Алматы Бішкек автожолында жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
11 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар «Алматы – Бішкек» автомобиль жолының 25-шақырымында, Қаскелең қаласы маңында көлік айрығының монолитті аралық құрылысын орнату жұмыстарына байланысты биіктігі 4,5 метрден және ені 8 метрден асатын ірі габаритті және ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлады ҚазАвтоЖол. Шектеу 2026 жылдың соңына дейін, құрылыс жұмыстары толық аяқталғанға дейін қолданылады. Жеңіл және жолаушылар көлігіне, сондай-ақ белгіленген габариттен аспайтын жүк көліктеріне шектеу қолданылмайды.
"Ірі габаритті және ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерінен маршрутты алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды пайдалануды сұраймыз. Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жол белгілері мен қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз", деп хабарлады қазАвтоЖол.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Жолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі
19 Наурыз 2026 14:58
Екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізіледі
30 Қаңтар 2026 23:14
Екі өңірде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
05 Наурыз 2026 18:16
Қазақстанда әскери техника қозғалысына байланысты жолдарда уақытша шектеу енгізілмек
30 Маусым 2026 00:04
Беларусь Литва жүк көліктерінің елден шығуына уақытша тыйым салды
10 Қараша 2025 14:50
Көрілімдер:20
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 14:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















