Петропавлда электрвелосипед мінген ер адам 20 тәулікке қамалды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Петропавл қаласында электрвелосипедті мас күйінде жүргізген ер адам 20 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция депаратменті таратқан мәліметке сәйкес, Ақмола облысының 37 жастағы тұрғыны Воровской көшесінде ұсталған. Полицейлер оны алдымен медициналық куәландыруға апарған. Сол жерде оның мас күйде болғаны расталды.
"Ер адамның көлік басқару құқығы болмағандықтан, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - дейді тәртіп сақшылары.
Осы орайда полиция электрвелосипедті мас күйде басқару ауыр жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін екенін ескертеді. Әсіресе қараңғы уақытта жоғары жылдамдықпен жүру және қорғаныс құралдарын пайдаланбау жүргізушінің өзіне де, айналадағы адамдарға да қауіп төндіреді.
Айта кетері, заң бойынша жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан асатын электровелосипедтерді басқару үшін "A1", "A" немесе "B" санатындағы көлік жүргізу куәлігі болуы қажет.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:42
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 14:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















