Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

AMANAT : Алтын шаңырақ республикалық ақындар айтысы өтті

AMANAT : Алтын шаңырақ республикалық ақындар айтысы өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оған республикалық айтыстарда топ жарып жүрген 12 танымал ақынмен бірге, түрлі этнос өкілдерінен 12 өнерпаз бірінші рет сөз барымтасына түсті.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек бүгінгі дүбірлі дода бірліктің, достықтың, татулықтың, өнерге деген жанашырлық пен құрметтің жарқын үлгісі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түрлі көзқарас, біртұтас ұлт» қағидатын мемлекеттік саясатымыздың негізі ретінде бекітіп, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту ісіне баса назар аударып келеді. Соның нәтижесінде Қазақстанда түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүріп, ортақ құндылықтарды бірге дәріптеуде. Бүгінгі бөгенайы бөлек айтыс – сол көшбасшы идеяның нақты жемісі. Мұнда тілі басқа болғанымен, тілегі бір, рухы үндес өнерпаздар бас қосып отыр. Олар халқымыздың мызғымас бірлігі мен татулығын жырға қосып, қазақтың шұрайлы тілін, сөз өнерінің құдіретін паш етпек», – деді ол.

Аламан айтысты белгілі ақын, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай тізгіндеді. Ол өз сөзінде «Алтын шаңырақ» айтысының негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату, этностар арасындағы алтын көпірді нығайту екенін айтты.

«Осыдан бірнеше онжылдықтар бұрын тағдырдың жазуымен, заманның тауқыметімен елімізге қоныс аударған әрбір ұлт өкілін қазақ халқы өзектен теппей, бауырына басты. Бір үзім нанды бөліп жеп, бір шаңырақтың астында бірге күн кешті. Бүгін, міне, сол бауырларымыздың ұрпақтары қазақ тілінде көсіле сөйлеп, домбыраның құлағында ойнап, айтыс сахнасына шығып отыр. Бұл – біздің қанымызға сіңген қонақжайлық пен кеңпейілдіктің жемісі», – деді халық қалаулысы.

Дүбірлі доданың шоқтығын биіктеткен – белгілі айтыс ақындарының бірнеше ай бойы түрлі этнос өкілдерінен сөз өнерінің жаңа жұлдыздарын баптап, оларды сахнаға алып шығуы. Әр ақын өз шәкіртінің бойына қазақтың рухын, тілін, домбыраның қасиетін сіңірді. Осылайша, сахна төрінде башқұрт, корей, неміс, нигериялық, өзбек, моңғол, молдаван, орыс, ұйғыр, украин және қырғыз этностарының өкілдері қазақ тілінде суырыпсалма өнер көрсетіп, ел бірлігі мен достықты жырға қосты. Олар жұптық форматта бақ сынады. 

Айтыс барысында Қазақстанның көпэтносты мемлекет ретіндегі тарихи ерекшелігі кеңінен көрініс тапты. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – еңселі елдіктің, еселі еңбектің және мәңгілік достықтың дәлелі. 

Ал бірлігіміз бен татулығымызды ту еткен этносаралық айтыста ақындардың сөз барымтасын мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Әбдірахман, белгілі ақын, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайыт, белгілі ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазы бағалады.

Осылайша, бас жүлдені – Ирина Новицкая (Қостанай облысы) мен Жібек Шахмарданқызы жұбы иеленді. Оларға 3 млн теңге табысталды. Жүлделі 1-орын – Валерия Цой (Қарағанды облысы) мен Дидар Қамиға бұйырып, 2 млн теңге сыйақы берілді. Ал 2-орынды – Эльдана Габерман (Астана) мен Иран-Ғайып Күзембаев және Анварбек Садықов (Атырау облысы) пен Шалқарбай Ізбасаров жұптары өзара бөлісіп, 1,5 млн теңгеден иеленді. Бұл ретте 3-орынды үш бірдей жұп қанжығалады. Атап айтқанда, Алла Платонова (Астана) мен Мейірбек Сұлтанхан, Қанат Хитрук (Ақтөбе облысы) пен Нұрбол Жауынбаев, Халида Саметова (Абай облысы) мен Әсем Ереже. Олардың әрқайсысына 1 млн теңге сыйақы берілді.

Бұған қоса, Дильшат Юсупов (Алматы облысы) пен Бибігүл Тілебалдинова, Акрам Ирисметов (Шымкент) пен Нұрлан Есенқұлов, Даниель Джеймс (Алматы) пен Өміржан Көпбосын, Салтанат Жаба (Жамбыл облысы) мен Алтынкүл Қасымбекова жұптарына алғыс хаттар мен 900 мың теңгеден ұсынылды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:252
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 19:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары