Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматыда суретші Бәтима Зәуірбекованың көрмесі ашылады

Алматыда суретші Бәтима Зәуірбекованың көрмесі ашылады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: art-batima.kz

Экспозицияда суретшінің музей қорынан және отбасы архивінен алынған 80-нен астам туындысы ұсынылады. Олардың қатарында гобелендер, кескіндеме және графикалық жұмыстар бар.

Көрмені ұйымдастырушылар жиналған жұртты Бәтима Зәуірбекованың жарты ғасырдан астам уақыт бойы қалыптастырған шығармашылық мұрасымен таныстырады. Суретші ұлттық дәстүрлерді заманауи көркемдік тілмен ұштастыра отырып, отандық гобелен өнерінің дамуына зор үлес қосты. Міне, көрмеде осы туралы жан-жақты мәлімет беріледі. Сонымен бірге экспозиция арқылы дәстүрлі кілем тоқу өнері мен қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің отандық бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыттың қалыптасуына қалай негіз болғанын көруге болады.

Көрме төрінде – Олжас әлемі

Көрмеге келушілер үш тақырыптық бөлімнен тұратын экспозицияларды тамашалай алады.

Алғашқы залда суретшінің шығармашылығы мен қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы өнері арасындағы байланыс кеңінен таныстырылады.

Екінші бөлімде Бәтима Зәуірбекованың шығармашылығының негізгі бағыттары көрініс табады. Мұнда туындылар тақырыптық және көркемдік образдарына қарай топтастырылған. Ал соңғы зал қазақ мәдениетіндегі әйел бейнесіне арналған. Оның басты композициялық элементі ретінде аспалы шаңырақ орнатылып, айналасына ұлттық киім киген қазақ аруларының портреттері орналастырылады.

Бұдан бөлек, келушілер суретші туралы деректі фильмді тамашалап, архивтік фотосуреттермен таныса алады. Сондай-ақ арнайы оқу тоқыма станогында гобелен тоқу үдерісін тәжірибе жүзінде байқап көруге мүмкіндік беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Мұра жіптері» көрмесі – Бәтима Зәуірбекованың шығармашылығына арналған ретроспективалық жоба ғана емес. Бұл көрме гобелен өнеріне қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің маңызды бағыты ретінде жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Көрме өнер сүйер қауымға, зерттеушілерге, дизайнерлерге, сәулетшілерге, сондай-ақ креативті индустрия өкілдеріне арналған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ашылды. Көрмедегі ең құнды жәдігерлердің бірі музей қорында сақталған Абай Құнанбайұлының домбырасы болды.

2017 жылы 29 қыркүйекте «Egemen Qazaqstan» газетінің сайтында белгілі суретші, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш гобеленші Бәтима Зәуірбековамен «Гобелен тоқу инемен құдық қазғандай» деген тақырыппен сұхбаты шыққан еді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 17:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары