Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Алтынай Нөгербек: Актер кәсіби шеберлікпен қатар, адами қасиетін де жоғалтпауы керек

Алтынай Нөгербек: Актер кәсіби шеберлікпен қатар, адами қасиетін де жоғалтпауы керек

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты,  Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртісі Алтынай Нөгербек үшін театр – ұлы ұстаздардан үйренген мектеп пен сахнадағы үздіксіз ізденіс тоғысқан рухани әлем, актерлік шеберлік пен адамдық болмыстың қатар қалыптасатын кеңістігі.

– Алтынай ханым, өнер адамына тән сезімталдық сізде бала кезден көріне бастады ма? Сол уақыттан қандай сәттер есіңізде?

– Балалық шақ – адамның ең бақытты, ең ыстық кезеңі. Балалық шағым ерекше естеліктерге толы. Ата-анам өнер адамдары болғандықтан театр мен кино әлеміне жақын болып өстім. Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында жұмыс істейтін көптеген үйірмелерге қатыстым. Соның ішінде «Ақ көгершін» би ансамблінде билеп, қолөнермен айналысып, бассейнге де бардым. Ата-анам мені жан-жақты болуға тәрбиеледі. Ол кезде үйірмелердің барлығы тегін болатын, балаларға жасалған мүмкіндік те мол еді.

 Өнер жолын таңдау туралы нақты шешімді 9-сыныпта қабылдадым. Оған дейін мектептегі түрлі қойылымдарға қатысып, сахнаға қызығушылық танытып жүретінмін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құрманбаева Гүлтас апайымыздың жетекшілігімен «Абай – Тоғжан» спектаклінде Тоғжан рөлі, «Өлімді жеңген ана» қойылымында ана рөлін көрсетіп, алғашқы тәжірибемді жинақтадым.

 Ал сахнаға деген шынайы махаббатым «Ақ көгершін» би ансамбліндегі шығармашылық жолыммен тығыз байланысты. Соның арқасында көптеген концерттік жобаларға қатысып, тіпті Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның кештерінде өнер көрсету бақыты бұйырды. Сахнаның ерекше атмосферасын, көрерменнің ықыласын сол кезде сездім. Сондықтан сахнаға деген сүйіспеншілігім бала кезімнен қалыптасты десем, артық айтқандық емес.

 9-сынып оқып жүргенімде Алматы қаласында өткен Ғабит Мүсірепов атындағы театр фестиваліне көрермен ретінде бардым. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген театр ұжымдары өз спектакльдерін ұсынды. Солардың ішінде Жезқазған қаласынан келген театрдың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымы маған ерекше әсер қалдырды. Спектакльді тамашалап отырған сәтте менің ішкі дүнием де өзгерді. Сахнадағы актерлердің шынайы ойыны мені ерекше әсерге бөледі, солар секілді өнер көрсетіп, көрермен жүрегіне жол табуды армандай бастадым.

Қойылымның режиссері Жанат Хаджиев еді. Қодар бейнесін сомдаған Қонысбек Бекайдаровтың, Баян образын шеберлікпен жеткізген, бүгінде өзімнің әріптесім атанған Карина Зибагүл Жақсылыққызының, сондай-ақ Қозы рөліндегі марқұм Жоламан Базарқұловтың актерлік шеберлігі мені ерекше тәнті етті. Сол қойылымнан алған әсерім әлі күнге дейін жадымда жаңғырып тұрады. Дәл сол сәттен болашағымды театр өнерімен байланыстыруға түпкілікті шешім қабылдадым.

– Сіз Алматының тумасысыз, өнердің ордасы Жүргеновте оқыдыңыз. 1997 жылы бәрін тастап, ол кезде әлі мәдени ортасы қалыптаспаған, суық әрі беймәлім Астанаға (сол кездегі Целиноградқа) көшіп кетуге не түрткі болды?

– Біз білім алған жылдары жас мамандарға деген сұраныс жоғары болатын. Театр оқуын аяқтап жатқан түлектерді облыстық театрлар арнайы шақырып, жұмысқа қабылдауға қызығушылық танытатын. Менің дипломдық спектаклімді көрген белгілі театр қайраткері, марқұм Қадыр Жетпісбаев жаңадан ашылып жатқан қазіргі Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрына, яғни бас қалаға қызметке шақырды.

 Шыны керек, Астана қаласын таңдауыма ата-анамның ықпалы болды. Олар «Тобыңнан қалмай бар. Бірге оқыған курстастарыңмен өнер жолын бірге бастағаның дұрыс», – деп ақыл-кеңесін айтты. Мен үшін бұл шешім оңай болған жоқ. Туып-өскен Алматымды, ата-анамды, туған ортаны қимай, біраз уақыт ойландым. Дегенмен өнер жолындағы жаңа белеске қадам басып, Астанаға келуге бел будым. Сол кездегі театрдың көркемдік жетекшісі, бас режиссері Қадыр Жетпісбаев ағайымызды бізді ерекше қарсы алды. Жас маман ретінде жақсы мүмкіндіктер жасалды.

 Бүгінде сол шешіміме еш өкінбеймін. Керісінше, егер сол кезде Алматыда қалып қойғанымда, өмірім мен шығармашылық жолым дәл бүгінгідей өрбіді ме, жоқ па – оны дөп басып айту қиын. Мен осы театрмен бірге өсіп, бірге қалыптастым, бірге қанат жайдым десем болады. Жас маман ретінде театр табалдырығын жаңа аттаған жылдары ұлы режиссер, Қазақстанның халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетов те театрда қызмет етті. Осындай алып тұлғамен бір ұжымда жұмыс істеу, оның шығармашылық ортасында шыңдалу маған үлкен мектеп әрі баға жетпес бақыт болды. Оның өнерге деген көзқарасы, талапшылдығы мен кәсіби ұстанымы менің актерлік шеберлігімнің қалыптасуыма зор әсер етті.

– Театр – бұл тек шығармашылық емес, бұл – үлкен ұжым, бір отбасы, тіпті бәсекеге толы орта. Кейде бір рөлді ойнауға бірнеше актер дайындалады, бірақ сахнаға біреуі ғана шығады. Мұндай жағдайда кәсіби өкпе мен адами қарым-қатынастың ара-жігін қалай ажыратуға болады?

– Өнер адамдарының арасында шығармашылық бәсекелестіктің болуы – қалыпты құбылыс. Тіпті оның болғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі бәсекелестік болмаса, актердің кәсіби тұрғыдан өсуі де баяулауы мүмкін. Мысалы, спектакльдерде екі құрам болған кезде бір құрам сахнаға шықса, екінші құрам көрермен ретінде бақылап отырады. Сол кезде әріптестеріңнің жұмысын көріп, өзіңе қажетті дүниелерді түртіп алып, жаңа қырынан ой түйесің. Бұл актердің кәсіби дамуына үлкен әсер етеді. Ал үнемі сахнада болып, өз жұмысыңа сырт көзбен қарауға мүмкіндік болмаса, мұндай бақылау мен талдау да азаяды.

 Театрдағы алғашқы жылдарымда өзімді дамыту үшін түрлі тәсілдерді қолдандым. Сол кезде теледидар саласында жұмыс істейтін Сәкен деген ағамнан кешкі дайындықтарда менің сахнадағы жұмысымды бейнетаспаға түсіріп беруін өтінгенмін. Кейін үйге барып, жазбаны қайта-қайта қарап, өз қателіктерімді байқап, «мына тұсты басқаша жасау керек екен», «мына ракурс жараспайды екен» деп өз-өзіме талдау жасайтынмын. Менің кәсіби қалыптасуымда сол өзін-өзі бақылау мен сараптаудың пайдасы тиді.  Қандай жағдай болмасын, әрбір адам адамгершілігінен айнымауы керек. Сондықтан кәсіби шеберлікпен қатар, адами қасиеттерді де жоғалтпау өте маңызды деп санаймын. 

– Әріптестер арасында қандай да бір келіспеушілік болған жағдайда, оны сахна сыртында қалдырып, көрермен алдында шынайы образ жасау қаншалықты қиын? Бұл актерден қандай кәсібилікті талап етеді?

 – Менің ойымша, бұл – ең алдымен кәсібиліктің көрсеткіші. Актер қандай жағдай болмасын жеке өміріндегі мәселелерді, көңіл күйін немесе сырттағы қиындығын сахнаға алып шығуға құқылы емес. Себебі біз ең алдымен қойылымды көрермен үшін жасаймыз. Көрермен біздің жеке проблемаларымызды көру үшін емес, өнерден әсер алу үшін келеді.

Театрда түрлі форс-мажор жағдайлар болып тұрады. Алайда көрермен оны сезбеуі керек, тіпті оның болғанын да білмеуі тиіс. Сахнаға шыққан сәттен бастап актер барлық жеке мәселесін сыртта қалдырып, өз рөлінің өмірін сүруге міндетті. Өзін шынайы артист санайтын адам осы қағиданы берік ұстануы қажет. Өйткені кәсібилік дегеніміз – қандай жағдай болса да көрермен алдындағы жауапкершілікті бірінші орынға қоя білу. Егер актер осы талаптан аттаса, онда оның кәсібилігіне де сызат түсе бастайды.

– Сіз Әшірбек Сығай мен Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасын қызыл дипломмен бітірдіңіз. Бұл – үлкен мақтаныш, бірақ сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Ұстаздарыңыз сіздің сахнадағы немесе кинодағы қай рөліңізге ең ауыр, ең ащы сын айтты және ол сын сізді қалай өзгертті?

– Әрине, есімде. Соңғы жылдары Әшірбек ағайымыз біздің театрда кеңесші қызметін атқарып, екі апта сайын көрген спектакльдеріне сараптама жасап, өз бағасын беріп отыратын.  «Сәкен-Сұңқар» спектаклін қойған сәттер әлі күнге дейін жадымда. Премьера күні ағай қоңырау шалып, келе алмайтынын айтты. Дегенмен дайындық барысын көріп үлгеріп, спектакльдің ойдағыдай шыққанын, Сырым екеуінің дуэті өте сәтті болғанын айтып, бізді ерекше жігерлендірді. Сол сөздер маған үлкен шабыт берді.

 Сондай-ақ, Мұхтар Әуезов атындағы театрда қойылымдар сахналаған кезде Тұңғышбай ағамыздың «Қымбатты Памелла» спектаклінен кейін сахна сыртына келіп, құшақтап құттықтағаны – мен үшін өте әсерлі, ұмытылмас сәттердің бірі болды.

 Жалпы, ашық сын айтылған жағдайлар көп болды деп айта алмаймын. Білім алып жүрген кезеңде көбіне бағыт-бағдар беріліп, қателіктеріміз түзетіліп отырды. Театрда әріптестер арасындағы этика да маңызды рөл атқарады. Өйткені әр спектакльдің өз режиссері бар, ол – бүкіл шығармашылық процестің капитаны. Ал актер, жарық қоюшы, дыбыс маманы, костюмер – барлығы бір команда.

 «Қаракөз» спектаклі кезінде мен екінші құрамда бекітілген едім. Дайындық барысында Қаракөз рөлін марқұм Шолпан Мұқышева, сондай-ақ Мұрат Насипов, Сырым, Қуандық Қыстықпай сынды актерлермен бірге сахнада жұмыс істедік. Сол сәттердің бірінде ұлы режиссер Әзірбайжан Мәмбетов сахна жанында менің бақылап тұрғанымды байқап, жаныма келді. Ол кісі курстасым Мұраттың жұмысын меңзеп: «Көрдің бе, сенің курстасың бұл рөлді қалай ойнап жатыр? Бұл – дайын қалыптағы рөл емес, ол оны өзі жасап алды. Сен де дәл осылай ізденіп, жұмыс істеуің керек», – деп кеңес берді.

Әзірбайжан Мәмбетовтің жеке келіп пікір айтуы мені ерекше жігерлендірді. Ұлы тұлғаның мені жас актриса ретінде қабылдауы шығармашылық жолымдағы сенімімді арттыра түсті. Сонымен қатар әріптестерімді жоғары бағалап, олардың еңбегін мойындауы да үлкен әсер қалдырды.

– Театрдың қазіргі жағдайы мен дамуы туралы не ойлайсыз?

– Театрды жақсы көргендіктен, оның бүгінгі тынысы мен дамуына бейжай қарай алмаймыз. Қазір театрдың мүмкіндігі бұрынғыға қарағанда кеңейген. Мемлекет қарамағына өткеннен кейін жағдайымыз да біршама жақсарды деп айтуға болады. Дегенмен, әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстар аз емес.

 Ең маңызды мәселе – театрдың бағыты мен репертуарлық саясаты. Егер репертуарлық саясат дұрыс жүйеленсе, көрермен саны да артады, театр ұжымының да дамуына, жаңа мамандардың тартылуына жол ашылады. Бұл өз кезегінде театрдың жалпы деңгейіне тікелей әсер етеді.

– Бүкіл Қазақстан ғана емес, әлемдік аудиторияны да елең еткізген «Бітім» фильмі көрерменді бейжай қалдырмайтын терең мазмұнды туынды. Сюжеті ауыр болғанымен, халқымыздың тарихындағы ең күрделі кезеңдерді шынайы әрі көркем түрде бейнелейді. Сіз кастинг арқылы өттіңіз бе, әлде арнайы шақыртумен бе? Дайындық процесі қалай жүрді, оған қанша уақыт кетті? Премьерадан кейінгі алғашқы әсеріңіз қандай болды?

 – Кастинг арқылы өтіп, оның процесі өте ұзақ болды. Рөлім үлкен емес, эпизодтық деңгейде. Өз басым рөлдің көлемінен гөрі, қай жобада және қандай ортада жұмыс істегенім маңыздырақ. Әрине, экрандағы бейнең ұзақ сақталғанын кез келген актер қалайды. Алайда осындай тарихи жобада бой көрсетуімнің өзі – үлкен мәртебе. Өйткені бұл – көпшілік біле бермейтін тарихи оқиғаларға негізделген туынды.

 Фильмнің негізгі желісі бойынша, екі испан офицері – лейтенант Сагальдо мен капитан Рейес – Қарағандыдағы еңбекпен түзеу лагеріне түседі. Азаматтық соғыс кезінде олар бір-біріне қарсы жақта болғанымен, лагерьдің қатал жағдайында аман қалу үшін бұрынғы жаулықтарын ысырып қойып, бірігуге мәжбүр болады.

 Қазіргі әлемдегі болып жатқан жағдайларға қарап, осы идея – түсінісу мен бітімге келу қажеттілігі – ерекше өзекті екенін сезінесің.

– Театрдың қазіргі жағдайы мен дамуы туралы не ойлайсыз?

– Театрды жақсы көргендіктен, оның бүгінгі тынысы мен дамуына бейжай қарай алмаймыз. Қазіргі таңда театрдың мүмкіндігі бұрынғыға қарағанда кеңейген. Мемлекет қарамағына өткеннен кейін жағдайымыз да біршама жақсарды деп айтуға болады. Дегенмен, әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстар аз емес.

 Ең маңызды мәселе – театрдың бағыты мен репертуарлық саясаты. Егер репертуарлық саясат дұрыс жүйеленсе, көрермен саны да артады, театр ұжымының да дамуына, жаңа мамандардың тартылуына жол ашылады. Бұл өз кезегінде театрдың жалпы деңгейіне тікелей әсер етеді.

–        Сұхбатыңызға рақмет!  

Сұхбаттасқан – ЕҰУ-нің студенті Айгерім Сұлтанғали

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 21:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары