Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Алматы 1 вокзалы: реконструкция қашан аяқталады және не уәде етілді

Алматы 1 вокзалы: реконструкция қашан аяқталады және не уәде етілді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматы-1 вокзалын жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанына екінші жыл болды. Tengri Travel тілшісі атқарылған жұмыстар мен әлі жабық тұрған нысандарды анықтап көрді.

Жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2026 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

"Жобаны іске асыру мерзімі ұзартылған жоқ", - деп хабарлады ҚТЖ өкілдері.

Сондай-ақ компания мердігерге айыппұл салынбағанын атап өтті. Келісімшартта нысанды пайдалануға беру мерзімін кешіктіргені үшін айыппұл қарастырылған, алайда қазір жұмыс "бекітілген кестеге сай" жүргізіліп жатыр.

Алматы-1 вокзалында не өзгерді?

Алматы Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, вокзалдың дайындығы 80 пайыз болып отыр.

Нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жалғасып жатыр. Вокзалда 500-ден астам адам жұмыс істейді. Құрылыс күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіліп жатыр.

Фото: Tengrinews

Басқарма мәліметінше, шатыр жабу жұмыстары, негізгі инженерлік желілерді тарту, ішкі қабырғалар мен қалқаларды орнату толық аяқталған. Сонымен қатар вокзал ғимаратының қаңқасы мен конкорс құрылымын күшейту жұмыстары аяқталды, аралық және шеткі перрондарды салу жұмыстары аяқталды. Орталық залда таспен қаптау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, лифт шахталарының металл конструкциялары мен эскалаторлар монтаждалып, аралық перронға асфальт төселді.

Вокзалға жиһаз бен тексеру жабдықтары жеткізілді.

ҚТЖ мәліметінше, жөндеуден кейін вокзал аумағы 17 165,5-тен-ден 18 956 шаршы метрге дейін – шамамен 1 800 "шаршыға" ұлғайды.

Сондай-ақ компания вокзалдың өткізу қабілетін тәулігіне 10 597 жолаушыға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ұлттық тасымалдаушы мәліметінше, бұл жаңғыртуға дейінгі көрсеткіштен бір жарым еседен аса жоғары.

ҚТЖ рендерлері

Вокзал маңындағы аумақ та жаңартылып жатыр: онда жаңа аялдамалар мен абаттандыру элементтері пайда болмақ.

Кейбір платформалар әлі жабық

Перрондарда да жұмыс жалғасып жатыр. Аралық перронды жаңғыртудың негізгі бөлігі аяқталды: онда қалқа нығайтылып, платформа мен жабын жаңартылды. Алайда жолаушылар жаңартылған учаскелерді барлық жұмыс аяқталып, қабылдау жүргізілгеннен кейін ғана пайдалана алады.

Шеткі перронда құрылыс әлі жүріп жатыр.

Қазір жолаушылар үшін негізгі шектеулердің бірі сақтаулы – екінші және үшінші жолдардағы платформаларға кіру жабық.

ҚТЖ аралық перронды қазанда ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Дегенмен нақты мерзімі аталмады.

ҚТЖ рендерлері

2025 жылы аяқтауға уәде берген

2025 жылдың сәуірінде Көлік министрлігі 120-дан астам теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту жұмыстарын сол жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Бұл тізімге Алматы-1 вокзалы да кірген еді.

Алайда жұмыс 2026 жылы да жалғасты. Көктемде ҚТЖ жаңғырту бағдарламасын аяқтаудың жаңа мерзімін атады – 2026 жылдың соңы.

Жазда Алматы-1 бойынша нақты мерзім белгілі болды. Шілдеде жоба жетекшісі Tengrinews.kz сайтымен келесідей жоспарын бөлісті:

қыркүйекте жолаушыларды негізгі ғимаратқа қайтару, қазанда негізгі жұмыстарды аяқтау, келісімшарт бойынша жобаны 2026 жылғы қарашада толық аяқтау. Жаңғырту құны қанша?

ҚТЖ-ның жаңа жауабында жұмыстар құны аталмады. Компания келісімшарт туралы ақпарат орналастырылған "Самұрық-Қазына" электрондық сатып алу порталына сілтеме жасады.

Дегенмен шілдеде жоба жетекшісі Tengrinews.kz-ке болжамды құны 22 миллиард теңге екенін айтқан болатын.

Мәселе тарихы: Алматы-1 вокзалын жаңғырту

Ел бойынша вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы 2025 жылғы сәуірде басталған болатын. Алайда ұзақ уақыт бойы жолаушылар еліміздің ірі нысандары – Алматы-1 мен Астана-1 вокзалдарында белсенді жұмысты байқай алмады.

Бұған дейін ҚТЖ кейбір кезеңде жөндеу жүргізілмей жатқандай әсер қалдыруы мүмкін екенін түсіндірген. Компания мұны "көзге көрінбейтін инженерлік және дайындық жұмыстарымен" байланыстырды.

Мамырда біз Алматы-1 вокзалына барып, ғимаратта жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын көрдік: құрылыс сатылары, қорғаныс торлары мен уақытша қоршаулар орнатылған. Қоршау вокзал маңындағы аумақтың едәуір бөлігін жауып, автобус аялдамасына дейін созылып жатты.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Компания бұған дейін вокзалды бұзу жоспарда жоқ екенін растаған болатын – техникалық тексеріс қорытындысы бойынша жалпы ауданы 17 166 шаршы метр болатын ғимаратты ішінара реконструкциялау туралы шешім қабылданған.

2026 жылғы сәуірде премьер-министр Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алып, жұмыстарды биыл аяқтауды тапсырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 14:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары