Алматыда автобус жол апатына түсті
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АЛМАТЫ, 1 тамыз - Sputnik. Алматыда №32 бағыттағы автобус жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиға 29 шілдеде Навои көшесінде жетпей болған.
Куәгерлердің айтуынша, автобус жол жиегінде тұрған Hyundai Elantra автокөлігіне соғылған. Соққының әсерінен жеңіл көлік Volkswagen Golf пен Lada 2111 көліктеріне соқтығысып, арықтан асып кеткен.
"Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың оң жағында тұрған жеңіл көліктерге соқтығысқан, үш көлік те механикалық зақымданды. Қазіргі уақытта оқиға тексеріліп жатыр", - деп хабарлайды полиция.
Абырой болғанда оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Автобус жолаушыларына медициналық көмектің қажеті болмады. Ал тұрақта тұрған көліктердің ішінде адам болмаған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:81
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 15:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















