Жетісу облысында ер адам медбикеге шабуыл жасады
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Жетісу облыстық сотының хабарлауынша, іс Көксу аудандық сотында қаралды.
— 2026 жылғы 4 наурызда шамамен сағат 14:30-да мас күйінде келген сотталушы медициналық пунктке көмек сұрап келген. Алайда оны дереу қабылдамағанына ашуланып, медбикемен жанжалдасып, жұдырық ала жүгірген, — делінген облыстық сот хабарламасында.
Соққының қатты болғаны соншалық әйел орындықтан құлап, дене жарақаттарын алды. Сот-медициналық сараптама оның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілгенін көрсетті.
Сотталушының әрекеттері ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлімі 2-тармағы бойынша — қызмет барысында денсаулыққа орташа ауырлықта қасақана зиян келтіру деп бағаланды.
Сотта ер адам кінәсін мойындап, өкінгенін айтты. Жәбірленуші оны кешірмейтінін айтып, қатаң жаза қолдануды сұрады.
Сот жаза тағайындағанда құқықбұзушылықтың сипатын, сотталушының тұлғасын, сондай-ақ жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды ескере отырып шешім қабылдады.
— Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Астанада фельдшерге қол көтерген айыпталушы 1,5 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:58
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Сәуір 2026 03:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















