге арналған сотқа ауыстырылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Мамыр 2026 14:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары