Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасары Ұзабаев Әл Фарабидегі ЖКО ісі бойынша сотта түсінік берді

Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасары Ұзабаев Әл Фарабидегі ЖКО ісі бойынша сотта түсінік берді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Алматыда ПД бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың жүргізушісіне қатысты сот басталды. Оған қызметтегі әрекетсіздігі үшін айып тағылып отыр, тергеу нұсқасы бойынша, бұл әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кім сотталып жатыр?

Сотталушы – 2025 жылдан бастап Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың жүргізушісі болып жұмыс істеген полиция қызметкері А. Ж. Сотталушыға "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік" (370-баптың 4-бөлігі 1-тармағы) бойынша айып тағылып отыр.

Анықтама. Бап санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе одан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Іс әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатына байланысты. Бұған дейін А. Ж. Александр Пактың ісі бойынша куәгер ретінде қатысып, апат болған түні басшылықтың рұқсатынсыз қызметтік көлікпен жүргенін айтқан болатын. Соқтығыс алдында ол және Пак әл-Фараби даңғылы бойымен келе жатқан, полиция қызметкерінің алғашқы жауабына сәйкес, олар бір-бірін кезекпен басып озған.

Ержан Ұзабаев сотта не айтты?

7 қыркүйекте Медеу аудандық сотында өзінің бұрынғы жүргізушісінің ісі бойынша Ержан Ұзабаев сөз сөйледі.

Анықтама: Ержан Ұзабаев – Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасары, ол сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігіне жетекшілік еткен. Әл-Фараби даңғылындағы адам өлімімен аяқталған ЖКО-дан кейін ІІМ қызметтік тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Ұзабаев пен тағы бірнеше қызметкер лауазымынан босатылды.

Ол А. Ж. 2025 жылдың мамырында оның жүргізушісі болғанын хабарлады. Оған қызметтік Hyundai Palisade бекітілген. Ұзабаевтың айтуынша, жұмыстан кейін жүргізуші көлікті гаражға қайтаруы тиіс еді.

"Маған Hyundai Palisade бекітілді. Оны тек жүргізуші басқарды. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін автокөлік автошаруашылықта, гаражда болуы керек еді", – деді Ұзабаев.

Гаражға баруы тиіс еді, бірақ мейрамханада болды

Куәгердің айтуынша, 20 наурызда А. Ж. оны литерлік іс-шараға апарған. Кейін, сағат 21:30 шамасында, жүргізуші оны үйіне жеткізіп тастаған.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Астана-1 вокзалын жөндеу: қашан аяқталады және қазіргі жағдайы қандай?

05 қыркүйек 14:58 1

"Тапсырмалар литерлік іс-шарада болды. 21:30-да ол мені жеткізді, мен үйде қалдым. Одан әрі ол автошаруашылыққа баруы керек еді. Оның сол кештегі қандай да бір жоспары туралы білген жоқпын", – деп мәлімдеді Ұзабаев.

Фото Tengrinews.kz

Алайда А. Ж. автошаруашылық гаражына сол күйі бармаған. Бұған дейін сотта анықталғандай, ол Александр Пак пен оның таныстары болған мейрамханаға барған.

Қызметтік көлікті кім қадағалауы керек еді?

Ұзабаев қызметтік автокөлікке автошаруашылық жауап беретінін айтты. Көлікте GPS орнатылған, бірақ сол түні қозғалысы неге бақыланбағанын ол түсіндіре алмады.

"Автошаруашылық көлік құралдарына толықтай жауап береді. Автошаруашылық бастығы мен тыл жөніндегі орынбасары бар – солар жауапты. Бұл менің міндетіме кірмейді", – деді Ұзабаев.

Прокурорлар жедел нөмірлер туралы бөлек сұрады. Бұған дейін А. Ж. жол апатынан кейін қызметтік Palisade-тің нөмірін ауыстырғанын айтқан болатын, бірақ себебін түсіндірмеді.

Ұзабаевтың сөзінше, жедел нөмірлерді жүргізушінің өзі орнатып, ауыстыра алатын. Алайда оларды жеке мақсаттағы сапарлар үшін пайдалануға тыйым салынған.

"Жүргізуші автошаруашылыққа өзі рапорт жазады. Нөмірлерді де жүргізушінің өзі орнатып, шешеді. Жедел нөмірлерді жеке сипаттағы сапарларға пайдалануға рұқсат берілмейді. Мен қандай нөмір тұрғанын білген жоқпын", – деді ол.

Ұзабаев Александр Пакты таныған ба?

Сондай-ақ прокурорлар Ұзабаевтан Александр Пакпен таныс-таныс еместігін сұрады. Оның айтуынша, олар шетелде бір-ақ рет кездейсоқ жолыққан.

"Мен оны сырттай білетінмін, бір рет шетелде кездейсоқ көрдім. Ешқандай қарым-қатынас болған жоқ. Жүргізушімнің онымен таныс екенін білмедім", – деді Ұзабаев.

Ал А. Ж.-ға ол оң мінездеме берді.

"Ол тиянақты болатын, жұмысты толық атқарды. Ешқандай ескерту болған емес. Үнемі жұмыс істеп, қызметтік міндеттерін орындап жүрді", – деді Ұзабаев.

Неге іс әл-Фараби даңғылындағы жол апатынан кейін қозғалды?

Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісін қылмыстық қудалау қоғамда резонанс тудырған жол апатынан кейін басталды.

21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Zeekr автокөлігі жоғары жылдамдықпен қарсы бетке шығып кетіп, Mercedes-пен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes-тің 29 жастағы жүргізушісі мен оның 20 және 22 жастағы екі жолаушысы қаза тапты.

Zeekr жүргізушісі, 33 жастағы Александр Пак аман қалды. Сараптама оның жеңіл дәрежедегі мас күйде болғанын анықтады.

22 маусымда сот Пакты "Көлік құралын мас күйде басқарып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу" (Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі) бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Қайғылы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде жол апатына полиция қызметкері қатысқан көше жарысы себеп болуы мүмкін деген нұсқа пайда болды, содан кейін тексеріс пен қызметтік тергеу басталды.

Қайғылы оқиғадан бірнеше күн өткен соң, 26 наурызда Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады. Ведомство мәліметінше, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен:

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары, ол сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігіне жетекшілік еткен, әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары лауазымынан босатылды.

Сол кезде ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты негізгі істен бөлек, Алматы полиция департаменті басшылары бірінің (сол кезеңде қызметте болған) жүргізушісіне қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Кейін әл-Фараби даңғылындағы жол апаты бойынша өткен сотта мәселе Ержан Ұзабаевтың жүргізушісіне қатысты болғаны анықталды.

Ержан Ұзабаевтың жүргізушісі ЖКО болған күні не істеді?

Айта кетейік, әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол-көлік оқиғасына қатысты сотта А.Ж. куәгер ретінде сөз сөйледі. Ол 2025 жылдан бастап Ержан Ұзабаевтың жүргізушісі болып жұмыс істегенін айтты. Апат болған күні ол қызметтік Hyundai Palisade көлігін тізгіндеген. Айтуынша, автокөлікті басшылықтың рұқсатынсыз жеке мақсатына пайдаланған.

Полицей сотта мейрамхананың VIP-залында ішімдік ішпегенін, тек колаға тапсырыс бергеніне айтты. Алайда зардап шегушілердің өкілдері шотта кола да, шырын да болмағанын – тек виски, текила және сыра болғанын көрсетті.

А.Ж. әл-Фарабидегі жол-көлік оқиғасына қатысты сотта сөйлеп тұр / 19 маусым / Фото: Tengrinews.kz

Сондай-ақ сотта А.Ж.-ның алғашқы жауаптары оқылды. Онда апат алдында топтың бірнеше қатысушысы қос тұтас сызықты кесіп өткені, ал А.Ж.-ның өзі мен Александр Пак әл-Фараби даңғылында бір-бірін кезекпен басып озғаны жазылған.

Полицейдің айтуынша, Пак оны соңғы рет басып озып, содан кейін апатқа ұшыраған. Куәгер досын қираған Zeekr көлігінен шығаруға көмектесіп, содан кейін оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты.

ҚР ІІМ видеосынан кадр

Сондай-ақ полицей апаттан кейін аурухана маңында қызметтік көліктегі жедел нөмірлерді ауыстырғанын мойындады. Жәбірленушілердің адвокаты мұны неге істегенін түсіндіруді сұрағанда, А.Ж. жауап беруден бас тартты. Оның адвокаты полицей басқа қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылғанын еске салды.

Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы оқиғадан кейін қанша іс қозғалды?

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бірқатар қылмыстық қудалауға себеп болды. Александр Пакқа қатысты негізгі процестен бөлек, құқық қорғаушылар қосымша тағы үш істі тергеді:

1. Ерекше мемлекеттік нөмірлердің берілуі. 26 наурызда, әл-Фараби даңғылындағы жол апатынан бірнеше күн өткен соң, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ведомствоның жеке қауіпсіздік департаменті мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру мүмкіндігі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Тергеу Қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша жүргізілді. Алайда 3 маусымда іс "қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты" тоқтатылған еді, бірақ шілдеде прокуратура оны қайта жандандырды.

Анықтама.Тергеу "тыйым салынған" сериядағы мемлекеттік нөмірлердің берілуін тексеріп жатыр. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 106 әріптік тіркесімді пайдалануға болмайды, олардың ішінде USA, KNB, MVD, OPG, SOS бар. Мұндай тыйым 2018 жылдан бері қолданыста және ол тілдік сараптама қорытындысына негізделген.

Сот процесі барысында апат болған түні Александр Пак 100 QR 02 жалған мемлекеттік нөмірі тағылған Zeekr электрмобилін басқарғаны белгілі болды.

Фотоколлаж © Tengrinews.kz

2. Жалған айғақ беру туралы іс. Тергеушілер апат алдында мейрамхананың VIP-залында Александр Пакпен бірге болған және кейін алкоголь ішкенін жоққа шығарған топты тексерді. 28 мамырда бұл іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты. Осыдан кейін біз іс қайта жанданғанын анықтадық.

Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісі әл-Фараби даңғылындағы адам қағып кету ісі бойынша сотта / 19 маусым / Фото: Tengrinews.kz

3. Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісіне қатысты іс. Күдікті ретінде жол апатынан кейін қызметінен шеттетілген Ержан Ұзабаевтың жеке жүргізушісі болып жұмыс істеген полиция қызметкері А. Ж. танылды. Апат болған түні А. Ж. қызметтік Hyundai Palisade көлігімен қыдырған. Ол ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздігі үшін айыпталып, іс Медеу аудандық сотына жолданды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:32
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 17:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары