Қазақстанда бакалавриатта оқу мерзімі үш жылға дейін қысқаруы мүмкін
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақстанда кейбір жоғары оқу орындары бакалавриат бағдарламасын төрт жылдан үш жылға дейін қысқартуға мүмкіндік алады. Бұл туралы Tengri Education жазды.
Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбектің айтуынша, мұндай мүмкіндік барлық университет пен барлық мамандыққа бірдей енгізілмейді. ЖОО маманды қысқа мерзімде даярлау қажеттігін нақты негіздеуі тиіс.
Оқу мерзімі қысқарғанымен, білім көлемі азаймайды. Студенттер бұрынғыдай 240 кредитті толық игеруі керек. Өзгеріс білім беру бағдарламасының құрылымын қайта ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар өндірістік практика, дуальды оқыту және студенттердің кәсіпорындарда тікелей тәжірибе жинауына көбірек көңіл бөлінбек.
Қазір үш жылдық бакалавриат бағдарламасын эксперименттік тәртіппен енгізуге Astana IT University-ге рұқсат берілген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:84
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Тамыз 2026 19:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















