Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Алматыда экс полицей әйелін қатыгездікпен өлтірген: марқұмның туыстары қатаң жаза сұрайды

Алматыда экс полицей әйелін қатыгездікпен өлтірген: марқұмның туыстары қатаң жаза сұрайды

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сарапшылар қайғылы оқиға кезінде айыпталушының «аффект» жағдайында болғаны туралы қорытынды шығарған. Алайда қаза тапқан әйелдің туыстары бұл шешіммен мүлдем келіспейді.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың мамыр айында Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Күдікті бұрын Алматы облыстық полиция департаментінде қызмет атқарған.

Қазір сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы («Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру») бойынша айып тағылып отыр. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеевтің айтуынша, марқұмның отбасы айыпталушының қылмыс кезінде есі ауысқаны немесе аффект жағдайында болғаны туралы сараптама нәтижесімен келіспейді.

— Біз бұл шешіммен келіспейміз. Сараптама екі рет жүргізілді. Қазір сарапшыларды көптеген сұраққа жауап алу үшін сотқа шақырып жатырмыз. Жауап алу қорытындысы бойынша қайта сараптама тағайындау туралы өтініш білдіруіміз мүмкін. Бәрі олардың беретін түсініктемесіне байланысты. Күмәнді тұстар өте көп. Полиция қызметкері қалайша аффект жағдайына түсуі мүмкін? Ол органда 15 жыл қызмет еткен, капитан шенінде болған, күн сайын сан түрлі тексерістен өткен адам. Ол әдейі симуляция жасаған болуы мүмкін, — деді Мейірман Шекеев.

Фото: Еламан Тұрысбеков/Kazinform

Адвокаттың сөзінше, тергеу жұмыстары объективті жүргізілген, тек аффект жағдайы туралы қорытындыға жәбірленуші тараптың үлкен күмәні бар.

Сондай-ақ Мейірман Шекеев аффект жағдайы расталса, іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 101-бабына («Аффект жағдайында адам өлтіру») ауыстырылуы мүмкін екенін ескертті. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза — 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Тергеу изоляторында отырған уақытын есепке алғанда, сотталушы бостандыққа әлдеқайда ерте шығып кетуі мүмкін.

— Сот шешімі тек сарапшылардың қорытындысына ғана сүйенбейді. Сот барлық дәлелдеме жиынтығын бағалап, ішкі сеніміне сүйене отырып шешім қабылдайды, — деп толықтырды ол.

Марқұмның отбасы әділ үкім болады деп үміттенеді. Қаза тапқан әйелдің сіңлісі Разия Шыныбек те «аффект» нұсқасына қарсы шығып, сотталушыға қатаң жаза тағайындауды талап етті.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрған және үш бала тәрбиелеп отырған. Қазір балалар 16, 14 және 4 жаста. Қайғылы оқиғадан кейін балалар Разияның қамқорлығында қалған. Ол балалардың психологиялық жағдайы әлі де өте ауыр екенін жасырмады.

— Қылмыс болған сәтте мен ол жерде болған жоқпын. Келгенімде үйге кіргізбеді, сондықтан нақты не болғанын айта алмаймын. Бірақ үйде болған төрт жасар бала: «Әкем анамды пышақтап тастады», «Әкем — зомби», «Әкем жаман» деп айтудан тыйылмады. Ол үнемі ағасынан: «Көке, сен де мен сияқты анамды сағынасың ба?» деп сұрайды. Мұны есту өте ауыр, — деді Разия.

Сонымен қатар Разия қайғылы оқиғадан сәл бұрын әпкесінің азаматтық күйеуімен ажырасуға ниетті болғанын жеткізді. Оған ер адамның ішімдікке салынуы себеп болған көрінеді.

— Ол күйеуінің көп ішетінін, бірнеше күндеп үй көрмей кететінін айтып шағымданатын. Ажырасуды ойлап, бір айдай бөлек тұрды. Кейін ол қайта келген, бірақ әпкем оны қабылдай алмады. Оқиғаның нақты қандай жағдайда болғанын білмеймін, — деді ол.

Еске салайық, Астанада бұрынғы әйелін бірнеше жыл қудалаған сталкер жауапқа тартылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 18:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары