Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Амангелдіден миллиондаған көрерменге дейін: Қазақ киносы туралы не білеміз?

Амангелдіден миллиондаған көрерменге дейін: Қазақ киносы туралы не білеміз?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін, 12 қыркүйекте Қазақ киносының күні аталып өтеді.

Тұңғыш көркем фильмнен бүгінгі жаңа жобаларға дейін ұлттық кино бірнеше тарихи кезеңнен өтті. Қазір елімізде 118 кинотеатр жұмыс істейді, мемлекеттік қолдаумен ондаған жаңа жоба түсіріліп жатыр, ал қазақ киносының классикалық туындылары цифрланып, қайта қалпына келтіріліп отыр. Aikyn.kz сайты атаулы күнге орай қазақ киносының тарихы мен бүгінгі ахуалына қатысты қызықты деректерді жинақтады.

Неліктен Қазақ киносының күні 12 қыркүйекте аталып өтеді?

Бұл күннің таңдалуы «Қазақфильм» киностудиясының тарихымен байланысты.

1941 жылғы 12 қыркүйекте Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің №762 қаулысы негізінде Алматы көркем фильмдер киностудиясы құрылды. 1960 жылы ол «Қазақфильм» деп аталды. Ал 1984 жылы киностудияға қазақ киносының көрнекті өкілі Шәкен Аймановтың есімі берілді.

12 қыркүйекті Қазақ киносының күні ретінде атап өтуді 2005 жылы кинотанушы Бауыржан Нөгербек ұсынған. Содан бері бұл дата жыл сайын аталып келеді.

Қазақтың тұңғыш көркем фильмі – «Амангелді»

Қазақтың тұңғыш көркем фильмі саналатын «Амангелді» 1938 жылы жарыққа шықты. Картина «Ленфильм» киностудиясында түсірілген. Фильм Амангелді Иманов туралы баяндайды. Режиссері – Марк Левин, ал басты рөлді Елубай Өмірзақов сомдаған.

Дегенмен Қазақстандағы кино тарихы бұдан да ертерек басталады. 1929 жылы Алматыда «Востокфильм» түсірген «Соңғы хабар» киножурналы шыққан. Сол кезеңде режиссер Виктор Турин Түркістан – Сібір теміржолының құрылысы туралы «Түрксіб» туындысын түсірді.

Соғыс жылдары Алматы кино орталығына айналды

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қазақ киносының дамуына айтарлықтай ықпал етті. Осы кезеңде «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары Алматыға көшірілді. Соның нәтижесінде қалада ірі кино өндірісі қалыптасып, кеңестік киноның белгілі режиссерлері, операторлары мен актерлері еңбек етті. Бұл орта кейін қазақтың кәсіби кино мектебінің дамуына да ықпал етті.

«Қазақфильмде» мыңнан астам деректі фильм түсірілген

«Қазақфильмнің» қорында тек көркем фильмдер ғана емес, деректі және анимациялық туындылар да мол. Тарихи дерек бойынша, 70 жылдан астам уақыт ішінде киностудияда 228 толықметражды, 70 қысқаметражды көркем фильм, 1133 деректі және 139 анимациялық фильм түсірілген.

Олардың қатарында қазақ киносының әр кезеңін айқындаған көптеген туынды бар.

Қазақстанда 118 кинотеатр жұмыс істейді

Кино бүгінде мәдениет саласымен қатар үлкен нарыққа айналды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің дерегінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 118 кинотеатр жұмыс істейді. Кинопрокат нарығында 63 субъект қызмет көрсетеді.

Агенттік жүргізген талдауға сәйкес, 2024 жылы зерттеу қамтыған аумақтардағы кинопрокат қызметінің көлемі 36,2 миллиард теңге болса, 2025 жылы 40 миллиард теңгеден асты.

Нарықтың едәуір бөлігі ірі кинотеатр желілеріне тиесілі. Kinopark үлесі шамамен 48 пайыз, Chaplin үлесі 19 пайызға жуық. Қалған қатысушылардың үлесі – 33 пайыз.

Биыл алты отандық фильм кең прокатқа шықты

Министрлік таратқан ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылдың алғашқы жартысында мемлекеттік қолдаумен түсірілген алты фильм кең прокатқа шықты. Олар – «Гипноз», «Билет из рая», «Осенний бриз», «Құт», «Әбіл» және «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда» деректі фильмі.

Соңғы туындының кинотеатрларда кең прокатқа шығуын Мәдениет және ақпарат министрлігі отандық деректі кино үшін маңызды оқиға ретінде атап өтті. Бұған дейін мұндай туындылардың кең аудиторияға жету мүмкіндігі шектеулі болатын.

Қазір 23 жаңа киножоба әзірленіп жатыр

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген «Мұғалім» және «Кенжем қайда?» фильмдерінің жұмысы аяқталған. Қазір тағы 23 киножоба әзірленіп жатыр. Оның 21-ін осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен бірге биылғы конкурстық іріктеудің қорытындысы бойынша тағы 18 киножоба мемлекеттік қолдауға ие болды.

10 жаңа мультфильм жобасы іріктелді

Отандық анимацияға да көңіл бөлініп отыр. «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің питчингі нәтижесінде 10 анимациялық жоба іріктелді. Бұл жобалар балалар мен отбасылық аудиторияға арналған отандық контентті көбейтуге бағытталған.

Ескі қазақ фильмдері қайта жаңғыртылып жатыр

Қазақ киносының «Алтын қорындағы» туындыларды сақтау жұмысы да жалғасып жатыр. 2026 жылдың алғашқы жартысында «Возвращение сына», «До свидания, Медеу», «Звучит там-там», «Золотой рог» және «Песня зовет» фильмдері цифрлық форматқа көшірілді.

Ал Абдолла Қарсақбаевтың «Алпамыс мектепке барады» және «Тревожное утро» фильмдері қайта қалпына келтірілді.

Биыл мыңнан астам фильмге прокат куәлігі берілді

Жыл басынан бері фильмдерге прокат куәлігін беру бойынша 1539 өтінім қаралған. Оның 1344-іне арнайы куәлік берілді. Бұдан бөлек, биыл кинопрокат саласындағы талаптар өзгерді. 18 ақпанда «Кинематография туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, 16 маусымнан бастап фильмдерді прокатқа шығар алдындағы сараптама тетігі енгізілді.

«Қазақфильм» мен Ұлттық киноны қолдау орталығы біріктірілмек

Қазақ киносы саласында тағы бір маңызды құрылымдық өзгеріс жоспарланып отыр.

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың Қазақ киносы күніне арналған құттықтауында айтылғандай, Президент тапсырмасымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясын тікелей мемлекеттік қолдау қайта қолға алынды.

Ендігі қадам – «Қазақфильм» мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын біріктіру. Министрдің мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда 94 фильм түсірілсе, 2025 жылы отандық прокатқа 103 туынды шыққан.

Осылайша, 1938 жылғы «Амангелдіден» бастау алған қазақ көркем киносы бүгінде жаңа фильмдер түсіріліп, анимация мен деректі кино дамып, классикалық туындылар қайта жаңғыртылып жатқан үлкен салаға айналды. Ендігі мәселе фильм санын көбейтумен ғана шектелмей, көрерменге сапалы туынды ұсынып, қазақ киносының халықаралық деңгейдегі орнын нығайту болмақ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 18:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары