Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Алматыда Әл Фараби даңғылындағы жол апаты фактісі бойынша үш қылмыстық іс тергелуде

Алматыда Әл Фараби даңғылындағы жол апаты фактісі бойынша үш қылмыстық іс тергелуде

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстандықтар бірнеше айдан бері Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатының тергеу барысын бақылап келеді. Бұл іске қатысты үш қылмыстық іс қозғалған. Tengrinews.kz олардың әрқайсысы бойынша не белгілі екенін және айыпталушыларға қандай жаза берілуі мүмкін екенін анықтады

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты

Қылмыстық істердің бірі үш жастың қазасына себеп болған жол-көлік оқиғасына қатысты.

Күдікті П.-ға Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бапта алкогольдік масаң күйде жол ережесін бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне себеп болғандар жауапқа тартылады.

Заң бойынша бұл қылмыс үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Істің сотқа түскені белгілі болды. Алдын ала тыңдау 28 мамырда сағат 15:00-де Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.

Қызметтегі әрекетсіздік

Екінші қылмыстық іс Алматы полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісі болған полиция қызметкеріне қатысты қозғалған.

Оған Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы бойынша, яғни ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік бойынша айып тағылып отыр.

Бұл бап бойынша мүлкін тәркілей отырып, сондай-ақ белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырып, 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ішкі істер министрлігі 12 мамырда редакция сауалына берген жауабында тергеу аяқталуға жақын екенін және іс жуырда сотқа жолданатынын мәлімдеген.

"Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Соталды тергеп-тексеру аяқталу сатысында, материалдар жуырда сотқа жолданады", — делінген ведомство жауабында.

Билікті асыра пайдалану

Үшінші қылмыстық іс мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілуі мүмкін деген дерекке қатысты тергеліп жатыр.

Қалалық прокуратура деректеріне сүйенсек, бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі — билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Бұл бап бойынша 3000 АЕК-ке дейін, яғни 2026 жылы 12 975 000 теңгеге дейін айыппұл салу, 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу не одан айыру жазасы қарастырылған.

Прокуратура бұл іс бойынша нақты кім күдікті екенін ашып айтпады. Ведомство тергеу құпиялығына сілтеме жасады.

ҚР ІІМ видеосынан кадр Мемлекеттік нөмірге қатысты кім жауап беруі мүмкін?

Тілші Tengrinews.kz адвокат Абзал Қасымжановтан түсініктеме алды. Оның сөзінше, Қылмыстық кодексте мемлекеттік нөмірлерді заңсыз бергені үшін жеке бап қарастырылмаған.

"Асыра пайдалану" деген ұғымға нөмірлерді белгіленген заңды процедураны айналып өтіп беру жатуы мүмкін. Атап айтқанда, тиісті жоғарылатылған мемлекеттік бажды төлемей "әдемі" нөмірлерді беру немесе басқа көлік құралдарына бекітілген нөмірлердің телнұсқаларын беруді білдіреді".

ҚР ІІМ видеосынан кадр Әл-Фарабидегі жол апаты қалай болды?

21 наурызға қараған түні Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Zeekr көлігі жоғары жылдамдықпен қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды.

Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 26 наурызда тергеу соты оны қамауға алды. Деректерге сүйенсек, апат кезінде ол жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. 7 сәуірде күдікті ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды.

Көше жарысы туралы нұсқа

Жол апатынан кейін әлеуметтік желілерде бұл оқиғаға полиция қызметкері қатысқан көше жарысы себеп болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Осыдан соң тексеру мен қызметтік тергеу басталды.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов те әлеуметтік желідегі видеоға сілтеме жасап, жарысқа жоғары лауазымды полиция қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін айтқан.

Осыдан кейін Ішкі істер министрлігі Алматы қалалық полиция департаментіндегі бірқатар басшының қызметінен шеттетілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

ІІМ мәліметінше, қызметтік тексеру мен қылмыстық істер аясында медиа кеңістікте тараған ақпараттың барлығы жан-жақты тексеріледі. Сондай-ақ мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша да қылмыстық іс қозғалған.

Жанжалдан кейін не болды?

Осы оқиғадан кейін, 26 наурызда Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады. ІІМ деректеріне сүйенсек, министр Ержан Сәденовтің бұйрығымен Алматы қалалық полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігіне жетекшілік ететін орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметінен шеттетілді.

Министрлік тергеуге қатысты жаңа деректерді де жариялады.

"Полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты қызметтік әрекетсіздік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тексеру мен қылмыстық істер аясында медиа кеңістікте тараған ақпаратты қоса алғанда, барлық мән-жай егжей-тегжейлі тексеріледі", — деді бұған дейін ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Оның сөзінше, мемлекеттік нөмір белгілерінің заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғаған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Мамыр 2026 15:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see136

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see134

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see134

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see131

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see125

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see125

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see122

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see118

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see118

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see116

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see115

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see111

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see110

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see109

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары