Алматыда кинематография тарихы мен кино қайраткерлеріне арналған саябақ ашылады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Алматыдағы "Қазақфильм" аумағында кинематография тарихы мен кино қайраткерлеріне арналған саябақ ашылады.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Алматыға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша белгілі болды.
Саябақ 5,5 гектар аумақта орналасқан ашық қоғамдық кеңістік болады.
"Өкінішке қарай, ұлттық киностудияны әдейі банкроттыққа жеткізуге әрекет жасалды. Соның салдарынан "Қазақфильм" іс жүзінде қатардағы продюсерлік компаниямен теңестіріліп, одан айырылып қала жаздадық. "Қазақфильмді" сақтау үшін заңнамалық деңгейде қолдау шаралары қабылданды. Оның ішінде киностудияны тікелей мемлекеттік қаржыландыру да қарастырылған", — деді Аида Балаева.
Оның айтуынша, 2027 жылы киностудия павильондарын жөндеуге кірісу жоспарланып отыр.
Қазақстандағы ең ірі киностудия 1934 жылы құрылған. 1941 жылы Қазақ КСР-іне эвакуацияланған "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудиялары Алматы киностудиясының құрамына қосылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:35
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Тамыз 2026 21:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















