Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желілерге тыйым: 15+

Әлеуметтік желілерге тыйым: 15+

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Франция балалардың интернет-платформаларға қолжетімділігін шектейтін әлемде Аустралиядан кейінгі екінші мемлекет болғалы тұр.  

Елде 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салатын заң жобасы төменгі палата - Ұлттық ассамблея тарапынан  қолдау тапты. Франция  президенті Эммануэль Макронның өтініші бойынша, заң жедел қабылдануы да мүмкін.  Бастама қоғамда қызу пікірталас тудырды.

Франция әлеуметтік желілерді 15 жасқа дейінгі балаларға ресми түрде тыйым салған Еуропадағы алғашқы мемлекет болуы мүмкін. Құжаттың негізгі - бірінші бабы Ұлттық ассамблея депутаттарының қолдауына ие болды. Жоба авторы, «Республика үшін бірге» коалициясының депутаты Лор Миллер ең алдымен жасөспірімдердің денсаулығына төнетін қауіптер мен киберзорлық мәселесіне назар аударды. Францияның қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттігінің мәліметінше, бүгінде әрбір екінші жасөспірім күніне смартфонға 2–5 сағат жұмсап, көбіне әлеуметтік желілерде отырады. Сарапшылардың пайымынша  бұл үрдіс жасөспірімдер арасында мазасыздықтың артуына, өзін-өзі төмендетуге, әлеуметтік желілерде уытты контенттің көбеюіне және балаларды теріс мінез-құлық әрекеттерге итермелейді. Мысалы, 2024 жылы Францияда жеті отбасы TikTok платформасына қарсы сотқа шағым түсіріп, жасөспірімдердің өзіне қол жұмсауын қауіпті контентпен байланыстырды.

Лор Миллер, Ұлттық Ассамблея депутаты:

- Менің ойымша, біз қарапайым әрі маңызды бір мақсаттың төңірегінде бірігуіміз керек: балалық шақтың нарыққа ал, жастарымыздың ойын алаңының құрбанына айналуына жол бермеу. Мұны тек білім беру арқылы шешу жеткіліксіз.

Бұл Францияның жасөспірімдердің цифрлық ортадағы шекарасын белгілеуге арналған алғашқы талпынысы емес. 2023 жылы депутаттар «цифрлық кәмелеттік жас» ұғымын 15 жас деңгейінде енгізуге тырысқан, алайда бұл норма Еуроодақтың жеке деректерді қорғау талаптарына қайшы келіп, толық іске аспады. Қазіргі басты дау - техникалық мәселеде: әсіресе шетелдік платформаларда пайдаланушының жасын қалай ашық әрі сенімді тексеруге болады? Солшыл «Бағынбаған Франция» партиясының өкілдері, тыйым салу – тиімді шешімге жатпайды деп есептейді. Демек, шектеуді айналып өту жолдарын ескертіп, мәселені платформалардың алгоритмдерінен бастау қажет деп санайды. Қоғамда бұл тақырыпқа қатысты пікірлер әртүрлі.

Кэйзия, Париж қаласының тұрғыны:

- Меніңше, бұл баланың дамуы үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жақсы бастама. Бірақ заң шынымен тиімді болуы үшін оны өте мұқият енгізу қажет. Қазір менің балаларымның әлеуметтік желіде аккаунты жоқ, әрі 16 жасқа дейін тіркелуіне рұқсат бермеймін.

Феликс, Париж қаласының тұрғыны:                   

- Әрине, жастарды қорғау керек. Бірақ бұл жасөспірімдердің ақпаратқа қолжетімділігін шектемеуі тиіс. Бізде бәрі бір ақпаратқа, трендтерге қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек, сонда ғана әлемге ашық бола аламыз.

Заң жобасындағы тағы бір даулы тармақ - лицейлерде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салу. Бұл ереже бірнеше жыл бойы мектептер мен колледждерде қолданылып келеді. Ал жас мөлшерін тексерудің техникалық тетігі Еуропалық деректерді қорғау талаптарына сай арнайы қосымшалар арқылы жүзеге асуы мүмкін. Егер заң Сенатта да қабылданса, 1 қыркүйектен бастап Францияда 15 жасқа толмаған жасөспірімдер онлайн-энциклопедиялар мен білім беру ресурстарынан басқа барлық әлеуметтік желілерге тіркеле алмайды.

Авторлары: Айдана Айтбекқызы, Руслан Өміржан

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 20:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары