Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Жіптен өрілген өнер: Алматыда Бәтима Зәуірбекованың туындылары көрсетіледі

Жіптен өрілген өнер: Алматыда Бәтима Зәуірбекованың туындылары көрсетіледі

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бәтима Зәуірбекова қазақстандық гобелен өнері мектебінің негізін қалаушылардың бірі болды және жарты ғасырдан аса уақыт бойы дәстүрлі ою-өрнектер, дала бейнелері мен ұлттық мәдениет заманауи сипат алған өнер саласында еңбек етті. Биыл суретшінің туғанына 80 жыл толады.

Мерейтойға орай Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде оның 80-нен аса туындысы - музей қоры мен отбасылық архивтен алынған гобелендер, кескіндеме және графикалық жұмыстары жинақталады, - деп хабарлайды Tengri Life.

Қазақстанда гобелен өнері мектебі қалай пайда болды?

Гобелен - арнайы станокта жіптер көмегімен тоқылатын бейнелі кілем, көркем сурет. Қазақстанда бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында белсенді дами бастады.

Жергілікті суретшілер кілем тоқу дәстүрлерін, киіз басу өнері мен халық шығармашылығының өзге де түрлерін заманауи өнер тәсілдерімен ұштастыра отырып, қайта жаңғыртты.

Осылайша, ұлттық мотивтерді, дәстүрлі ою-өрнекті және жаңа көркемдік тілді біріктірген қазақстандық гобелен өнері мектебі бірте-бірте қалыптасты.

Бұл бағыттағы негізгі тұлғалардың бірі Бәтима Зәуірбекова болды.

Ол - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Оның 50 жылдан аса шығармашылық жолы қазақ гобелен өнерінің дамуымен тығыз байланысты.

Бәтима Зәуірбекова. Фото: Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі

Зәуірбекова өз шығармаларында ұлттық мәдениетке, дәстүрлі бейнелер мен ою-өрнектерге жүгінгенімен, оларды заманауи суретші ретінде өңдеп, жаңаша ұсынды.

Көрмеде оның шығармашылығын тек қазақстандық сәндік-қолданбалы өнер аясында ғана емес, сонымен қатар модернизм кескіндемесімен және әлемдік өнер дәстүрлерімен кеңірек үндестікте қарастыру ұсынылады.

Ясауиден бастап үй бейнесіне дейін

"Мұра жіптері" экспозициясы үш кеңістікке бөлінеді.

Маршрут музейдің тұрақты коллекция залынан басталады. Мұнда Зәуірбекованың жұмыстары сәндік-қолданбалы өнер үлгілерімен қатар қойылады - бұл тәсіл оның өзіндік көркемдік тілінің қандай дәстүрлерден бастау алғанын көрсетуі тиіс.

Фото: Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі

Суретші шығармашылығында жиі кездесетін маңызды бейнелердің бірі - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.

Көрме павильонының еңселі қабырғалары кесене сәулетін еске түсіреді. Сонымен қатар, бұл кеңістік үй, пана және қасиетті орын ретінде ойластырылған.

Осы арқылы Зәуірбекова жұмыстарындағы бірнеше тұрақты тақырыптар - адам мен табиғаттың байланысы, материалдық әлемнің киелілігі және қолөнердің маңызы ашылады.

Жұмыстарды әртүрлі тұстан тамашалауға болады

Екінші залда туындылар стилистикасы мен суретші шығармашылығының жекелеген бағыттары бойынша бірнеше тақырыптық аймаққа біріктіріледі.

Мұнда қатаң белгіленген бағыт болмайды. Келушілерге қозғалыс бағытын өздері таңдап, жұмыстарға әртүрлі қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Кеңістіктің тағы бір элементі - экспозицияны сүйемелдейтін әуен болмақ.

Шаңырақ және әйел бейнелері

Қорытынды зал Бәтима Зәуірбекова шығармашылығындағы әйел бейнесіне арналады.

Кеңістіктің ортасында шаңырақ болады. Оның айналасында ұлттық киімдегі қазақ әйелдерінің портреттері орналастырылады.

Осы бейнелер арқылы экспозиция авторлары отбасы, өмірдің жалғастығы және ұрпақтар сабақтастығы тақырыптарын қозғайды.

Фото: Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі

Сондай-ақ осы залда архив суреттер мен Зәуірбекова туралы деректі фильмді тамашалауға болады.

Кеңістіктің бір бөлігі интерактивті форматта жасалады: келушілерге тоқу станогында жұмыс істеп көруге және гобеленнің қалай жасалатынын өз көзімен көруге мүмкіндік беріледі.

Көрме қорытындысында тек Бәтима Зәуірбекова туралы ғана емес, Қазақстанда дәстүрлі қолөнердің бірте-бірте заманауи өнердің дербес бағытына қалай айналғаны туралы сыр шертеді.

Бәтима Зәуірбекова. Фото: Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі

Суретшінің осыдан ондаған жыл бұрын жасалған гобелендері бүгін де өзектілігін жоғалтпаған - шаңырақ, жады, ұлттық мәдениет және ұрпақтар байланысы тақырыптарын арқау етуін жалғастырып жатыр.

"Мұра жіптері" көрмесі 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында өтеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:63
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 10:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары