Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Амур жолбарысы тарихи мекеніне жіберілді

Амур жолбарысы тарихи мекеніне жіберілді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстан Республикасының мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2026 жылғы 31 шілдеде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға орын алды. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жолбарысты табиғи мекеніне жіберу оны тарихи мекендеу ареалына қайтару және популяциясын қалпына келтіру бағдарламасын іске асырудағы алғашқы практикалық қадам болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев,

Ресей Федерациясының Әділет министрі, «Амур жолбарысы» орталығының бақылау кеңесінің төрағасы Константин Анатольевич Чуйченко, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың, халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері және жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасына қатысып жүрген сарапшылар қатысты.

Жолбарысты тарихи мекендеу ареалына қайтару жұмыстарының алдында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және халықаралық серіктестер бірнеше жыл бойы бірлесіп ауқымды жұмыс жүргізді.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев:

«Бүгін біз шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Қазақстан аумағында жолбарыс жойылып кеткеніне 70 жылдан астам уақыт өткен соң алғаш рет жолбарыс өзінің тарихи мекендеу ареалына қайта жіберілді. Бұл – мемлекетіміздің, ресейлік әріптестеріміздің, ғалымдар мен халықаралық серіктестердің көп жылғы бірлескен еңбегінің нәтижесі. Алда жолбарыстарды тұрақты бақылау және орнықты популяция қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыс күтіп тұр. Дегенмен бүгін осы маңызды істің алғашқы әрі аса маңызды қадамы жасалды».

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы кездейсоқ таңдалған жоқ.

Оңтүстік Балқаш өңірі мен Іле өзенінің бойы тарихи тұрғыдан жолбарыстың табиғи мекені болған.

Бұл аумақта Орталық Азиядағы ең ірі жыртқыштардың бірі – Тұран жолбарысы мекендеген.

Бірегей тоғайлы ормандар мен мол қоректік база оның тіршілік етуіне қолайлы жағдай қалыптастырған.

Алайда ХХ ғасырдың ортасында тоғайлы ормандар алқабының қысқаруы, жабайы тұяқты жануарлар санының азаюы және браконьерліктің салдарынан жолбарыс Қазақстан аумағынан толықтай жойылды.

Жолбарыстың соңғы рет кездескені туралы нақты деректер осыдан 70 жылдан астам уақыт бұрын тіркелген.

Бүгінде жүзеге асырылып жатқан бағдарлама жолбарысты оның тарихи мекендеу орындарына қайтаруға бағытталған. Бұған дейін мемлекет табиғи экожүйені қалпына келтіру және жолбарыстың қайта оралуына қажетті жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыс атқарды.

Жолбарысты тарихи мекендеу ареалына қайтаруға дайындық 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізілді.

Осы кезеңде мемлекет ауқымды жұмыстарды жүзеге асырды: «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды, жолбарыстың табиғи ортаға қайта оралуына қажетті жағдай жасалды, оның негізгі қорек қоры болып саналатын жабайы тұяқты жануарлардың санын көбейту жұмыстары жүргізілді, жануарларды ұстау мен бейімдеуге арналған арнайы вольерлер салынды, қажетті инфрақұрылым қалыптастырылып, тұрақты ғылыми мониторинг ұйымдастырылды.

2026 жылғы мамыр айында Ресей Федерациясының қолдауымен Қазақстанға табиғи ортадан ауланған төрт Амур жолбарысы жеткізілді: екі ересек жолбарыс және 6–7 айлық екі жолбарыс.

Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жануарлар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында арнайы салынған бейімдеу вольерлеріне орналастырылды.

Табиғи ортаға жіберілер алдында Үмітке кешенді ветеринариялық тексерулер жүргізіліп, қажетті сынақтардан өтті.    

Мамандар оның денсаулық жағдайын, мінез-құлқын, аңшылық қабілетін және адамға реакциясын тексерді.

Тексеру нәтижесінде Үміттің табиғи ортада өз бетінше тіршілік етуге дайын екені туралы шешім қабылданды.

Табиғи ортаға жіберілер алдында Үмітке заманауи GPS/GSM спутниктік қарғыбау тағылды.

Қазіргі уақытта Үмітке спутниктік қарғыбау, фототұзақтар желісі және басқа да заманауи бақылау құралдары арқылы тәулік бойы тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Мамандар нақты уақыт режимінде оның қозғалысын, жаңа ортаға бейімделуін және жаңа аумақты игеруін бақылап отыр.

Жолбарыс қоректік тізбектің шыңындағы жыртқыш әрі табиғи тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады.

Оның қайта оралуы табиғи экожүйесі сақталған және қорек қоры жеткілікті аумақтарда ғана мүмкін.

Сондықтан жолбарыстың қайта оралуы тек осы түрді ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Балқаш өңірінің тұтас экожүйесін қалпына келтіруді білдіреді.

Аталық жолбарыс мамандардың тұрақты бақылауында болып, қажетті мінез-құлық сынақтарынан өтуді жалғастыруда.

Оны табиғи ортаға жіберу туралы шешім барлық сынақтар аяқталып, өз бетінше тіршілік етуге толық дайын екені расталғаннан кейін қабылданады.

Қазақстанға 6–7 айлық кезінде жеткізілген екі жолбарыс арнайы жабдықталған «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының вольерлерінде өсіп, жетіліп келеді.

Олар 18 айлық жасқа толғанға дейін мамандардың тұрақты бақылауында болады.

Әр жолбарыс бойынша ветеринариялық тексерулер мен мінез-құлық сынақтары аяқталғаннан кейін оларды табиғи ортаға жіберу мүмкіндігі туралы жеке шешім қабылданады.

Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тығыз ынтымақтастығының, сондай-ақ халықаралық табиғат қорғау ұйымдары мен ғылыми қауымдастықтың қолдауының арқасында мүмкін болды.

Бұл жоба сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтау саласындағы тиімді халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып табылады.

Үміттің табиғи ортаға жіберілуі жолбарысты тарихи мекендеу ареалына қайтару бағдарламасын практикалық іске асырудың алғашқы кезеңі болды. Алдағы уақытта қалған жануарлар дайын болған сайын жұмыс жалғасады.

Бағдарламаның түпкі мақсаты – Іле өзенінің бойы мен Оңтүстік Балқаш өңірінде жолбарыстың орнықты популяциясын қалыптастыру.

Тұран жолбарысы тарихи тұрғыдан Орталық Азиядағы тоғайлы ормандар мен өзен жайылмаларын, соның ішінде Іле өзені алабын, Оңтүстік Балқаш өңірін, Сырдария өзенінің бойын және қазіргі Қазақстан аумағындағы басқа да өңірлерді мекендеген. Ол өңірдегі ең ірі жыртқыштардың бірі болып, табиғи тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарған.

ХХ ғасырдың ортасында табиғи мекендеу ортасының жойылуы, қорек қорының азаюы және браконьерліктің салдарынан Тұран жолбарысы толықтай жойылып кетті.

Қазіргі молекулалық-генетикалық зерттеулер Тұран және Амур жолбарыстарының генетикалық тұрғыдан бір-біріне өте жақын екенін растады. Сондықтан Амур жолбарысы әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан жолбарысты тарихи мекендеу ареалында қалпына келтіруге ең қолайлы бастапқы популяция ретінде танылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 08:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары