Алматыда ер адам азық түлік дүкенінде әйелге қарақшылық шабуыл жасады
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыс қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде болған. Бейтаныс ер адам әйелге шабуыл жасап, оның денесін жарақаттаған. Кейін алтын бұйымын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жәбірленушіге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, қылмыстық істің материалдарына тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
– Криминалдық полиция қызметкерлерінің аумақтық бөлімшемен бірлескен үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде күдікті аз уақыт ішінде ұсталды. Қылмыстың барлық мән-жайы анықталып, ұрланған мүлік қайтарылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау бағытындағы жұмыс жалғаса береді, - деді Алматы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда рейдерлік шабуыл жасаған бір топ адам ұсталған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 18:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















