Алматыға баласын емдетуге келген отбасын қорқытқан ер адам 10 тәулікке қамалды
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Алматыда баласын медициналық тексеруден өткізу үшін Павлодардан келген отбасын қорқытып, балағаттаған 31 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы полициясының мәліметінше, отбасы баласын медициналық тексеруден өткізу үшін қалаға келіп, пәтер жалдаған. Алайда баспана уәде етілген талаптарға сай болмаған.
"Осыған байланысты тұрғындар теріс пікір қалдырған. Бұдан кейін пәтер иесі оларға хабарласып, пікірді өшіруді талап еткен. Жанжалдың соңы балағаттау мен қорқытуға ұласқан", - деп жазылған хабарламада.
Алмалы ауданының полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар 31 жастағы ер адамды анықтады.
Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 19:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















