Алматылық электробустар алғаш рет Еуропа нарығына шықты
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фото: Falcon Eurobus
Алматыдан Германия астанасы Берлинге алғашқы бес электробус жөнелтілді. Еуропалық сертификаттардан өткен көліктер Берлиннің қалалық қоғамдық көлік бағыттарында жолаушылар тасымалдайды.
Жоба Сауда және интеграция министрлігі жүзеге асырып жатқан экспорттық акселерация бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Автобустар Германияға құрлық арқылы жеткізіледі. Берлиндегі көлік компанияларының бірімен жасалған келісімшарт бойынша жалпы саны 52 электробус жеткізіледі.
«Ақпан айында Мемлекет басшысы Пәкістанға ресми сапармен барды. Сол сапар барысында біз келісімге келіп, 600 автобус жеткізу туралы келісімшартқа қол қойдық. Биылғы қыркүйекке дейін Пәкістанға алғашқы 50 автобусты жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл ел үшін дәл осы дизайн сақталғанымен, рөлі оң жақта орналасатын арнайы үлгідегі автобустар әзірледік», дейді «Falcon Eurobus» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әділхан.
Олжас Бектенов: 2025 жылы IT экспортының көлемі 1,1 млрд долларға жетті
2018 жылы құрылған Falcon Eurobus бүгінде 10 түрлі заманауи электробус моделін жасап шығарады. Кәсіпорын қалалық, туристік және әуежайларға арналған арнайы автобустар өндіреді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Ресейге алғашқы қарбыз бен қауын өнімін экспорттай бастағанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:21
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Шілде 2026 09:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















