Алматыдағы жалдамалы пәтерден притон табылды: полиция видео жариялады
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алматыда полицейлер "102" пультіне түскен хабарламадан кейін жалдамалы пәтерлердің бірінен притонды анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі дүйсенбі, 5 қазан күні кешке Instagram-да жариялады.
Бейнежазбаға берілген жазбада оқиға орнына келген "Буран-220" патрульдік экипажының қызметкерлері 20 мен 35 жас аралығындағы төрт әйелді анықтағаны айтылған.
"Алдын ала мәлімет бойынша: әрқайсысы өз рөлін атқарған – бірі әкімшілікпен айналысса, екіншісі тапсырыстар қабылдаған, ал қалған екеуі интимдік қызмет көрсеткен деп болжанады", - деп түсіндірді полиция.
Сонымен қатар барлық әйелдің Алматыға еліміздің әртүрлі өңірлерінен келгені атап өтілді.
"Олар Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жеке басы тексеріліп, барлық мән-жай мен заңсыз әрекетті ұйымдастырушылар анықталып жатыр", - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Тағы оқыңыз: Түнгі клубтардан қыз іздеген: Астанада екі апалы-сіңілі күйеулерімен бірігіп притон ұйымдастырған
Еске салайық, Астанада кәмелетке толмағандарды тарта отырып, притон ұйымдастырды деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Іс сотқа жолданды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:24
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 08:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















