Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Әлеуметтік желілерге тыйым салу көмір шахтасындағы шымшыққа ұқсайды

Әлеуметтік желілерге тыйым салу көмір шахтасындағы шымшыққа ұқсайды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Reuters хабарламасына сілтеме жасаған Aikyn.kz жас балаларға әлеуметтік желіні қолдануға салынған тыйымды қоғамның қалай қабылдағанын талдайды.

16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы мемлекет Аустралия болды. Осыған байланысты TikTok, Alphabet компаниясының YouTube сервисі, Meta компаниясының Instagram және Facebook платформалары сияқты әлеуметтік желілерге балалардың кіруі толық бұғатталды.

Алғашқы он ірі платформаға сәрсенбі күні (10 желтоқсан) түн жарымынан (Гринвич бойынша сейсенбі 13:00-ден) бастап балалардың қолжетімділігін бұғаттау міндеттелді. Егер талап орындалмаса, жаңа заңға сәйкес олар 33 млн АҚШ долларына дейін айыппұл төлейді.

Бұл заң ірі технологиялық компаниялар мен сөз бостандығын жақтаушылар тарапынан сынға ұшырағанымен, ата-аналар мен балалар құқығын қорғаушылар тарапынан қолдау тапты. Енгізілген тыйымға басқа елдер де мұқият назар аударып отыр. Олар да балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне әлеуметтік желілердің теріс әсеріне алаңдаушылық білдіріп, ұқсас шараларды қарастыруда.

Sky News Australia дерегінше, осы аптада мектептерде көрсетілген видео-үндеуінде Аустралия премьер-министрі Энтони Албанезе тыйымның мақсаты жас аустралиялықтарды қолдау және шексіз жаңалықтар таспасы мен алгоритмдердің тудыратын қысымын азайту екенін айтты.

«Алда келе жатқан мектеп демалысын барынша пайдалы өткізіңіздер. Оларды телефондағы таспаларды оқуға жұмсағаннан гөрі, жаңа спорт түрімен айналысып көріңіздер, жаңа музыкалық аспап үйреніңіздер немесе көптен бері сөреде жатқан кітапты оқыңыздар. Ең бастысы – уақытты достарыңыз және отбасыңызбен бірге өткізіңіздер», – деді ол.

Профессор: «Аустралиядағы әлеуметтік желілерге тыйым салу – белгілі бір мағынада «көмір шахтасындағы шымшық (канарейка)» іспетті». Фото kanal-o.ru сайтынан алынды

Бұндай заңдық норманың енгізілуі өмірдің ажырамас бөлігіне айналған әлеуметтік желілерге толықтай тыйым салу мүмкін бе деген көпжылдық пікірталасқа нүкте қойды. Осы шешімнің іске асуы барлық мемлекеттердің заң шығарушылары үшін зерттеу нысанына айналатын нақты эксперименттің басталуын білдіреді. Көптеген елдің үкіметтері технологиялық алпауыттар зиянды азайтуға бағытталған шараларды тым баяу енгізіп жатыр деп санайды.

«Аустралия бұндай шектеулерді қабылдаған алғашқы ел болғанымен, соңғысы болмайтыны анық. Әлем бойынша үкіметтер ірі технологиялық компаниялардың күшін қалай тежеуге болатынын бақылап отыр. Аустралиядағы әлеуметтік желілерге тыйым салу – белгілі бір мағынада «көмір шахтасындағы канарейка» іспетті», – дейді Кертин университетінің интернет-зерттеулер профессоры Тама Ливер.

Даниядан бастап Малайзияға дейін және АҚШ-тың кейбір штаттарына дейін үкіметтер ұқсас шараларды жоспарлап отыр. Бұл үрдіс Meta компаниясының ішкі құжаттары жария болғанына төрт жыл толуына тұспа-тұс келді. Ол құжаттарда компания өз өнімдерінің жасөспірімдерде дене бітімін қабылдауға қатысты мәселелер туындатып жатқанын білгені айтылған. Meta балаларды қорғау үшін құралдары бар екенін мәлімдеді.

Бастапқы кезеңде Аустралияда тыйым 10 платформаға қолданылады. Үкімет бұл тізім жаңа өнімдер пайда болып, жастар балама сервистерге ауысқан сайын өзгертілетінін хабарлады. Алғашқы 10 компанияның барлығы (Илон Маск басқаратын X платформасынан басқа) жасты болжау технологиясын пайдаланатынын мәлімдеді. Яғни адамның жасын оның онлайн-белсенділігі негізінде немесе селфи арқылы шамалап анықтау көзделген. Сондай-ақ олар жүктелген жеке куәлік құжаттары немесе байланыстырылған банк деректемелерімен салыстыру жүргізбекші.

Илон Маск бұл тыйымды «барлық аустралиялықтардың интернетке қолжетімділігін бақылаудың жасырын тәсіліне» ұқсайды деп бағалады. Ал платформалардың басым бөлігі оны сөз бостандығы құқығын бұзады деп санайды. 

Зерттеулер көрсеткендей, әлеуметтік желілерде жұмыс істейтін компаниялар үшін бұл шара пайдаланушылар саны тұрақтанып, платформаларда өткізілетін уақыт азайып жатқан құрылымдық тоқыраудың жаңа дәуірін білдіреді.

Платформалар 16 жасқа дейінгі балаларға арналған жарнамадан аз табыс табатындарын мойындайды. Бірақ тыйым болашақ пайдаланушылар ағынын үзіп тастайтынын ескертеді. Үкімет деректеріне сәйкес, тыйымның күшіне енуіне дейін 8-15 жас аралығындағы австралиялықтардың 86%-ы әлеуметтік желілерді қолданады. Кейбір жастар әлеуметтік желілерге тыйым салу адамдарды оқшауландыруы мүмкін деп ескертеді.

Аустралия әлемде алғашқы ел болып, 16 жасқа дейінгі балаларға TikTok, YouTube, Instagram және басқа да платформаларға кіруді заңнамалық түрде шектеді. Бұл қадам балалардың психикалық денсаулығын қорғау және онлайн-қысымды азайту мақсатында қабылданған. Заңды ірі технологиялық компаниялар мен сөз бостандығын қолдаушылар сынға алса, ата-аналар мен балалар құқығын қорғаушылар құптап отыр.

Aikyn.kz бұған дейін де смартфондардың (әлеуметтік желілерге көпшілік смартфон арқылы кіреді) жас балалардың психикалық денсаулығына зиянын бірнеше рет жазды. Сондай бір мақала 2025 жылдың 30-шы маусымында «1 қыркүйектен бастап мектептерде смартфон пайдалануға тыйым салына ма?» деген тақырыппен жарияланды.

Қазақ Еліне де таңдау жасайтын уақыт келген сияқты. Алғашқы қадамды Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн платформалар туралы заң жобасын әзірлеумен бастады. Үкімет пен Парламенттің бір шешімге келуі, мектеп жасындағы балалардың смартфон мен әлеуметтік желілерді қолдануын шектеуі болашақ ұрпақтың денсаулығына оң әсер етеді деп ойлаймыз. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 16:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары