Ресейден әкелінген Амур жолбарысы табиғатқа жіберілді
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Үміт есімді аналық жолбарыс қазір «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында жаңа мекеніне бейімделіп жатыр. Табиғатқа жіберілер алдында мамандар оның денсаулығын, аңшылық қабілетін және мінез-құлқын жан-жақты тексеріп, тәулік бойы бақылауға мүмкіндік беретін GPS/GSM спутниктік қарғыбауын таққан.
Жолбарысты тарихи мекеніне қайтару бағдарламасына дайындық жұмыстары 10 жылдан астам уақыт жүргізілген. Осы уақыт ішінде табиғи ортаны қалпына келтіру, қоректік базаны нығайту мен жануарларды бейімдеуге қажетті инфрақұрылым жасақталған.
«Бүгін біз шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Қазақстан аумағында жолбарыс жойылып кеткеніне 70 жылдан астам уақыт өткен соң алғаш рет жолбарыс өзінің тарихи мекендеу ареалына қайта жіберілді. Бұл – мемлекетіміздің, ресейлік әріптестеріміздің, ғалымдар мен халықаралық серіктестердің көп жылғы бірлескен еңбегінің нәтижесі. Алда жолбарыстарды тұрақты бақылау және орнықты популяция қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыс күтіп тұр», деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Қазір мамандар Үміттің қозғалысы мен табиғи ортаға бейімделуін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Алдағы уақытта барлық сынақтардан сәтті өткен өзге жолбарыстарды да табиғи ортаға жіберу жоспарланып отыр.
Еске салайық, 27 мамырда Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында Ресей президенті Қазақстанға төрт Амур жолбарысын тарту етті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 14:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















