Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Нұрқанат Жақыпбай, актер, режиссер: Біз өнерге де, көрерменге де қарыздармыз

Нұрқанат Жақыпбай, актер, режиссер: Біз өнерге де, көрерменге де қарыздармыз

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Біз осы орайда  белгілі режиссермен Жастар театрының бүгіні, тұлғаның өнердегі ұстанымы мен режиссерлік шешімдеріне қатысты әңгіме өрбіткен едік.

– Нұрқанат аға, сұхбатымызды сіздің репертуар таңдауыңыздан бастасақ. Сахналанатын шығарманы қалай таңдайсыз? Көрерменге оны қалай ұсынғыңыз келеді? Шығарма таңдауда тақырыптың өзі маңызды ма, әлде өзектілігі бірінші орынға шыға ма?

– Репертуар таңдау – бұл өте күрделі әрі ұзақ ойлануды талап ететін процесс. «Күн сайын пьеса оқимын» деп айта алмаймын, бірақ менің басты бағдарым – көрермен. Театрда қойылымдар жүріп жатқанда, мен залда отырып көрерменді бақылаймын. Маған олардың реакциясын көру өте қызық. Кейде тіпті кабинетімнің терезесінен сырттағы халыққа көз тастап тұрамын. Бүгінгі келген контингент кімдер, орта жастағылар ма, әлде жастар ма деп. Сондай-ақ спектакль кезінде көрерменмен бірге отырып, олардың қойылымға қалай кірігіп кеткенін аңғарамын. Сол сәттегі көрерменнің реакциясын іштей сараптаймын, есептеймін, қорытынды жасаймын. Адамдарға қандай шығарма керек? Бүгінгі қоғам қандай ойда жүр? Осының бәрін мұқият бағдарлаймын. Біз жылына 3 спектакль қоюға міндеттіміз. Сондықтан көп толғанасың. Қойылым аяқталғанда, көрерменнен бұрын сыртқа шығып, фойеде жүремін. Шығарма бүгінгі көрерменге ұнады ма, олар мәз-мейрам болып шықты ма – соның бәрі көз алдымнан өтеді. «Келесіде мынадай дүниені қойсам ба екен...» деп ойлана бастаймын.

Екінші жағынан, бүкіл Қазақстан бойынша жүріп жатқан репертуарларды да үнемі қадағалап отырамын. Өкінішке қарай, қазір біздің театрларда бір әдет пайда болды. Бір театр сәтті бір шығарма қойса, бүкіл театр соның артынан жабы­сып алады. Мен мұндай қайталаудан қашамын. Неге біздің режиссерлер ізденбейді? Қуанышбаев немесе Әуезов театры сахналаса, облыстық, қалалық театрлар соны айна-қатесіз қайталай салады. Бұл дұрыс емес. Мұндай көшірме дүниелер елді жалықтырады. Астана мен Алматыдағы ірі театрлардың қойғанын айнытпай қайталап қою – жаман үрдіс, бұл белгілі бір мағынада өнердегі ұрлық болып саналады.

Жас кезімде Әуезов пен Мүсірепов театрларының қойылымдарын көріп өстім. Әзірбайжан Мәмбетовтың репертуары бізді тәрбиеледі. Кеңес заманында ұлы жазушылар болды, солардың шығармалары қойылды. Сондай-ақ сол кезеңде Шыңғыс Айтматовтың дәуірі туды. Әзекең Айтматовтың шығар­маларын түгел сахналады десе де болады. Сол кезде әр облыста бірдей театр бола бермейтін, бірақ бар театрлардың өзі Әзекеңнің қойған дүниелерін түгел көшіріп алып, қайта қоятын. Сөйтіп, қазақ театр өнері белгілі бір дәрежеде деградацияға ұшырады. Кейде іштей: «Егер де сол кезде басқа театрлар Әзекеңнен айнытпай көшіріп қоймағанда, ол кісі ұзағырақ тірі жүрер ме еді...» деп армандаймын. Меніңше, Әзекең аман болғанда, осы заманға да арнап  керемет спектакльдер қояр еді.

– Сонда Әзірбайжан Мәмбетовтің қойғандарын басқа театрлардың айнытпай қайталағаны ол кісінің жүрегіне салмақ түсірді деп ойлайсыз ба?

– Жоқ, олай кесіп айтпас едім, бірақ ішінде өкініш пен өзіндік реніш жүргені анық. Ол кісі ешқашан ешкімге «Көшіріп қойыпсың» деп бетіне басып айтпайтын қызық кісі еді. Бұл – менің жеке ойым.

Соңғы уақытта көптеген театрда «Қыз Жібек» қойыла бастады. Оны мен де сахналадым. Бірақ театрды жаңадан ашқан кезден-ақ мен бұл шығарманы мүлде бас­қаша қоюды мақсат еттім. Бұл ретте Әділмен, Дәуренмен және басқа да шәкірттеріммен ақылдастым. «Қыз Жібектің» операсы да, драмасы да бар. Мен композитор мен автордың жазған түпнұсқасына тиіспедім, сөзін де, әнін де өз орнында қалдырдым. Алайда оны мюзикл форматына келтірдім. Жай ғана аранжировкасын өңдеп, зама­науи ырғақ қостым.

Айталық, спектакльде Қыз Жібектің «Жайықтың жағасында» деген ариясы бар. «Жайық жағасында» деп тұрғаннан кейін, ол жерде қайық болуы заңдылық қой? Содан мен мезансценаны былай шештім. Жібекті жанындағы нөкерлерімен бірге үлкен қайықтың үстіне отырғыздым. Тұтас сахналық көрініс Жайықтағы қайықтың үстінде өтеді. Режиссер ретінде бұл шешімім өзін толық ақтады деп есептеймін. Кө­рерменнің қызығушылығын тудырған да осы ерекшелік болды. Егер актерлер жай ғана атпен жүрсе, бұл соншалықты әсерлі болмас еді. Мен мұны «сұмдық керемет жасадым» деп мақтанбаймын, бірақ режиссерлік шешім ретінде дұрыс қадам болды.

Бұл қойылым тек біздің елімізде емес, шетелде де үлкен резонанс тудырды. Гастрольдермен көп жерді араладық, беделді фестивальдарға қатыстық. Оңтүстік Кореяның бұрынғы астанасы Тэгу (Даегу) қаласында Америкадан кейінгі әлемдегі ең үлкен Бүкіләлемдік мюзикл фестивалі өтеді. Соған біз «Қыз Жібегімізді» алып бардық. Пандемия кезінде ұйымдастыру­шылар хабарласып: «Өткенде түсіріп алған спектакльдеріңізді интернет арқылы бүкіл әлемге таратсақ, рұқсат бересіздер ме?» деп өтініш білдірді. Біз келістік. Өйткені ол фестиваль екі жылда бір өтеді де, бір жылдан соң қорытындыланады. Сонда әлем халқының дауыс беруі бойынша біз­дің «Қыз Жібек» Ұлыбританиядан (Англия­дан) кейінгі екінші орынды иеленді. Бұл біз үшін, қазақ өнері үшін үлкен мақтаныш болды.

– Жастар театрының актерлерін жиі «бір үйдің балаларындай» немесе «бір ансамбльдің мүшелеріндей» деп сипаттап жатады. Сіз бұл «ансамбльді» қалай ұйымдастырдыңыз, олардың арасындағы мұндай ауызбіршілік пен ішкі байланыс қалай қалыптасты?

– Олардың бәрі – өзімнің балаларым, өзім оқытқан шәкірттерім. Театр ашылғалы бері осы уақытқа дейін Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясынан жеті буын шәкірт бітіріп шықты. Мен өзім де сабақ бердім. Олар оқудың үш жылын аяқтаған соң театрда тәжірибеден өтеді, ал төртінші курста осы жерге келіп дипломын қорғайды. Содан кейін осы театрда жұмысқа қалып жатады.

– Содан соң олардың бәрін бір театрға сыйғызу мүмкін бе?

– Сыяды. Әрине арасында жарамай, талапқа шыдай алмай кетіп қалатындары да болады. Өйткені театрға келгенде актерлер әбден екшеледі. Біздің жұмыс кестемізде демалыс деген ұғым жоқ. Бірге жұмыс істейміз. Тіпті процесс қызық болып жатса, театрда қона салып, жұмысты  әрі қарай жалғастыра береміз. «Кеш болды, қайтатын уақыт жетті» деген сөз бізде атымен жоқ. О баста-ақ солай қона жатып жұмыс істейтінбіз. Қазір де ізденіс үстінде тоқта­маймыз, ешкім «үйге қайтайықшы» демейді. Әрине қазір балалардың бәрі үйлі-баранды болды.

Театрдың жұмысы – жанкешті еңбек. Жақсы спектакль шығу үшін труппада жақсы ұжымдық атмосфера болуы керек. Ұрыс-керіс басталған жерде театр өледі, одан көрермен қашады. Көрермен оны ашық түсінбесе де, ішкі түйсігімен сезеді, кері итеруші күш пайда болады. Ал егер сахнада адал, жанкешті еңбек болса, актер­лер бір үйдің баласындай бірігіп тұрса, ол аура көрерменге де беріледі. Менің шәкірт­те­рім менің айғайымды да, «айналайы­ным­ды» да жақсы біледі. Әке-шешесі оларды қалай қабылдаса, мен де оларды солай қабылдаймын.

Жалпы біздің Жастар театры сахнаға үлкен үрдіс алып келді. Қазір облыс орта­лықтарында да жастар театрлары ашыла бастады. Себебі жастардың өзі де театр өнерінде серпіліс, өзгеріс болғанын қалады. Кейбір облыстарда жергілікті бюджеттің көмегімен, кей жерде жеке театрлар ретінде жастар труппалары ашыла бастады. Қысқасы, бұрыннан келе жатқан сірескен, тұрып қалған қағидалар өзгерді.

– Қазір заман өзгерді, онлайн дәуір орнады, әлеуметтік желілер дамыды. Бұрын адамдар тек театрға келетін болса, қазір сіздерде бәсекелес көп. Сіздер көрерменді қалай тартып жатырсыздар? Байқасақ, Жастар театрының жарнамасы да көп емес. Көрермендеріңіз уақытпен бірге қалыптасқан таңдаулы аудитория ма?

– Мен тақырып таңдауда өте кірпиязбын. Тақырыпты алған соң, оның мазмұны мен ішкі мәні терең болуға тиіс. Мысалы, бұрын қойылған шығармаларды алсам да, оны мүлде басқаша сахналаймын. Айталық, Тахауи Ахтановтың «Махаббат мұңы» пьесасы. Баяғыда өзім соның ішінде актер болып ойнағанмын, музыкасын Нұрғиса Тілендиев жазған еді. Махаббат деген сезім қазір де бар ғой. Мәселе, ол кездегі махаббаттың сипаты басқаша болған шығар, бірақ негізгі түйіні өзгерген жоқ. Ескі социализм кезінде жазылған шығарма болса да, оны толықтай өзгертіп, заманауи тілде қайта жасап шықтық. Қазір сол қойылым көрерменнің ең сүйікті пьеса­ларының біріне айналды.

Немесе Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармашылығын негізге ала отырып, «Жанпида» деген пьеса құрастырдым. Айтматовтың синопсисіне Оралхан Бөкей мен Роза Мұқанованың шығармаларын да қостым. Көрермен залда отырғанда бұл екі жазушының да қолтаңбасын аңғарып танып отырады, бірақ мұның бәрі Айтматовтың әлемі екеніне кәміл сенеді.

– Бұл режиссерлік эксперимент пе?

– Жоқ, мұны эксперимент деп айтпас едім. Бұл – менің жан дүнием. «Эксперимент жасадым» деп мақтанудан аулақпын, бұл – ішкі толқынысымның жемісі. Біз бұл спектакльді шетелдерге алып бардық. Ешқандай  сыни ескертпе  болған жоқ. «Мынау неге басқа арнаға бұрылып кеткен?» деген сөзді ешкім айтпады. Қырғызстанда өткен фестивальда бірнеше рет Гран-при алды. Сонымен қатар қырғыздың қазіргі белгілі жазушысы Сұлтан Раевтың «Меккеге барар ұзақ жол» деген шығармасын «Жұмаққа барар ұзақ жол» деп өзгерттік. Бұған автордың өзі де келісті. Бұрын біздің танымымызда Мекке өте қолжетімсіз, қасиетті ұғым еді. Ал қазір Меккеге адамдар күнде барып-келіп жатыр ғой. Біздің әкелеріміз Меккені тек армандап өтті, ақыры бара алмай кетті. Содан мен: «Жұмаққа барар ұзақ жол» десек қалай болады? Меккеге бару – жұмақтың шетін көргендей әсер береді ғой» деп ойландым. Автор мұны естігенде «Шынында да ұрымтал, өте дұрыс табылған атау екен» деді. Мәселе атауында емес, заттық мазмұнында тұр ғой.

Қазір көрерменде таңдау бар. Тіпті арнайы қалыптасқан көрермен тобы пайда болды. Менің аңғарғаным, біздің театрға ескі вокзал жақын орналасқан ғой. Көкше­тау, Қостанай, Павлодардан тұрғындар «Тальго» пойызымен арнайы келеді. Тек біздің спектакльді көреді де, сол түнде по­йыздарына отырып кері қайтады. Бұл – театрға деген адал көрерменнің қалыптас­қанының көрінісі.

– Шекспир, Мольер, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов сияқты тұлғалардың шығармашылығы – классика. Неге классикалық дүниелер ешқашан сәннен қалмайды? Тәуелсіздік дәуірінде аты жарқырап шыққан туындылар неге аз, бар болса да неге сахнада ұзақ өмір сүрмей, тез түсіп қалады? Әлде уақыт пен көрерменнің талабына тек классикалық шығармалар ғана жауап бере ала ма?

– Мен де бұл туралы көп ойландым. «Неге біз үнемі классикалық драматургияға сүйене береміз?» деген сұрақ мені де жиі толғандырады. Себебі классикада драматургияның мықты өзегі бар. Онда белгілі бір оқиға басталады да, сол арқылы тұтас бір өмірді көз алдыңнан өткізесің. Ал қазіргі драматургияда оқиға әртүрлі бағытқа шашырап кетеді: басталады, бірақ логикалық түйініне жетпей, аяқталмай қалуы мүмкін.

Классикалық шығармаларда басқаша. Мысалы, махаббат тақырыбын алсақ, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Қарагөз»... Бұл шығармалар толықтай, әбден пісіп-жетіліп жазылған. Оқиға желісі басталғаннан аяқталғанға дейін бұзылмайды, мазмұны өте мағыналы, кейіпкерлердің бейнесі сом, яғни төрт құбыласы түгел. Драматургияның барлық заңдылығы сақталған. Ал қазіргі драматургияның басы қалай басталып, аяғы қалай бітетіні белгісіз болып жатады. Өкінішке қарай, қазір арамызда «сұмдық керемет драматургия бар» деп айта алмаймын.

Сондықтан қазір театрлар бұрын жазылған повестер мен романдарды инсце­нировка жасап қоюға көшті. Мысалы, Кеңес заманында жазылған «Қан мен тер» сияқты туындылар қайтадан сахналана бастады. Режиссерлер өздеріне керекті мағынаны сондай ірі шығармалардан тауып жатыр. Қазіргі Тик-ток заманының жаста­ры оны толық түсіне қояр ма екен деген де ой келеді, бірақ драматургияның жұтаңдығы бәрібір байқалады. Нағыз кіршіксіз махаббатты көрсеткің келеді, бірақ ауыз толтырып айтатын сапалы мәтін таппай қиналасың.

Классиканың тағы бір басты ерекшелігі, онда сахнада ауыз толтырып айтатын терең тексттер, яғни қуатты монологтар, мағына­лы диалогтар бар. Бұрынғы заманда драматургия деген үлкен өнер болған. Шекспир – мәң­гілік. Олар арнайы драма­тургия заңдылы­ғын оқыған да жоқ, бірақ Шекспир, Мольер, Әуезов, Мүсірепов сияқ­ты заңғарлар артында өшпес мұра қалдырды. Өйткені олардың шығармала­рында терең мазмұн бар.

Айталық, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» алайық. Бұл шығарма бойынша спектакль де, опера да, балет те қойылды, біздің театрда да бар. Біз ол арқылы ұлы тұлғаның жастық шағын көрсетеміз. Классиканың сиқырлы қасиеті де сол – онда құрмалас сөйлемдер, шұрайлы тіл, салмақты сөз бар. Әуезовтің бір сөйлемінде қаншама өмір мен философия жатыр! Екінші жағынан, драматургияның өте қиын жанр екенін мойындау керек, оған екінің бірі тәуекел етіп бара бермейді.

– Өзіңіз режиссер ретінде осы уақытқа дейін қандай драматургтермен, ақын-жазушылармен тығыз шығармашылық байланыста болдыңыз?

– Мен өзім өте жақсы көргендіктен, Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармаларын сахналадым. Мұрағатта бүкіл кітаптары бар, әлі де ашып оқып тұрамын. Кейін оның бүкіл шығармаларын түйіндеп, бір спектакльге сыйдырдым. Оны «Жанпида» деп атадым. Ішінде «Ақ кеме де», басқа да туындылары бар. Бұрын жеке-жеке қойған дүниелерімді жинақтап, халыққа ұсындым. Қырғызстанның өзіне апарғанымда, олар таңғалды. 2028 жылы Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығы аталып өтеді. Олар үлкен мерейтойлық шаралар ұйымдастырмақшы. Сонда қырғыз бауырлар: «Бұл спектакльді құртпаңыздар, бұл біздің 100 жылдығымызға үлкен тарту болады», – деді. Қазір миымда сол спектакльді тағы да өңдеу, жетілдіру ойы тұр. 

Оралхан Бөкей де – менің ең сүйікті жазушым. Оралханмен замандас болдық, қатар жүрдік, бірге өстік. Бірде Оралханның «Атау кересін» оқып, ғашық болдым. Сол кезде Оралхан Үндістанға сапарға кетейін деп жатыр екен. Маған «Үндістаннан қайтып оралайын, екі күннен соң кетемін, келген соң арнайы отырып сөйлесейік», – деді. Өкінішке қарай, ол Үндістаннан қайтпай қалды...

Содан соң сол шығарманы сахнаға қою маған маза бермеді, оны міндетті түрде шығаруым керек болды. Инсценировкасын жасап, Мүсірепов театрында қойдым, басты кейіпкерлердің бірін өзім ойнадым. Ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еді. Оралханның айтып кеткен сөзі маған аманат сияқты болып тұрды. Кейде «Осы шығарманы өз театрыма қайта қоюым керек» деп ойлаймын. Бұрын Досхан Жолжақсынов, мен, Алтынбек Кенжеков үшеуміз Орал­ханның «Қар қызындағы» үш жігітті ойнағанбыз. Оны кейін өз театрымызда да қойдық. Енді «Атау керені» де қазіргі жастардың танымына лайықтап сахналасам ба деген ой бар.

Басында айтқанымдай, мен бейнебір лабораторияда отырған адам сияқтымын. Терезеден қарап тұрамын. Көрермен келе жатыр ма, спектакльден кейін қандай көңіл күймен қайтып бара жатыр? Мен қойылым­ның деңгейін көрерменнің жанары мен эмоциясы арқылы бағалаймын.

– Көрерменнің көңіл күйін, қойылымды қалай қабылдағанын қайдан білесіз?

– Көрерменнің залдағы және спектакль­ден кейінгі әрекетінен білемін. Олар қойылым біте сала зытып отырмайды, фойеде ұзақ әңгімелесіп, пікірлесіп тұрады. Мен фойеде ақырын қарап тұрамын, олардың шүйіркелесіп, әсерлерімен бөлісіп тұрғанын көргенді жақсы көремін. Не айтып жатқандарын естімесем де, жүздерінен бәрін айнытпай бағдарлаймын.

– Шығармашылығыңызда сәтсіз шық­қан туындыларыңыз бар ма?

– Сәтсіз шыққандарының атын айтпай-ақ қояйын. Актерлерім де білмейді оны, мен ондай спектакльді қайта өңдеп, қайта жасап шығамын. Көрерменнің реакциясын бірнеше рет бақылағаннан кейін қай жерінде қателік кеткенін, қай жерде текст дұрыс таңдалмағанын, қай тұста сөзден гөрі пауза, үнсіздік керек екенін түсінемін. Сондықтан көп спектакльді қайта өңдеймін. Бірақ спектакль жаңаша деммен қайта туғандай болады.

Қазір біздің сахнада 74 спектакль бар. Театрымыздың шымылдығын 2007 жылы «Шыңғыс ханмен» ашқан едік. Ол Айтматов пен Кекілбаевтың шығармалары негізінде жасалған болатын. Көп жыл бойы бұл қойылымды ойнамадық, ал енді 20-шы маусымды дәл осы спектакльмен ашқалы отырмыз. Қазір күн демей, түн демей дайындық жүріп жатыр.

– Сіздің «Жанарымдағы жалғыз әуен» деген спектакліңіз әндерден тұратынын білеміз. Бұл жаңалықты көрермен қалай қабылдады?

– Жалпы, спектакль жасау үшін алыстан арнайы нәрсе іздеудің қажеті жоқ. Мысалы, 3-4 минуттық әндер болады. Солардың өзінде тұтас бір өмір, үлкен драматургия жатыр. Текстінде мән бар. Мен сол әндерден өзіме керекті драматургияны іздеймін. Әннің мелодиясын да, текстін де бұзбаймын, оған тиіспеймін. Әннің орындалу тәсіліне драматургия енгіземін: «Мына жерде былай айтылу керек, мына жерде үнсіз қалу керек, мына жерде орнынан тұрып кету керек» деген сияқты режиссерлік шешімдер жасаймын. «Жанарымдағы жалғыз әуенді» көрермен концерт ретінде емес, спектакль ретінде бағалады. Онда махаббат та, реніш те, қайғы мен қуаныш та бар.

Қазір қоржынымда Алтынбек Қораз­баевтың әндері тұр, солардан жаңа спектакль жасасам ба деп жүрмін. Мен әрқашан композиторлармен алдын ала келісіп аламын. Біреудің еңбегін ұрламаймын. Олар келіп көргенде «Әннен де осындай астарлы оқиға мен драма шығаруға болады екен-ау!» деп таңғалады.

Музыканы өте жақсы көремін, миымнан музыка ешқашан кетпейді. Бұдан да басқа жоспарлар көп. Шекспирдің үш спектаклі бар қолымда. Бірақ біз актерлерді Шекспир заманының киімімен киіндірмейміз. Оны қазақи ұғымға бұрамын. «Ромео-Джульетта» кейіпкерлеріне сақтар заманының киімін кигіздік. Ресейден келген қонақтар көріп, қайран қалды. Бұл – режиссерлік шешім. Шекспирдің басқа шығармаларына да жаңаша қырынан келмекпіз. 

Мұның бәрін әдейі жасамаймын, миым солай ойлайды. «Мына шығарманы бүгін, ал мына туындыны 5 жылдан кейін қою керек» деген ішкі есеп тұрады. «Бүгін жаза салып, бүгін қояйын » деген асығыстық менде жоқ.

Біз бұл кәсіпте жүргеннен кейін өнерге де, көрерменге де қарыздармыз. Кеше қандай болдық, бүгін жаңа заманға аяқ бастық. Мемлекетімізде де қаншама жақсы өзгерістер болып жатыр.  Өнер де соған сай биіктен көрінуге тиіс.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Айгүл СЕЙІЛ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қыркүйек 2026 17:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары