Алматыда коммуналдық қарызы бар 600 ден астам кәсіпорынға қатысты іс қозғалды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: Ашық дереккөз
Әкімдіктің мәліметінше, жыл басынан бері заңды тұлғаларға қатысты 1 274 материал қаралған. Оның 602-сі сот орындаушыларына жолданған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 283 кәсіпорын берешегін толық өтеген.
«Берешегі бар кәсіпорындарға заңнамада көзделген шаралар қолданылып жатыр. Атап айтқанда, банк шоттары мен мүлкіне тыйым салынады. Нотариаттық әрекеттер жасауға шектеу қойылады, сондай-ақ қарыз белгіленген шектен асқан жағдайда елден уақытша шығуға тыйым салынады», делінген хабарламада.
Салық берешегі бар кәсіпкерлер қарызын кейінге қалдыра алады
Мамандардың айтуынша, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары коммуналдық қызмет ақысын ұзақ уақыт бойы төлемей жүрген тұтынушыларға ғана қолданылады. Іс сот орындаушыларына берілмес бұрын борышкерлерге ескерту жасалып, қарызды өз еркімен өтеуге мүмкіндік беріледі.
Еске сала кетейік, Алматыда жыл басынан бері 413 заңсыз сауда нысаны сүрілген. Заңсыз сауда нысандарының басым бөлігі «Барахолка» аумағында орналасқан.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:94
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 14:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















