Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

2026 жылғы ӘМСҚ: 3,4 триллион теңге қайда бағытталады

2026 жылғы ӘМСҚ: 3,4 триллион теңге қайда бағытталады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

2026 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) медициналық көмекке 3,406 миллиард теңгеден астам қаражат қаралған. Бұл қаражат қандай қызметтерге жұмсалатынын және әкімшілік шығындарға қанша ақша кететінін Tengri Health тілшісі анықтап көрді.

Қор медициналық көмекке қанша қаражат бағыттайды?

Медициналық сақтандыру қорының ресми сауалымызға берген жауабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде қаралған қаражаттың жалпы көлемі төмендегідей:

2024 жылы - 2 797,8 миллиард теңге; 2025 жылы - 2 956,6 миллиард теңге; 2026 жылы - 3 406 миллиард теңге.

Біз жалпы көлемнен медициналық көмектің түрлі бағыттарына және әкімшілік шығындарға қанша ақша бөлінетіні туралы ақпарат беруді сұрадық.

1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек.

2026 жылы емханалардың қызметін төлеуге 589,4 миллиард теңге қаралған. Бұл қаржыландырудың жалпы көлемінің 17,3 пайызын құрайды.

2025 жылы 593,4 миллиард теңге немесе 20,1 пайыз бөлінген болатын, 2024 жылы - 580 миллиард теңге немесе 20,7 пайыз.

2. Стационарлардағы мамандандырылған медициналық көмек.

Қордың мәліметінше, биыл бұл бағытқа 773,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл қызметтерге жұмсалатын шығындардың үлесі ӘМСҚ жоспарлаған жалпы көлемнің 22,7 пайызын құрайды.

2025 жылы - 646,9 миллиард теңге немесе 21,9 пайыз, 2024 жылы - 594,2 миллиард теңге немесе 21,2 пайыз.

3. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

Пациенттер тегін алатын препараттарды сатып алуға 2026 жылы 348,7 миллиард теңге қаралған, бұл - жалпы қаржыландырудың 10,2 пайызы.

2025 жылы - 272,9 миллиард теңге (9,2 пайыз), 2024 жылы - 246,9 миллиард теңге (8,8 пайыз).

4. Консультациялық-диагностикалық көмек.

Бұл - пациенттің емханаларда, диагностикалық орталықтарда, ауруханалардың амбулаториялық бөлімшелерінде ауруханаға жатпай-ақ алатын бейінді дәрігерлердің кеңестері, талдаулар мен тексерулер.

2026 жылы бұл мақсатқа 428 миллиард теңге (12,6 пайыз) бөлінді.

2025 жылы - 354,6 миллиард теңге (12 пайыз), 2024 жылы - 362,9 миллиард теңге (13 пайыз).

5. Жедел медициналық көмек және медициналық тасымалдау.

Биыл бұл қызметтер 151,7 миллиард теңгеге (жалпы көлемнің 4,5 пайызы) қаржыландырылады.

2025 жылы бұл сома 129,3 миллиард теңгені (4,4 пайыз) құрады, 2024 жылы - 119,6 миллиард теңге (4,3 пайыз). Қор өзіне қанша жұмсады?

Редакция қордан әкімшілік шығындар мен қызметкерлердің еңбекақысы туралы ақпаратты бөлек сұратты. Бізге 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қордың шығындары 8,9 миллиард теңгені құрағанын айтты. Бұл соманың ішінде:

5,6 миллиард теңге (62 пайыз) - барлық өңірдегі барлық қызметкердің еңбекақысы; 1,2 миллиард теңге (13 пайыз) жалдау ақысына және өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысуға бағытталды; 700 миллион теңге (8 пайыз) - салықтар.

2025 жылы жалпы шығындар 17,6 миллиард теңгені құрады:

11,7 миллиард теңге (66 пайыз) - қызметкерлердің жалақысы; 2,1 миллиард теңге (12 пайыз) - жалдау ақысы және өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу; 1,6 миллиард (9 пайыз) - салықтар.

2024 жылы қордың шығындары 15,7 миллиард теңгені құрадыжұмыс істеді. Оның ішінде:

10,6 миллиард теңге (67 пайыз) - еңбекақы төлеу. 1,6 миллиард теңге (10 пайыз) - жалдау ақысы және өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу, 1,2 миллиард теңге (7 пайыз) - салықтар. Әкімшілік шығындарға не кіреді?

Қордағылар сөз болып отырған әкімшілік шығындар тек Астанада орналасқан орталық филиалға ғана қатысты емес екенін нақтылады.

"Оларға қордың 20 өңірлік аппаратының әкімшілік шығындары кіреді", - деп толықтырды жауапта.

Жалақыдан бөлек, бұл санатқа мыналар кіреді:

азаматтарға МӘМС мәселелері бойынша телефон арқылы кеңес беру қызметіне ақы төлеу, үй-жайларды жалдау, байланыс, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді ұстау және оларға қызмет көрсету, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да шығыстар.

Бұған дейін біз қорға пациенттердің қанша ақша аударатынын және олардың өздеріне көрсетілген қызметтердің құнын біле алатынын-білмейтінін талдаған болатынбыз. Бұл туралы толығырақ осы сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ)

сақтандыру

Қаражат

Денсаулық

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:46
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see119

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see118

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see117

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see115

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see115

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see115

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see115

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see115

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see114

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see113

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see112

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see112

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see112

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see111

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see111

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see108

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see107

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары