Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Алматыда Жер сағаты акциясының аясында TURAQTY JOL 7.0 жобасының ресми ашылуы өтті

Алматыда Жер сағаты акциясының аясында TURAQTY JOL 7.0 жобасының ресми ашылуы өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

28 наурыз күні  Almaty Theatre-да «Жер сағаты» халықаралық бастамасына орай  TURAQTY JOL 7.0 ұлттық әлеуметтік эконауқанының ресми ашылуы өтті. Кештің ең маңызды бөлігі – академиялық музыка мен экологиялық күн тәртібін ұштастырған  Symphony of Earth  акустикалық концерті болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

TURAQTY JOL – бұл өскелең ұрпаққа қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасы. Бағдарлама мәдени, адамгершілік және экологиялық құндылықтарды дәріптеу арқылы жүзеге асырылады. Жобаның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы, жоба ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен жүзеге асады. Эконауқанның бас серіктесі – «Банк ЦентрКредит» АҚ, ресми серіктесі – «Шеврон» компаниясы. 

Концерт unplugged форматында өтті: «Жер сағатын» қолдау мақсатында театр ғимаратындағы жарықтар сөндіріліп, бағдарлама электр энергиясын пайдаланусыз орындалды. Бұл формат табиғатты қорғау мен ресурстарды саналы пайдаланудың маңыздылығын жеткізуді мақсат етеді.

«ЦентрКредит Банкі үшін TURAQTY JOL жобасына қатысу – жай ғана экологиялық бастаманы қолдау емес. Бұл – ортақ құндылықтарға қосқан үлес: қоғам алдындағы жауапкершілік, болашаққа деген қамқорлық және саналы ұрпақты тәрбиелеу. Бүгін "Жер сағаты" акциясы  аясында  Giovani Talenti  оркестрі электр қуатын қолданбай, тірі акустикалық әуен сыйлады. Бұл әрбір дұрыс таңдау кішкентай қадамнан басталатынын тағы бір еске салды. Осындай жобалар жас буынның табиғатқа және ресурстарға деген жауапты көзқарасын қалыптастырады деп сенеміз», – деп атап өтті  Банк ЦентрКредиттің тұрақты даму (ESG) жөніндегі басқарма басшысы  Арнұр Ибраев.

Музыкалық бағдарлама барокко дәуірінен бастап, заманауи классикалық музыкаға дейінгі музыкалық тілдің эволюциясын кезең-кезеңімен бейнелейтін құрылымда ұсынылды. Бағдарламада қазақстандық композиторлардың шығармаларымен қатар, Иоганн Себастьян Бах, Антонио Вивальди, Арво Пярт, Астор Пьяццолла, Жюль Массне секілді әлемдік музыка классиктерінің туындылары орындалды.

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының  Giovani Talenti  жасөспірімдер камералық оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі Аршат Шәріптің айтуынша, бағдарламаның басты ерекшелігі – еуропалық және қазақ музыкалық дәстүрлерінің синтезі болды. Жас таланттар өнер мен тұрақты дамудың өзара үндестігін көрсетіп, экология тақырыбын дәріптеу арқылы қоғамға табиғатты аялаудың маңыздылығын жеткізді.

Концерттің солистері – мәдениет саласының танымал өкілдері: баяншы Ғалымжан Нарымбетов, скрипка өнерпазы Динара Базарбаева-Сахаман, қобызшы Айгерім Қарсақбаева және вибрафоншы Мұхаммедбатыр Балтабайұлы.

«Шеврон компаниясы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясымен он жылдан астам уақыт ынтымақтастықта болып, экологиялық білім беру және тұрақты даму саласындағы бастамаларды қолдап келе жатыр. Біз экологиялық мәселелерді – білім беру, мәдениет, шығармашылық және жастармен диалог сияқты әртүрлі қырынан қарастыру маңызды деп санаймыз. Сондықтан биыл TURAQTY JOL 7.0 эконауқанын музыкалық шара арқылы бастау идеясы бізге ерекше қызықты болып көрінді. Мұндай формат экологиялық күн тәртібін жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді және жас ұрпақты Жер мен оның ресурстарына жауапкершілікпен қарауға шабыттандырады», – деді  «Шеврон Евразия» компаниясының қоғамдық байланыстар жөніндегі кеңесшісі  Жанар Кошпанова 

Эконауқанның іске қосылуы аясында Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0 жобасына өтінім қабылдау басталды. Бұл бастама жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға және тұрақты даму саласындағы тәжірибеге бағытталған шешімдерді қолдау болып саналады. Жобаға 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады. Өтінім қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 28 наурыз бен 28 мамыр аралығы. Қорытынды кезең 26 шілде мен 1 тамыз аралығында Алматы қаласында иммерсивті білім беру лагері форматында өтеді. Қатысушылар командалық жобалармен жұмыс істеп, арнайы оқыту бағдарламасынан өтіп, өздерінің экологиялық бастамаларын әзірлейді. Жалпы, жүлде қоры 5 миллион теңгені құрайды. Бұл үздік жобалардың әрі қарай жүзеге асуына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:228
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Наурыз 2026 17:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары