Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Астана 1 вокзалын жөндеу: жұмыс қашан аяқталады және ол қазір қалай көрінеді

Астана 1 вокзалын жөндеу: жұмыс қашан аяқталады және ол қазір қалай көрінеді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

"Астана-1" теміржол вокзалында ауқымды қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Tengri Travel оқырманы жөндеудің жолаушыларға қолайсыздық тудырып отырғанын айтып, құрылыс күн суытқанға дейін аяқтала ма деп сұрады. Біз магистральдық желі дирекциясынан жөндеуді қашан бітіру жоспарланғанын нақтыладық.

"Жақында күн суытады": жолаушыларды не алаңдатады?

Редакцияға оқырман "Астана-1" вокзалындағы жөндеу жұмыстарына қатысты хабарласты. Оның айтуынша, құрылыс жолаушыларға қолайсыздық туғызып отыр. Ал күн суыта бастаған сайын бұл мәселе одан сайын өзекті бола түскен.

"Астана-1 вокзалындағы жөндеу қашан аяқталады? Жұмыс әлі жүріп жатыр. Өте қолайсыз. Жақында күн суытады", - деп жазды оқырман.

"Астана-1" вокзалы қазір қандай күйде?

Tengrinews.kz тілшісі вокзалға барып, реконструкция жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көріп қайтты.

Анықтама: вокзал кешеніне 1990 және 1961 жылдары салынған ғимараттар кіреді. Бұған дейін жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетіні хабарланған. Алғашқы кезеңде 1990 жылы салынған ғимарат жаңартылады. Ол кейінгі рет 2004 жылы қайта жөндеуден өткен.

Вокзал маңында құрылыс крандары мен арнайы техника тұр, алаңға құрылыс материалдары мен топырақ үйілген. Жұмысшылар аумақтың бір бөлігін қоршап тастағандықтан, жолаушылар жөндеу жүріп жатқан жерді айналып өтуге мәжбүр.

Фото: Tengrinews.kz

Соған қарамастан, қазір вокзал кешенінің жаңартылатын бөлігінің болашақ келбетін шамалап көруге болады.

Бұл құрылыс және әрлеу жұмыстары аяқталған сайын анық көріне түспек. Ғимараттың тек сырт келбеті өзгеріп қоймайды. Вокзал кешенінің өзі де жолаушыларға арналған заманауи инфрақұрылым талаптарына сай жаңғыртылмақ.

Фото: Tengrinews.kz

Басқа учаскелерде жұмыстар әлі де жүріп жатыр.

Фото: Tengrinews.kz

Құрылыс алаңының қоршауында жаңартылған вокзалдың нобайлары орналастырылған. Олардан жұмыстар аяқталғаннан кейін кешеннің қандай болатынын көруге және жобаны ғимараттың қазіргі кейпімен салыстыруға болады.

Фото: Tengrinews.kz

Жұмыстар перрон жағынан да жүріп жатыр.
Фото: Tengrinews.kz

Құрылыс қоршауы кейбір жерлерде перрондарға өте жақын орналасқан. Платформалардың бірінен біз құрылыс материалдарын да көрдік.

Фото: Tengrinews.kz

Фото: Tengrinews.kz

"Астана-1" вокзалындағы жөндеу қашан аяқталады?

Магистральдық желі дирекциясының баспасөз қызметі вокзалдың екі бөлек ғимараттан тұратынын еске салды.

2025 жылғы тамызда соның біреуі қайта жаңарту жұмыстарына байланысты жабылған. Ал екінші ғимарат жолаушыларға бұрынғыдай қызмет көрсетіп тұр.

Анықтама: Вокзал кешенінің жалпы ауданы - 11 174 шаршы метр. 2017 жылға дейін, Астана Нұрлы жол вокзалы ашылғанға дейін, Астана-1 қаладағы жалғыз вокзал болатын.

Фото: Tengrinews.kz

Фото: Tengrinews.kz

Компания өкілдерінің айтуынша, екінші ғимарат қалыпты режимде жұмыс істеп, жолаушыларға негізгі қызметтердің бәрін көрсетіп отыр.

"Билет кассалары, анықтама бөлімі, санитарлық және медициналық пункттер, күту бөлмелері мен залдары жұмыс істейді. Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарға және 10 жасқа дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған арнайы күту орындары қарастырылған", - деп хабарлады компания.

Фото: Tengrinews.kz

Дирекция жұмыс істеп тұрған ғимаратта орталық жылу жүйесі бар екенін, ал кіреберістерге суықты ішке өткізбейтін жылу перделері орнатылғанын айтты.

"Қазір вокзалда шатыр орнату, ғимараттың сырты мен ішін әрлеу, сыртқы және ішкі инженерлік желілерді - су құбыры, кәріз және электр желілерін жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, перрон абаттандырылып, конкорс өткелі салынып жатыр", - деп нақтылады компания.

Бұған дейін қайта жаңартудың екінші кезеңінде 1961 жылы салынған ғимарат жөнделетіні хабарланған еді.

Анықтама: 2026 жылғы қаңтарда Көлік министрлігі вокзалдың ескі бөлігі тарихи-мәдени мұра нысаны екенін нақтылады. Оны реконструкциялаумен тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау талаптарын сақтай отырып, "Қазқайтажаңарту" ШЖҚ РМК айналысады. Жыл басында ведомство нысанды вокзалдың тарихи бейнесін сақтай отырып, алдағы уақытта қалпына келтіру және заманауи жағдайларға бейімдеу жоспарланғанын да атап өткен болатын.

Баспасөз қызметі Астана-1 вокзалын реконструкциялауды 2026 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын нақтылады. 31 желтоқсанға дейін шамамен төрт ай уақыт қалды.

Жобаның құны қанша?

2025 жылғы тамызда елордалық Астана-1 вокзалында күрделі жөндеу басталды. ҚТЖ мәліметінше, вокзал көп жылдар бойы жаңғыртылмаған.

Иллюстрация: ҚТЖ

2024 жылы сол кездегі көлік министрі Марат Қарабаев Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында "Астана-1" вокзалын күрделі жөндеуге шамамен 6 миллиард теңге жұмсалатынын айтқан еді.

Алайда 2026 жылғы наурызда Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ауқымды жобаның құны 16 603 630 982 теңгеге бағаланғанын хабарлады.

Маусымның аяғында "Қазақстан Темір Жолы" мемлекеттік сараптаманың қорытындысын 2026 жылғы шілденің аяғында алу жоспарланғанын мәлімдеді. Компания мұның кешігуін жобаға енгізілген өзгерістермен түсіндірген.

Сол кезде қайта жаңарту жұмыстарының нақты құны мемлекеттік сараптама қорытындысы шыққаннан кейін ғана белгілі болатыны айтылды.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, жоба мемлекеттік сараптамадан өткен. Алайда жобаның түпкілікті құны әзірге нақтыланбады.

Иллюстрация: Көлік министрлігі

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, нысан мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның кейінгі сомасы әзірге нақтыланбады.

2026 жылдың аяғына дейін 124 вокзалдың реконструкциялануы

2026 жылдың соңына дейін ҚТЖ Қазақстан бойынша 124 теміржол вокзалын жөндеуді жоспарлап отыр.

3 қыркүйекте Көлік министрлігі елде 100 вокзал жаңартылып үлгергенін хабарлады.

"Бүгінгі таңда 100 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Жоба жолаушылар инфрақұрылымын кешенді жаңартуға бағытталған. Нысандардың техникалық жай-күйіне қарай қолданыстағы ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізілді немесе жаңа жолаушылар кешендері салынды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:52
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 17:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see141

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see139

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see139

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see137

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see137

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see136

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see135

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see135

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see135

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see134

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see133

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see133

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see131

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see130

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see128

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see123

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see119

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see116

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see115

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары