Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

ӘМСҚ БАҚ пен әлеуметтік желілер мониторингіне 6,8 млн теңге жұмсады

ӘМСҚ БАҚ пен әлеуметтік желілер мониторингіне 6,8 млн теңге жұмсады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жыл басында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға күнделікті мониторинг жүргізуге тендер жариялады. TengriHealth тілшісі қордың негатив материалдарды қадағалауға қанша қаражат жұмсағанын және оның не үшін қажет екенін анықтады.

Интернеттегі резонанс тудырған материалдарды 24/7 режимінде анықтау

2026 жылғы 21 қаңтарда Медициналық сақтандыру қоры онлайн жүйе арқылы медиамониторинг қызметін көрсетуге 6 840 000 теңгеге тендер жариялады. Futurum Agency компаниясы жеңімпаз атанды. Ол осы сомаға Қордың қызметіне қатысты БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды 24/7 онлайн-режимінде бақылап отыруды міндетіне алды.

goszakup.gov.kz сайтынан алынған скриншот

Конкурс жеңімпазы мен ӘМСҚ 2026 жылдың аяғына дейін 12 айға шарт жасасты.

Техникалық ерекшелікке сәйкес, өнім беруші автоматтандырылған онлайн жүйенің көмегімен электрон және баспа басылымдарының сайттарына, телеарналарға, ақпараттық агенттіктерге, радио мен әлеуметтік медиаға күнделікті мониторинг жүргізу қызметін көрсетуі тиіс.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді

30 наурыз 15:27 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді

31 наурыз 16:22 1

Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған техникалық ерекшелікте мониторинг жүргізілетін жүйе жарияланымдарды анықтап қана қоймай, олардың мазмұнына талдау жасайтыны айтылған. Оның функцияларына мыналар жатады:

жаңалықтарды өңірлер бойынша бөлу; БАҚ-та кілт сөздер бойынша іздеу және ақпаратты күйі (позитив, негатив, бейтарап) бойынша автоматты түрде жіктеу; БАҚ ақпараттарын 24/7 онлайн-режимінде жинау және өңдеу; күнделікті, апталық және айлық аналитикалық есептерді қалыптастыру; мониторинг бойынша күнделікті дайджесттерді автоматты түрде жіберу; БАҚ-тағы резонанс тудырған материалдарды 24/7 режимінде анықтау.

Техникалық сипаттамаға сәйкес, негатив жарияланым пайда болған жағдайда, жүйе жедел шаралар қабылдау үшін қорға мессенджер немесе электрон пошта арқылы push-хабарлама жіберіп, лезде құлақтандырады.

Құжатта өнім берушінің ай сайын жаңалықтарды санаттар бойынша (позитивті, бейтарап және негативті) және ақпарат көздерінің белсенділігін талдау бойынша бөлінген медиамониторингтік аналитикалық есеп жіберіп отыруы тиіс екені жазылған.

Қорға бұл есептер не үшін қажет?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына осы шығындардың тиімділігі қалай бағаланатынын білу үшін сауал жолдадық.

Ведомство БАҚ мониторингіне жұмсалған шығыстардың тиімділігін оның әкелетін нақты пайдасымен анықтауға болатынын түсіндірді:

ақпараттық себептер мен азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету; түсіндіру жұмыстарының дәлдігі мен мақсаттылығын арттыру; типтік сұрақтардың алдын алу арқылы кері байланыс арналарына түсетін жүктемені азайту; ресми ақпараттың қамту аясы мен қолжетімділігін арттыру; әлеуметтік шиеленістің өршу қаупін төмендету.

"Іс жүзінде бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін қоғамдық тәуекелдерді ерте ескерту және басқару жүйесі туралы болып отыр", - делінген жауапта.

Тәжірибеде бұл былай көрінеді:

типтік өтініштерді (мысалы, МӘМС-тегі мәртебесі немесе қызметтерге қолжетімділік бойынша) анықтайды және түсіндіру жұмыстарын түзетеді; ықтимал заңбұзушылықтар туралы сигналдарды жедел тексереді және уәкілетті органдармен және медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; коммуникацияны аса маңызды тақырыптар мен өңірлерге бағыттайды.

Қор қазіргі уақытта қоғам мен сарапшылар тарапынан МӘМС 2.0 моделіне қатысты сыни пікірлер айтылып жатқанын мойындайды.

"БАҚ-та Qalqan платформасын құруға кететін ықтимал шығындар туралы кейбір жарияланымдардан кейін қор тиісті толық түсіндірмелер берді", - деп мысал келтірді ӘМСҚ.

Негатив туралы деректер қалай пайдаланылады?

Қор жарияланымдарды онлайн-режимде қадағалап отырады. Жүйе кілт сөздер мен авторлар бойынша материалдарды автоматты түрде анықтайды.

"Бұл деректер белгілі бір жарияланымдардың таралу ауқымын және тәуекел деңгейін бақылауға әрі басқаруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ӘМСҚ өкілдері.

Мәселен, егер БАҚ-та белгілі бір тақырыптар бойынша теріс материалдардың саны көбейсе, қор мониторингті күшейтеді, түсініктемелер дайындайды, қажет болған жағдайда аудиториямен жұмыс істеу үшін ресми спикерлерді тартады.

Сондай-ақ теріс ақпарат көздеріне қосымша талдау жасалып, негізгі триггерлер анықталатыны айтылды. Мысалы, материалдардың дұрыс берілмеуі немесе олардың бұрмалануы, сондай-ақ әсерге тез берілетін аудиториялар. ӘМСҚ пікірінше, бұл нүктелі әрекет етуге және репутациялық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық

БАҚ

бақылау

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 16:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары