Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Алматылықтарға заң бұзушылар туралы шағымданғаны үшін ақша төленуде бюджеттің жартысы игерілді

Алматылықтарға заң бұзушылар туралы шағымданғаны үшін ақша төленуде бюджеттің жартысы игерілді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматыда 177 адам полицияға көмектескені үшін сыйақы алды. Оларға жалпы сомасы 9 миллион теңге төленді. Қандай құқықбұзушылықтар үшін ақша төленеді және полицияға көмектескені үшін қанша алуға болады – Tengrinews.kz анықтап көрді.

Алматыда 9 миллион теңге кімдерге төленді?

Алматы қалалық полиция департаменті Tengrinews.kz сауалына берген жауабында 2026 жылдың басынан бері 177 адам сыйақы алғанын хабарлады. ПД бұл жерде мәселе қоғамдық көмекшілер туралы болып отырғанын нақтылады.

Анықтама: Полицияның қоғамдық көмекшісі - қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге полицияға ерікті түрде жәрдемдесетін азамат.

"Бүгінде азаматтар мен қоғамдық көмекшілерге жалпы сомасы 9 миллион теңге төленді. Сыйақы мөлшері атқарылған жұмыс нәтижесіне байланысты және 20 000 мен 80 000 теңге аралығында", – деп хабарлады полиция.

Жыл басынан бері комиссия азаматтарды ынталандыруға қатысты 180-ге жуық материал алып, барлық өтінішті қарады. Ақшалай төлемдерден бөлек, полиция үш адамды грамотамен марапаттады, тағы 12 адам алғыс хат алды.

Қандай құқықбұзушылықтар анықталғаны үшін ақша төленеді?

Алматы ПД қоғамдық көмекшілер әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтауға жәрдемдескені үшін сыйақы ала алатынын айтты.

Атап айтқанда, полиция Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің келесі баптарын атады:

200-бап – "Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу"; 434-бап – "Ұсақ бұзақылық".

Анықтама: Ұсақ бұзақылық - бұл қоғамдық орындарда және желіде балағат сөздер айту, өтіп бара жатқан адамдарға тиісу және қоғамдық тәртіпті бұзатын басқа да әрекеттер.

440-бап – "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу"; 440-1-бап – "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну"; 450-бап – "Жеңгетайлықпен немесе жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету үшін көрінеу притондар ұйымдастыру немесе ұстау және үй-жайлар беру"; 461-бап – "Қорғау нұсқамасын бұзу"; 463-бап – "Тиісті тіркеусіз немесе рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу".

Бұл ретте әрбір құқықбұзушылыққа белгіленген нақты сома жоқ. Комиссия адамның полицияға нақты қалай көмектескенін, алдын алу шараларына қанша уақыт қатысқанын және қандай нәтижелерге қол жеткізгенін бағалайды.

Ақша қоғамдық көмекшілерге үш айда бір рет аударылады.

Алматыда тағы қанша қаражат бөлінді?

2026 жылы қала полицияға көмектескен азаматтарды ынталандыруға 18 миллион теңге қарастырған. Бұл соманың 9 миллион теңгесі жұмсалды. Қалған жартысын жыл аяғына дейін игеру жоспарланған.

Сонымен қатар департамент алдын ала мәлімет бойынша, 2027 жылы қала тағы 18 миллион теңге бөлуді көздеп отырғанын хабарлады.

Қанша қазақстандық полицияға көмектескені үшін ақша алады?

ІІМ мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері 5300 қазақстандық қоғамдық көмекші мәртебесін алған.

Анықтама: Қазір Қазақстанда 9,9 мың қоғамдық құрылым бар. Салыстырмалы түрде: 2025 жылы олардың саны 4,6 мың болған.

Министрлік деректеріне сәйкес, олардың көмегімен полицейлер 265 қылмыстық құқықбұзушылықты ашып, 19,9 мың әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесті. 2025 жылы бұл көрсеткіш тиісінше 183 және 11,8 мың болған.

"Биыл 9 айда 2252 қоғамдық көмекші ынталандырылды, оның ішінде 1801 азамат сыйақы алды", - деп хабарлады ІІМ.

Сондай-ақ біз қоғамдық көмекшілердің өз өкілеттіктерін асыра пайдалану жағдайлары тіркелді ме сұрадық.

Министрлік 2025–2026 жылдар аралығында мұндай деректер тіркелмегенін хабарлады.

Кімдер полицияның қоғамдық көмекшісі бола алады?

2026 жылғы 2 наурызда "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заң күшіне енді. Ол полицияның қоғамдық көмекшілерінің өкілеттігін кеңейтіп, құқықбұзушылықтардың алдын алуға қатысқаны үшін ақшалай көтермелеуді қарастырды.

ІІМ-нің 2026 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына сәйкес, Қазақстанның кәмелетке толған азаматы келесі талаптарға сай болса, полицияның қоғамдық көмекшісі бола алады:

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында болмаса; Профилактикалық есепте тұрмаса; Өтініш бергенге дейінгі бір жыл ішінде қасақана құқықбұзушылық жасағаны үшін сот тағайындаған әкімшілік жаза алмаған болса; Наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрмаса; Сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылмаған. Өтінішті қалай беруге болады?

Ол үшін полицияға өтініш пен жеке куәлік көшірмесін тапсыру қажет. Егер үміткердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлігі болса, оны да ұсыну керек.

Полиция қызметкерлері үміткерді тиісті есептер бойынша тексереді. Егер бас тартуға негіз болмаса, полиция құжаттарды әкімдікке жолдайды. Әкімдік оларды жеті жұмыс күні ішінде қарап, қоғамдық көмекші ретінде тіркейді. Осыдан кейін полиция оған үш жыл мерзімге куәлік береді. Егер өтініш қабылданбаса, адам бас тарту себебін жойғаннан кейін қайта жүгіне алады.

Қоғамдық көмекшілер патрульдеуге қатыса алады, полицияға құқықбұзушылықтарды анықтауға және жоғалған адамдарды іздеуге көмектеседі.

Сондай-ақ заң басқа әдістер көмектеспеген жағдайда, оларға құқықбұзушылықтың жолын кесу немесе тәртіп бұзғандарды ұстау үшін күш қолдануға рұқсат береді. Бұл ретте олардың қажетті шаралардан асуға немесе полиция қызметкерлерін алмастыруға құқығы жоқ.

Ал қарапайым азаматтарға құқықбұзушылықты анықтағаны үшін сыйақы беріле ме?

Бұған дейін сыйақыны полиция көмекшілері ғана емес, фото және видео арқылы құқықбұзушылық туралы хабарлаған қарапайым азаматтар да ала алатынын жазған едік.

Адам әкімшілік құқықбұзушылықты түсіріп, материалдарды өтінішпен бірге уәкілетті органға жібере алады. Бұл ретте өтініш берушінің материалдары ақпараттың бастапқы көзі болуы тиіс.

Әрбір видео үшін ақша төленбейді. Алдымен мемлекеттік орган жазбаны тексеріп, құқықбұзушылықты растайды. Содан кейін құқық бұзушы айыппұлды толық төлеуі тиіс. Осыдан кейін ғана комиссия сыйақы беру мәселесін қарастырады.

Алматыда әкімдік азаматтарды ынталандыру ережелерін 2026 жылғы 23 маусымда бекітті. Алайда полиция департаменті фото және видео арқылы тіркелген заңбұзушылықтар үшін қанша тұрғын төлем алуға жүгінгенін және кімге ақша берілгенін нақтыламады. Астанада осындай ереже 11 шілдеден бастап күшіне енді. Елорда әкімдігінің Tengrinews.kz-ке хабарлауы бойынша, әзірге ешкім фото мен видео үшін сыйақы алған жоқ. Аудандық комиссиялар полицияның қоғамдық көмекшілерін ынталандыруға қатысты материалдарды қарағанымен, мұндай өтінімдерді әлі талқыламаған.

Бұған дейін ІІМ Tengrinews.kz-ке Қазақстанның 13 өңірінде азаматтарды ынталандыру ережелері бекітілгенін хабарлаған болатын. Бұл ретте сыйақы мөлшері мен шарттары әртүрлі болуы мүмкін: оларды жергілікті әкімдіктер белгілейді.

Тағы оқыңыз: Құқық бұзушылықтың фото және видеосы үшін сыйақы: оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады?

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары