Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қазақта қара сөзге дес бермедім : Алматыда республикалық жас ақындар айтысы өтті

Қазақта қара сөзге дес бермедім : Алматыда республикалық жас ақындар айтысы өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін қасиетті қарашаңырақта Абай университеті және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен «Қазақта қара сөзге дес бермедім» І республикалық жас ақындар айтысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қара өлеңнің көрігін қыздырған сөз сайысында еліміздің 10 облысынан, 12 жетекші университетінен келген 14 жас талант бақ сынады.

Төл өнерімізді жаңғырту, айтыс өнерін кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін шыңдауды мақсат еткен дүбірлі дода – айтыстың алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының 210 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және айтыс ақтаңгері Оразалы Досбосыновтың 50 жылдық мерейтойына арналды.

Республикалық бәсекені ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректоры Болат Тілеп рухани құндылығы жоғары өнер жарысының маңызы мен мәнін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ұлттық өнерді қолдау – ел руханиятын дамытудағы маңызды қадам екенін айтқан айтыстың бас демеушісі «Таза бренд» отандық өнімдер компаниясының директоры Жібек Аманкелдина жастардың шығармашылық жолына демеу болу – әрбір отандық өнім өндірушінің азаматтық борышы екенін ерекше атап өтті.

Тапқырлық пен қалжыңнан «қуырдақ қуырған» сөз сайысына айтыскер ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының Алматы қаласы бойынша филиалының төрағасы Серік Қалиев (қазылар алқасының төрағасы), айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Оразалы Досбосыновтың ұстазы Даубай Әбдісаев, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, Мәдениет және Ақпарат саласының үздігі, «Қазақ радиолары» ЖШС Алматы филиалының жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері  Бақыт Құтпанбай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жабал Шойынбет, айтыскер ақын, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Шұғайып Сезімхан қазылық жасады.

Іріктеу кезеңінде 14 ақын өз өнерлерін ортаға салып, қазылар алқасының жоғары ұпайына ие болған 8 ақын екінші кезеңге жолдама алды. Үміткерлер шеберлігі сараланып жатқанда, сахнада университет студенттері өнер көрсетіп, концерт қойды.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Ақтөбе облысы А.Жұбанов атындағы университетінің студенті Арай Нұрадинге бұйырды. Ол 400 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал І орынға Алматының қаласы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенті Данияр Болатхан ие болып, 300 000 теңге иеленді. ІІ орынды Алматы қаласы Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Санжар Даярбек пен ШҚО С.Аманжолов атындағы университеттің студенті Айғаным Балғабаева өзара бөлісіп, әрқайсысы 200 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық жеңіп алды. 150 теңгеден тұратын ІІІ орын төрт қатысушы: Астана қаласы К.Бәйсейітова атындағы ҚазҰӨУ студенті Марсель Ерсайыновқа, Жамбыл облысы Ш.Мұртаза атындағы университеттің студенті Жанерке Қамбарға, Павлодар облысы Ә.Марғұлан атындағы университет Нұрбек Бәкірге және Қызылорда облысы Қорқыт ата атындағы ҚызМУ студенті Дильназ  Ержігітке бұйырды.

Сонымен қатар, қалған ақындар арнайы номинациялар бойынша 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сайлық иеленді. Олар:

Есенқұл Жақыпбеков атындағы арнайы жүлде – Ерасыл  Сейтжанұлы (Астана қаласы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ);

Серік Ыдырысов атындағы арнайы жүлде – Арыстан Ағыбай (Алматы облысы, СДУ);

Сиязбек Сүлейменов атындағы арнайы жүлде – Серікбол Базылбек (Маңғыстау облысы, Ш.Есенов атындағы университет);

Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлде – Даниял Болысбек (Түркістан облысы, Ө.Жәнібеков атындағы университет);

Темірхан Тебегенов атындағы арнайы жүлде – Абылай Қайратұлы (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ);

Хасен Саматыров атындағы арнайы жүлде – Мағжан Сауытбек (Шымкент қаласы, Саз колледжі).

Айта кетейік, күні кеше Абай атындағы ҚазҰПУ-да университет түлегі, айтыс өнерінің ақтаңгері, от ауызды, орақ тілді ақын Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар орталығы заманауи үлгіде қайта жаңғырып, ресми түрде ашылған болатын. Онда республикалық жас айтыскер ақындар түрлі дәрістер тыңдап, өнерлерін жетілдіреді. Басты мақсаты – төл өнерімізді жаңғырту, айтыс өнерін кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырып-салмалық қабілеттерін шыңдау. Оразалы орталығы бұдан кейін республикалық және халықаралық жас ақындар айтысын дәстүрлі түрде өткізіп тұрмақ.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Желтоқсан 2025 20:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары