Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Америка асқан Қыз Жібек

Америка асқан Қыз Жібек

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ата қазақ наурыз айында жауған жұмсақ қарды «Наурызша» деп атаған. Бұл сөздің астарында жылылық, көктемге деген аңсар мен ынтызарлық бар. Әдебиетті жақсы түсінетін адам осы айда жауған қарды көрсе, еріксіз «Қыз-Жібек» жырындағы сәтті теңеуді есіне алады. Ол жырда не деп еді?

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

«Қыз жібектің ақтығы,

Наурыздың ақша қарындай,

Ақ бетінің қызылы,

Ақ тауықтың қанындай», демеп пе еді?

Қазірге дейін ұлтымызда сұлулықты сипаттау үшін ең алдымен Қыз-Жібекті үлгі етеді. «Кебісінің өкшесі – Бұхардың гауһар тасындай» болған кербез сұлу туралы аңыз да, ақиқат та көп. Ал бір ғажабы, «Қыз-Жібек» жы­рының шекара асып, зерттеліп жатқаны.

АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Уэслиан университетінің баспасынан осыдан жарты ғасыр бұрын кітап болып шыққан «Орталық Азия музыкасы: КСРО халық­тарының музыка тарихының очерк­тері» атты зерттеу еңбегінде ұлтымыздың дәстүрлі му­зыкалық өнері туралы баяндайды. Аталған еңбектің авторы – В.Белиаев. Орталық Азия халықтарының музыкасына терең тоқталған бұл кітаптың бір тарауы «Қазақ музыкасы: он бесінші ғасырдан он сегізінші ғасырдың ортасына дейін» деп аталады да, ұлты­мыздың музыкалық мұра­сының тарихы мен таралу жолдарына тоқталады. «Аталған ғасырларда қазақ­тың халықтық және кәсіби музыкалық өнерінің негізі қаланды. Ән саласында осы ха­лықтың өмірінің сан алуан кезеңдерінің ескі, бірақ құнды бейнелерінің белгі­лерін сақтай отырып, бүгінге дейін жеткен сол жанрлар қалыптасты. Әуен, ырғақ, тепе-теңдік, формалар дамыды, қысқасы халық әні­нің барлық қасиеті көрініс бер­ді», деп жазады автор алғысөзінде.

Сонымен бірге автор­дың аудармасымен терме, жыр, эпос, дастан туралы түсінік­тер беріліп, ағылшын тілді оқырманға жетеді. В.Бе­лиаев халқымыздың «Жыл­қышы әні», «Қойшы әні», «Жар-жар», «Қыз сыңсу» сияқты дәс­түрлі әндерді аударып, нотасымен бірге жариялайды. Және кітапта «Қыз-Жібек» жыры туралы да айтылады. 

Профессор, ғалым

Габриэл Макгуайр

Ал Назарбаев универси­тетінің профессоры,  Габриэл Макгуайр де «Қыз-Жібек» жырын біраз жылдан бері зерттеп келеді. Оның зерттеуі «Қыз-Жібек» жыры және қазақ ауыз әдебие­тіндегі жанр саясаты» деп аталады. Аталған зерттеу мақаласы академиялық дең­гейдегі халықаралық ғылы­ми журналда жарияланып­ты. Оның зерттеуінше, Жүсіп­бек Қожа мен Мұсабай жырау­дың «Қыз Жібек» жырына қатысты нұсқаларының екінші жартысы негізінен бір оқиғаны баяндайды. Жырдың алғашқы бөліміндегі желіні қайталай отырып, қайғылы аяқталуды жеңіске ұласқан оқиғамен алмастырады. 

«Мен «Қыз-Жібек» жыры туралы алғаш рет көп жыл бұрын, АҚШ-тағы Индиана университетінде магистрант болып жүрген кезімде есті­дім. Ол уақытта қазақ тілін үйреніп жүргенмін. Біздің қазақ тілі пәнінің оқытушы­сы осы фильмді бірге көруді ұйымдастырған еді. Өкінішке қарай, сол кезде қазақ тілін әлі жетік меңгермегендіктен, фильмнің мазмұнын то­лық түсіне алмадым. Бірақ менің есімде мәңгі қалғаны – фильмдегі таңғаларлық әсем көріністер. Көк май­саға оранған кең далада түсірілген кадрлар ерекше жарықпен бірге көздің жауын алатын. Бірнеше жылдан кейін Қазақстанға көшіп келген соң, «Қыз-Жібек» жы­ры­ның түпнұсқасын оқып көруге құлшындым. Сол сәттен бастап бұл шығарма мені бірден баурап алды. Маған әсіресе осы жырдың әуендік-сезімдік ауқымы, яғни оқиғаның түрлі көңіл күйде өрілуі ерекше әсер етті. Жырдың алғашқы бөлігін оқығанда, ол ертегі тәрізді көрінеді: Төлеген мінсіз жар іздеп сапарға шығады. Кей тұстарында жеңіл әзіл де бар – Төлеген болашақ қалыңдықтарына соншалық көп жылқы сыйлап жібереді, тіпті серіктері «жылқымыз таусылып, жаяу қалмаймыз ба?» деп алаңдай бастайды», дейді ол тебіреніп. 

Оның айтуынша, ол үшін бүкіл жырдың ең әсер­лі, эстетикалық шыңы – Төле­ген аспанда ұшып бара жат­қан қаздарға қарап, олар менің отбасым мен еліме хабар жеткізер ме екен деп елесте­тетін сәт. Бұл көрініс ерекше мұң мен үмітке толы болмақ. Ал жырдың соңғы бөлімдері, Жібектің Қалмақ ханнан Төлегеннің ағасы­мен бірге қашып құтылатын тұстары, тіпті бір тынысты триллер секілді әсер қалдырады. 

«Қыз-Жібекті» алғаш оқы­ғаннан бері мен оны Назарбаев университетіндегі әдебиет пәнінен оқитын студенттеріме ұсынып келемін. Тіпті жырдың шағын бір бөлігін ағылшын тіліне аударып, Орталық Азия әдебиетіне арналған Tulips in Bloom атты антологияда жарияладым. Университеттегі сабақтарымда «Қыз-Жібек­тің» кей бөлімдерін әлем әдебиеті пәнінің орта деңгей­дегі курстарында оқытамыз, ал ауызша эпосқа арналған жоғары деңгейдегі курста студенттер жырдың толық мәтінін оқиды. Менің бай­қауым­ша, студенттер бұл шығарманы мен сияқты ерек­ше қызығушылықпен қабылдайды. Әр сабақта жыр туралы қызу пікірталас туады. Көптеген студент соңғы емтихан жұмыстары үшін осы жырдың өзін немесе фильм нұсқасын талдауды таңдайды. Тіпті кейбіреулері «Қыз-Жібекті» дипломдық жұмысының тақырыбы­на айналдырса, енді біреулері оны магистратурадағы ғылы­ми зерттеулерінің басты нысаны етіп алып жатыр», дейді америкалық ғалым Г.Макгуайр.  

P.S. Біз үшін қазақ жырларының алпауыт елдерде зерттеліп жатқаны айтарлықтай жаңалық. Осы арқылы өзге халықтар бай мәдениетімізді, өзгеге ұқсамайтын әдебиетімізді түсінеді. Жырдың шетелге таралуының бір өзегі «Қыз-Жібек» киносы екені рас. Бұл шығармаға қызыққан шетелдік ғалымдар мен ізденушілер жырды оқып, фильмді көріп, екеуін салыстыра зерттей алады. Айтпақшы, «Қыз-Жібек» фильмінің әуелгі аты «Аққу» болған. Осыдан кейін сіз наурызда жауған ақша қарды, айдында аңғал қалпымен жүзген аққуды, асқақ үмітімен ақ махаббатын күткен Жібек сұлуды көз алдыңызға елестетіңіз, сонда бәрі түсінікті болады. 

Соңғы жаңалықтар

Күнімхан әженің қыл шылбыры

Мирас • Бүгін, 08:40

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Мерекелік мәзір: Бағынбайтын баға, тарылмайтын пейіл

Экономика • Бүгін, 08:25

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Адам капиталы – елді сапаландыратын негіз

Қоғам • Бүгін, 08:15

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10

Дәстүр мен технологияның тоғысы

Қоғам • Бүгін, 08:05

Экологиялық жобаларға ерекше көзқарас қажет

Саясат • Бүгін, 08:02

Жан анаңдай шуақты шақ

Наурызнама • Бүгін, 08:00

Alatau City өңірлік дамудың қуатты хабына айналады

Саясат • Бүгін, 07:55

Жаңа Конституция қағидатына сай «Таза Қазақстан»

Саясат • Бүгін, 07:50

Алматының экономикалық индикаторы – 9,4 пайыз

Саясат • Бүгін, 07:45

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Аймақтар • Кеше

Ақтүтек боран кезінде адамдарды құтқарған мұғалім төсбелгімен марапатталды

Марапат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 09:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары