Алматыда ұрлық жасаған бір отбасының үш келіні ұсталды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан ерекше отбасылық қылмыстық топ құрықталды. Қылмыстық схеманы бір отбасының үш келіні жүзеге асырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың үшінші қатысушысы ұсталды. Бұған дейін оның екі сыбайласы қолға түскен болатын. Қазір күдіктінің үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу нұсқасы бойынша күдікті әйелдер өзара рөлдерді алдын ала бөліп алған. Олар ұрлық жасау үшін адам көп жиналатын орындарды таңдаған: қала базарлары, қоғамдық көліктер және халық тығыз шоғырланатын өзге де қоғамдық орындар.
Полиция қызметкерлерінің жинақтаған дәлелдемесіне сәйкес, ұсталған келіндердің Алматы аумағында жасалған дәл осындай ондаған қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Қазір деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары қызу жүріп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:80
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Маусым 2026 15:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















