Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Ұлыбританияда пәтер жалдау тәртібі өзгерді

Ұлыбританияда пәтер жалдау тәртібі өзгерді

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ұлыбританияда кісі есігін сағалап жүргендер көп. Үй қымбат болған соң бірсыпыра жұрт жалдап тұруға мәжбүр. Бірақ адал ақшаңды уақытылы қолына ұстатсаң да пәтер иесінің айтқанына көніп, айдағанына жүресің. Басқа амал жоқ. Өйткені заң жалдаушыны емес, жалға берушіні жақтайды.

Корольдік енді пәтерді жалға алу тәртібін өзгертті. «Жалға алушылар құқықтары туралы» құжат күшіне енді. «Жаңа заң жылжымайтын мүлік саласында кейінгі отыз жылдағы ең ауқымды реформа», - дейді сарапшылар. 

Ұлыбританияда 11 млн  тұрғын пәтер жалдап, өзгенің босағасында тұрып жатыр. Ресми дерек бойынша 2,3 млн адам үйін жалға береді. Заң да осы қожайынның жағында. Үй жалдаушыларды кез келген уақытта тентіретіп жіберуі мүмкін. Сол себепті кіріптар жұрт жалдау ақысының қымбаттығы мен өзге де шарттарына көнетін. Ағылшындар енді осы мәселені қолға алды.  Жаңа заң бойынша жалға алушы келісімді екі ай бұрын ескертіп тоқтата алады, ал үй иесі оны тек заңды, дәлелді негізбен ғана шығара алады. Сосын бір айдан артық алдын ала төлем талап ете алмайды. Жалдау ақысын негізсіз көтерсе, заң тұтынушыны қорғауы мүмкін. Ит, мысық ұстауға рұқсат. Тек шектен шықпауға тиіс.

Стив Рид, Ұлыбританияның тұрғын үй және жергілікті басқару жөніндегі мемлекеттік хатшысы:


- Ондаған жылдар бойы таразы басы үй иелерінің пайдасына қарай иіліп тұрды. Ендігі мақсат - жалға алушылар мен үй иелері арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру. Біз алдыңғы үкіметтердің көз алдымызда қалыптастырып кеткен әділетсіздігіне нүкте қойып, миллиондаған адамның үйінен айырылып қалам ба деген қорқынышын жоймақпыз. Бұл – елдегі барлық жалға алушылар үшін тарихи сәт, осының қолымыздан келгені үшін қуаныштымыз.

Бұрын балалы жан, мүгедек, студент десе басын ала қашатын үй иелері енді олай еркінси алмайды. Жеке жалдау секторы үшін Омбудсмен институты құрылып, жалға алушылардың шағымдарын тез және міндетті түрде қарайтын болды. Омбудсмен үй иесін кешірім сұратуға, жөндеу жүргізуге немесе өтемақы төлеуге міндеттей алады.

Кир Стармер, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Әр отбасы қауіпсіз және қорғалған үйде өмір сүруге лайық. Миллиондаған жалға алушылардың тағдыры осы күнге дейін тұрақсыз келісімшарттардың қолында болды. Біз бұл қателікті жойдық. Қауіпсіз баспана – тек кірпіш пен бетон емес, ол мүмкіндікке, қауіпсіздікке және жақсы өмірге бастайтын іргетас. Бірде-бір бала онсыз өспеуі керек.

Үкімет алдағы уақытта реформалардың қалай, қай деңгейде іске асатынын жария етеді. Сарапшылар бұл сәтті тарихи кезең деп санайды. Өйткені тұтынушылар мен заңгерлер осындай әділетсіздікпен ондаған жылдар бойы күресіп келеді. «Заң күшіне енсе, Ұлыбританияның баспана нарығында жаңа дәуір басталады», - дейді олар.
Авторы: Әйгерім Ардаққызы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 08:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары