Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Америкалық әскерилер Ирактан 20 жылдан кейін кетіп жатыр

Америкалық әскерилер Ирактан 20 жылдан кейін кетіп жатыр

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Америкалық әскерлер сәрсенбіге дейін Ирактағы соңғы базаларынан кетуі тиіс. Reuters ақпаратынша, бұл шегіністі Иран мен оның елдегі ықпалы айтарлықтай артқан одақтастары жеңіс ретінде қабылдайды. Ирактағы жиырма жылдан астам уақытқа созылған соғыста 4500 америкалық қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2024 жылы президент Джо Байденнің тұсында келісіліп, Дональд Трамп әкімшілігі жүзеге асырып жатқан америкалық әскерлерді Ирактан шығару Иран мен оның одақтастарының ықпал ету аясын кеңейтіп, сондай-ақ АҚШ-тың жаулары, соның ішінде "Ислам мемлекетінің" (ИМ) белсенділігіне жағдай жасауы мүмкін, дейді ирактық қауіпсіздік сарапшылары.

"Иран коалицияның кетуінен стратегиялық пайда көреді, өйткені бұл Тегеранның Ирактағы ықпалына ұзақ жылдар бойы тежеуіш болып келген әскери қатысуды жоюға мүмкіндік береді", - деді ирактық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшы Джасим әл-Бахадли.

Оның айтуынша, ираншыл топтар әскерлердің шығарылуын жеңіс ретінде көрсетіп, "бұл серпінді қауіпсіздік пен саяси шешімдер қабылдауға өз ықпалын күшейту үшін пайдалануға тырысады".

АҚШ әскерлерінің біржола кетуін қоғам қолдағанына қарамастан, Ирак басшыларының бір бөлігі тәуекелдер туралы ескертіп жатыр.

"Біз Ирактың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігін өз мойнына алуға әлі толық дайын емес деп санаймыз. Барлық ирактық толық егемендікке ұмтылады... Бірақ АҚШ бастаған коалицияның кетуі мен бос кеңістіктің пайда болуы - ирактықтар қорқатын нәрсе", - деді Фаллуджадан келген суниттік тайпа жетекшісі Абдулрахман әл-Зобаи.

Иран америкалық әскерлердің Ирактан шығарылуын құптап, Иракқа қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Оқиға қалай өрбіді?

АҚШ Иракқа 2003 жылы басып кіріп, Саддам Хусейн режимін құлатты және 2011 жылы әскерлерін шығарды, алайда үш жылға жетпей 2014–2017 жылдардағы науқанда ИМ-мен күресу үшін қайта оралды. Ирак Вашингтон мен Тегеран арасындағы текетірес алаңы болып қала отырып, олармен қарым-қатынастың сирек тепе-теңдігін сақтап келді.

2020 жылы АҚШ Бағдатта ирандық генерал Касем Сулейманидің көзін жойды; Иранға одақтас топтар АҚШ базаларын атқылап, соққыларға жауап қайтарды. Биыл Иракта 18 америкалық әскери қызметшінің 7-еуі қаза тапты, соңғысы — шілде айында Эрбиль маңындағы базада қаза болды.

Күш құрылымдарының ескертуі

Ирактық және күрдтік күш құрылымдары америкалық барлаудың, логистиканың және ұшқышсыз ұшу аппараттарының жоқтығы ИМ-нің жасырын ұяшықтарын күшейтуі мүмкін екенін ескертеді.

Ирак қауіпсіздік күштері коалиция кететін сәтте жанпидалық лаңкестік әрекеттерді дайындаған ИМ-нің болжамды ұяшығының жоспарын іске асырмай тастағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, сол тұстағы АҚШ президенті Джо Байден 2021 жылдың шілдесінде ел армиясының Ирактағы әскери миссияларының аяқталғанын хабарлаған болатын.

Бұған дейін АҚШ армиясы 20 жылға жуық уақыт болған Ауғанстаннан шыққан еді. Байден кейінгі онжылдықта АҚШ-тың Ауғанстандағы мақсаттары барған сайын бұлыңғыр бола бастағанын мойындады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:69
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 08:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары