Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Атқа байлап, сүйреген... : әйелін қатыгездікпен өлтірген адамның ісі сотқа жетті

Атқа байлап, сүйреген... : әйелін қатыгездікпен өлтірген адамның ісі сотқа жетті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жетісу облысында 32 жастағы Айзат Жұманованы азаптап өлтірді деп айыпталған күйеуінің ісі сотқа жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Информбюро 31-ге сілтеме жасап.

Атпалдай азаматтың ішімдікке сылқия тойып алып, жұбайын асқан қатыгездікпен ажал құштырғаны тергеу барысында дәлелденіпті. Прокурордың мәліметінше, айыпталушының қанды қылмысқа баруына қызғаныш себеп болған. Айта кетейік, бұған дейін марқұмның туыстары қаскөй әйелді атпен сүйреп қинағанын айтқан еді.

Қоғамды дүр сілкіндірген қылмыстың жай-жапсарынан аза бойың қаза болады. Прокурордың айтуынша, 33 жастағы азамат әйелінің телефон арқылы бөтен адаммен сөйлескенін көріп қызғаныш сезімі оянған. Осылайша, ішімдікке сылқия тойып алып, Айзат Жұманованы есінен танғанша соққыға жыққан. Айғайлап көмек сұрағанына қармастан келіншекті жұдырықтауын тоқтатпаған екен. Бұл қылмысқа екіге толмаған кішкентай қыз куә болыпты.         

- Ашуланған Айбар Жанболат мотоциклге отырып, Суықсай ауылындағы дүкенге барып, 7-8 бөтелке сыра сатып алған. Жол бойы сатып алған сыраны ішкен. Үйге келген соң Жұманованың белгісіз біреумен телефон арқылы сөйлесіп жүргені есіне түсіп, қызғаныш сезімі оянып, әйелін өлтіруді ойлаған,-дейді Жетісу облыстық прокуратурасының прокуроры Нұрлан Билібеков.

Жалпы, ерлі-зайыптының арасы суып кеткен екен. Олар бір-бірінің телефонын сындырып, 15 күн байланыссыз жүрген. Осы уақыт аралығында өзара сөйлеспеген дейді мемлекеттік айыптаушы. Ал, әйелді атпен сүйреді деген туыстарының болжамы тергеу барысында расталмады. Сондай-ақ, жәбірленуші тараптың наразылығынан кейін мәйітке эксгумация жасалып, нәтижесінде қылмыс “қасақана өлтіру” дерегіне ауысыпты.

-Белгілері болғандықтан, жараларына қарадық. Жаңағы бастың арасындағы шөп, қоқым. Соған қарап біз оны атқа сүйреп өлтірді дегенбіз. Ол мойындаған жоқ. Ол енді мойындасын, мойындамасын әркімнің конституциялық құқығы. Бірақ біз енді оны дәлелдеп осы уақытқа дейін келдік. Біздің қорғаушыларымыздың арқасында, резонанстың арқасында біздің ісіміз 99-бап, 1-бөлігіне алып келді,-дейді марқұмның туысы Раушан Дәуренбекова.

Қара жамылған отбасы айыпталушының қолымен жасағанын мойнымен көтере алмағанына қапалы. Олар кінәлі адамның қатаң жазаланғанын қалайды. Айта кетейік, қанды оқиға шілде айында болған. Жақындары Айзат Жұманованың мәйітін көрсетіп, күйеуі асқан қатыгездікпен өлтіргенін көрсеткен болатын. 32 жасында көз жұмған келіншек үш жыл бұрын тұрмысқа шыққан екен. Артында екі жасар қызы қалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 12:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары