Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Индустрияның үнсіз самурайлары: Қазақ жерінде еңбек еткен 59 мың жапон туралы не білеміз

Индустрияның үнсіз самурайлары: Қазақ жерінде еңбек еткен 59 мың жапон туралы не білеміз

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«Самурай қолының жылуы» кітабы мен деректі фильмінің авторы  Бақтыбай Жұмаділдиннің бастамасымен Президент жанындағы Ұлттық ғылым академияда «1945-1950 жылдары Қазақстанды индустрияландыруға интернацияланған жапондардың үлесі» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

1945 жылы 6 тамызда Жапония императорының бұйрығына сәйкес кеңестік десанттарға қару өткізді. Жапония өз сарбаздарын әскери тұтқын санамайды, заңсыз интернацияланған деп есептейді. 1945 жылғы 26 шілдедегі Потсдам декларациясының тоғызыншы тармағында: «Жапон қарулы күштеріне олар қарусызданғаннан кейін бейбіт және еңбек өмірін жүргізу мүмкіндігімен өз ошақтарына оралуға рұқсат етіледі» делінген.

 

Ялта уәдесінің көлеңкесінде

Алайда бұл тұжырым тарихи фактілерге қайшы келеді. Айталық,  КСРО Ялта конференциясы бойынша міндеттемелерін орындап, жапондық әскери тұтқындарды соғыс аяқталғаннан кейін отанына қайтару туралы тармақты орындамады. Оның орнына, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің 1945 жылғы 23 тамыздағы қаулысына сәйкес, 500 мыңнан астам жапон әскери тұтқыны КСРО-ға аттандырылды.

1945 жылы 5 қазанда Семей облысының Жарма станциясына жапондық әскери тұтқындармен алғашқы эшелон келді. Конференцияда көтерілген мәселелер тарих қалтарысында қалып қойған, енді айтыла бастаған сол бір күндерді қайта жаңғыртты. Жапония мен қазақ тарихыныңдағы тың мәліметтерді зерделеуге арналған бұл жиынға  ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, «Қазақтану» ҒЗИ ұйымдастырды. Оған Қазақстан Республикасының ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жетекші қазақстандық және жапондық компаниялардың өкілдері қатысты.

Конференция жұмысына Қазақстан мен Жапонияның ғылыми және іскер топтарының өкілдері, дипломаттар, қоғам қайраткерлері қатысты. Қатысушыларға Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы, қазақстандық тараптан Қазақстан–Жапония экономикалық ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Мұрат Қарымсақов құттықтау сөзін арнады.

Өз сөзінде ол конференцияның символдық маңызын атап өтіп, 1945 - 1951 жылдары Қазақстанға интернирленген жапон азаматтарының еңбегі елдің индустриялық қалыптасуының ажырамас бөлігіне айналып, қазіргі серіктестіктің берік іргетасын қалағанын айтты: «Бүгінгі конференция терең символдық мәнге ие. Біз 1945 - 1951 жылдары Қазақстанға интернирленген жапон азаматтарына құрметімізді білдіреміз. Олардың жанқиярлық еңбегі еліміздің индустриялық дамуының ажырамас бөлігі болды. Олар салған зауыттар, жолдар, ғимараттар мен әлеуметтік нысандар - бұл еңбектің ескерткіштері, достық пен өзара түсіністіктің нышандары. Осы тарихи парақ бүгінгі Қазақстан мен Жапония арасындағы серіктестіктің берік іргетасына айналды», деді М. Қарымсақов.

Тарихшылар Қазақстанға әкелінген жапон әскери тұтқындары мен интерн-тұтқын саны 58 мың 900 адам болғанын анықтаған. 1945 жылдың 5 қазанында жапон солдаттары тиелген алғашқы эшелон Семей облысына келген. Кейін олардың көбін (25 мыңын) Қарағанды, Жезқазған, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарына жөнелткен. Бірақ оларға қатысты  шындық «құпия» деген белгімен жасырылған.

 

Тұтқындар салған тұрғын үй

Қостанайлық тарихшы Руслан Бекмағамбетовтің зерттеулерінде 1945 жылы 5 қыркүйекте құрылған лагерь әуелі Қарағанды облысында болғаны айтылған. Оның айтуынша  1946 жылдың бірінші жартысында лагерьді Алматыға көшірген. Бірақ жапон тұтқындарының қалада қашан пайда болғанын көрсететін өзге де деректер бар. Қазақ ССР ішкі істер министрлігінің әскери тұтқындар және интерн-тұтқындармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бұрынғы қызметкері Андрей Чернов 1990 жылдардың басында жергілікті газетке берген сұхбатында жапон тұтқындары Алматыда Квантун армиясы капитуляциясынан екі-үш ай өткен кезде, яғни 1945 жылдың аяғында пайда болғанын айтқан. Алматыда жапон әскери тұтқындарының қолымен Жібек жолы даңғылындағы Ғалымдар үйінің ғимараты, сондай-ақ Қазақ КСР Ғылым академиясының оңтүстік корпусы салынды. Олардың еңбегінің ең танымал ескерткіштерінің бірі Үлкен Алматы каньонының шатқалындағы 14 км ұзындықтағы танымал туристік маршрут болды. Сақталған естеліктерге қарағанда, жапондық әскери тұтқындар ұқыптылығымен және тәртіптілігімен ерекшеленген: олар әрқашан таза киінген, казармаларда мінсіз тәртіп сақтаған және заттарға ұқыпты қараған. Олар барактардың жанындағы бос жерлерге гүл отырғызып, қияр, қызанақ, күнбағыс және тіпті қауын өсіреді. Жапон тұтқындарын еліне қайтару жұмысы 1945 жылы басталды. 1950 жылдың 22 сәуірінде СССР репатриацияның аяқталғанын ресми жариялады. Бірақ тұтқындардың көбі Отанына оралмады. Жүздеген тұтқын аштық пен азаптан, ауыр науқастан қайтыс болды. Ал аздаған бөлігі үйленіп, СССР-да қалуды ұйғарады.

Жапондар жерленген үш зират

Бірі – орталық қорымда. Мұнда 145 жапон тұтқыны жерленген. Тағы бір зират – ескі Іле жолы бойында. Онда жерленген 38 әскердің 36-сының сүйегі кейін Жапонияға жеткізілген. Дегенмен,  күні бүгінге дейін Алматының айбынын асқақтатып тұрған ғимараттардың біразында жапон тұтқындарының қолының табы қалғанын тарих айғақтап тұр.

Нақтыласақ:

Теміртау қазақ металлургия комбинаты;

Жезқазған мыс балқыту зауыты;

Өскемен мырыш зауыты;

Ащысай полиметалл комбинаты;

Лениногорск полиметалл комбинаты;

Текелі қорғасын комбинаты;

 Қаратау тау-кен химия комбинаты;

Қарағанды көмір тресті;

сондай-ақ Батыс Қазақстанның бірқатар мұнай кәсіпорындары салынды.

Бұдан басқа, бес жыл ішінде олар жол, теміржол тармақтары, көпірлер, су тораптары, қосалқы стансалар, су мұнаралары, үйлер, ғимараттар, кешендер, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер, әуежайлар, теміржол вокзалдары, станциялар, фабрикалар мен зауыттар, шахталар, тресттер, комбинаттар, жұмысшы поселкелері мен қалалар салды.

Төретам-Ленинск-Байқоңырдағы құрылысты бастап, олар ғарыштық айлақтың іргетасын қалап, Қазақстанды алғашқы ғарыштық державаға айналдырды.

Олар бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп тұрған маңызды, сәулеттік көрікті әлеуметтік-мәдени нысандар. Атап айтсақ, ҰҒА ғимараты, ҰҒА ғылыми институттарының ғимараттары, Академиктер үйі, АЗТМ, Алматы әуежайы,  Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалаларындағы Мәдениет сарайлары мен үйлері.

Қазіргі таңда Қазақстанда 60-тан астам жапон компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Бұл жапон бизнесінің елімізге деген сенімі мен ұзақ мерзімді қызығушылығының айқын дәлелі.

Өз сөзінде Мұрат Қарымсақов 2025 жылдың сәуір айында еліміздің Сыртқы сауда палатасы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған Жапониядағы іскерлік миссия туралы да баяндады.

Қазақ делегациясы JICA, JETRO, JCCI, METI және Marubeni, Itochu, Sumitomo, Mitsui, Mitsubishi, Toyota Tsusho, Sojitz, Inpex сияқты жетекші корпорациялардың өкілдерімен бірқатар жемісті кездесулер өткізді. Миссияның нәтижесінде Қазақстан–Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық комитетінің отырысы өтіп, екі тараптан комитеттің тең төрағалары сайланып, болашақ өзара іс-қимылдың басым бағыттары айқындалды.

Келіссөздер қорытындысына сәйкес тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, энергетика, көлік, өнеркәсіп және орнықты даму салаларындағы бірлескен жобаларды қолдауға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға уағдаласты. Жапон тарапынан Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына Жапонияның ШОБ-тарымен ынтымақтастық орнатуға қазақстандық компанияларды тарту бойынша серіктес болу ұсынысы жасалды. Сонымен қатар, жапон тәжірибесін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды – кәсіпкерлікті қолдау, кадрлар даярлау және өңірлік өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған «Бір ауыл — бір өнім» бағдарламасын жүзеге асыру.

Сөзінің қорытындысында Мұрат Қарымсақов атап өткендей, Қазақстан мен Жапонияны ортақ құндылықтар - еңбекқорлық, тарихқа құрмет, бейбітшілік пен дамуға ұмтылыс біріктіреді. Бұл конференция тек өткенге тағзым ғана емес, сонымен қатар жаңа буын кәсіпкерлері, ғалымдары мен дипломаттарына бір-бірімен пікір алмасуға мүмкіндік берді. 

 
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 17:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see165

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see157

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see150

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see148

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see147

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see146

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see144

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see142

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see140

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see139

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see138

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see135

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see120

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see119

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see117

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see116

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see116

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see114

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары