Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алғашқы әмір Оқы! : имамдар жастарды білім мен әдепке шақырды

Алғашқы әмір Оқы! : имамдар жастарды білім мен әдепке шақырды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық мәдениетті нығайту, жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселесін үнемі көтеріп келеді. Мемлекет басшысы жастарды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге және заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуға шақырып, елдің болашағы білімді әрі тәрбиелі ұрпақтың қолында екенін бірнеше рет атап өтті.

Бұл ұстанымдарды Қазақстандағы дін қызметкерлері де қолдап, мешіттерде әдеп, білім және адамгершілік тақырыптарын тұрақты түрде насихаттап келеді.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Жұмабай Қуандықұлы исламда амандасу әдебіне ерекше мән берілетінін айтады.

«Екі ер адам кездескенде қол алысып амандасу жеткілікті. Егер ұзақ уақыт көріспеген немесе алыс сапардан келген болса, төс қағысып амандасуына болады. Ал сүйісіп амандасу немесе оған ұқсас әрекеттер біздің дінімізде де, ұлттық дәстүрімізде де құпталмайды», – деді ол.

Имамның айтуынша, қарапайым сәлемдесудің өзі адамның тәрбиесі мен ішкі мәдениетінің көрінісі. Сондықтан ислам да, қазақы таным да ұстамдылық пен қарапайымдылықты жоғары бағалайды.

Ал «Бір мұнаралы тас» мешітінің наиб имамы Абдулла Ержанұлы кез келген жетістіктің негізінде білім тұратынын атап өтті.

«Құран Кәрімде түскен алғашқы әмір – "Оқы!". Бұл білімнің исламдағы орнының қаншалықты жоғары екенін көрсетеді. Қандай іске кіріспес бұрын адам білімді болуы қажет. Болашақтың берік болуы – білімді ұрпақ тәрбиелеуге байланысты», – деді ол.

Оның сөзінше, білім мен әдеп – егіз ұғым. Нағыз білім адамды жауапкершілікке, ізгілікке және қоғам алдындағы міндетін сезінуге жетелейді.

Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев те білімнің қоғамды дамытатын басты күш екенін айтты.

«Қазақ "Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады" дейді. Ілім үйрену – үлкен еңбек. Ал алған білімді өмірде дұрыс пайдалану одан да жауапты іс. Жастарымыз білімге ұмтылса, қоғамда сауатты әрі саналы азаматтардың қатары көбейеді», – деді бас имам.

Ол білім адамның кәсіби ғана емес, рухани тұрғыдан да кемелденуіне ықпал ететінін ерекше атап өтті.

Ал «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Нұрсұлтан Уәлиұлы мұсылман мәдениетіндегі сәлемдесудің тәрбиелік мәніне тоқталды.

«Мұсылмандар кездескенде "Ассалаумағалейкум" деп амандасып, қол алысады. Пайғамбарымыздың хадисінде екі мұсылман қол алысып амандасса, қолдары ажырағанға дейін күнәлары кешірілетіні айтылған. Ал құшақтасып немесе сүйісіп амандасуға қатысты сұралғанда, Алла Елшісі оны құптамаған», – деді ол.

Дін өкілдерінің айтуынша, сәлемдесу әдебі, білімге ұмтылу және жауапкершілік – қоғамның тұрақты дамуына негіз болатын құндылықтар. Әдепті мінез бен терең білім ұштасқанда ғана саналы, мәдениетті әрі ел болашағына бейжай қарамайтын азамат қалыптасады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 18:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары