Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жемісті жеті жыл

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Міндетті медициналық тексеруден өту тәртібі өзгерді

Міндетті медициналық тексеруден өту тәртібі өзгерді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Атап айтқанда, жұмысқа орналасу кезінде алдын ала міндетті медициналық тексеруден және мерзімдік міндетті медициналық тексеруден өтуге жататын адамдардың нысаналы топтарын, оларды өткізу тәртібін, зертханалық және функционалдық зерттеулер көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және қауіпті өндірістік факторларды, сондай-ақ "Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін бекіту туралы бұйрыққа түзетулер енгізілді.

Міндетті медициналық тексеруден өту және "Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында қандай өзгерістер болғанын түсіндіреміз.

Нақтылай түссек, алдын ала, мерзімдік, ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) міндетті медициналық тексерулерді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңға сәйкес белгіленген үлгідегі мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.

Міндетті мерзімдік медициналық тексеруді өткізген медициналық ұйым әр қызметкердің тексеру нәтижелерін медициналық цифрлық жүйеге енгізеді.

Жұмыс беруші медициналық ұйыммен бірлесіп:

қызметкерде созылмалы кәсіптік ауруға күдік анықталған (алдын ала диагноз қойылған) жағдайда, қорытынды акт негізінде оны еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауымен аурудың байланысын сараптау үшін кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

Жаңа норма енгізілді:

Жалпы аурулардың айқын түрлері бар, олардың жұмысын жалғастыруға медициналық қарсы көрсетілімі бар немесе жоқ қызметкерлер, сондай-ақ ағзасына зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері бар және зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында кемінде сегіз жыл үздіксіз еңбек өтілі бар қызметкерлер кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымында бес жылда бір рет мерзімдік медициналық тексеруден өтеді.

Норма нақтыланды

Ағзасына зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері және кәсіптік аурулардың белгілері бар қызметкерлер, сондай-ақ кәсіптік жарамдылықты анықтау қиын болған немесе қызметкер, жұмыс беруші, сақтандыру компаниясы дәрігерлік комиссияның қорытындысымен келіспеген жағдайда, кәсіптік жарамдылығын сараптау үшін кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ұйымға жіберіледі.

Бұдан бөлек, "Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібіне қатысты жекелеген нормаларға өзгерістер енгізілді.

Құжаттарды қабылдау қызмет көрсетуші – медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.

Қызмет көрсетуші мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері туралы деректердің мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары елорданың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау (қоғамдық денсаулық сақтау) басқармаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

Тағы бір жаңа норма

Қазақстан Республикасының заңнамасына, келісімге және ұжымдық шартқа сәйкес ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетті қызметкерлерге Еңбек кодексінің 125-бабында көзделген кепілдіктер сақталады.

Міндетті медициналық тексеруден өтуге жататын адамдардың нысаналы топтары, сондай-ақ зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемі жаңартылды.

Міндетті медициналық тексеруден мына санаттар өтеді:

қоғамдық тамақтану орындарының, кремді-кондитерлік өндірістер мен балалардың сүт тағамдарын дайындайтын асүйлердің қызметкерлері; тамақ өнеркәсібі мен азық-түлік саудасынысандарының қызметкерлері, азық-түлік өнімдерін тасымалдаумен айналысатын адамдар; бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару және (немесе) оларды тексеру арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын адамдар; жолаушыларға қызмет көрсететін ұйымдардың (теміржол вокзалдары, әуежайлар, теңіз және өзен вокзалдары, автовокзалдар, метро) қызметкерлері; жолаушылар пойыздарының жолсеріктері, өзен, теңіз және әуе көлігінің стюардтары; бастауыш, жалпы орта, кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының, мектептен тыс мекемелердің, компьютерлік клубтардың қызметкерлері; маусымдық балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру ұйымдарының қызметкерлері; мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін санаторийлік-сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің, отбасылық үлгідегі үйлердің қызметкерлері; перзентханалардың (бөлімшелердің), балалар ауруханаларының (бөлімшелердің), жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің, шала туған нәрестелер бөлімшелерінің медицина қызметкерлері; қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық бағыттағы медицина қызметкерлері, инвазивті диагностика және емдеу әдістерін жүргізетін медицина қызметкерлері, гемодиализбен айналысатын медицина персоналы, сондай-ақ вирусологиялық, бактериологиялық, клиникалық, иммунологиялық және паразитологиялық зертханалардың қызметкерлері; биологиялық материалмен жұмыс істейтін медициналық ұйымдардың кіші медицина қызметкерлері; жұмысы инвазивті рәсімдермен байланысты емес медициналық ұйымдардың қызметкерлері; санаторийлердің, демалыс үйлерінің, пансионаттардың, интернаттардың және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері; қызмет көрсету саласының қызметкерлері (моншалар, душ бөлмелері, сауналар, шаштараздар, косметологиялық салондар, кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары), бассейндер мен сумен емдеу орындарының, балшықпен емдеу орындарының, спорттық-сауықтыру ұйымдарының қызметкерлері, қонақүйлердің, мотельдердің, жатақханалар мен кемпингтердің менеджерлері, әкімшілері және қабат меңгерушілері; дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың (зауыттар, фабрикалар, қоймалар) дәрілік заттарды дайындаумен, өлшеп-ораумен және сатумен айналысатын қызметкерлері; су дайындауға тікелей қатысы бар су құбыры құрылыстарының қызметкерлері, су құбыры желілеріне қызмет көрсететін адамдар, өндірістік зертханалардың, сумен жабдықтау және кәріз нысандарының қызметкерлері; міндетті медициналық тексеруден өтуге жататын қызметкерлер ретінде ұйымдарда практика басталар алдында және практикадан өту кезінде жалпы білім беретін мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқушылары (студенттері); оқуға түсетін адамдар; ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер.

Сонымен қатар жұмысқа орналасу кезінде алдын ала міндетті медициналық тексеру және мерзімдік міндетті медициналық тексеру жүргізілетін зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, кәсіптер мен жұмыстардың тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге жіберуге қатысты медициналық қарсы көрсетілімдер жаңа редакцияда жазылды.

Бұдан бөлек, кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасын жүргізу қағидаларына да түзетулер енгізілді.

Құжатқа мынадай жаңа норма қосылды:

Жедел және (немесе) созылмалы кәсіптік аурулар немесе улану жағдайлары, оның ішінде кәсіптік аурулар немесе улануға күдік туындаған кезде, тергеп-тексеру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.Кәсіптік патология бойынша сараптамалық комиссияның (КПСК) қорытындысы қағаз және электрондық нысанда рәсімделіп, кәсіптік денсаулық клиникасындағы пациенттің медициналық құжаттарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы бұйрығына сәйкес тұрақты түрде сақталады.Электрондық ақпарат "цифрлық үкімет", "Е-өтініш" порталдары немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы мамандандырылған цифрлық жүйелер арқылы жіберіледі.

Егер хабарламаны жіберу мерзімі демалыс немесе мереке күндеріне түссе, хабарлама жіберу мерзімі келесі жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Бұйрық 3 қазаннан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 15:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see120

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see118

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see117

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see115

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see115

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see115

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see115

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see115

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see115

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see113

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see113

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see112

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see112

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see111

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see111

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see108

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see108

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары