Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Анам естіп қойды : көз жұмған әйелдің әпкесі мен енесі оқиғаны әртүрлі баяндады

Анам естіп қойды : көз жұмған әйелдің әпкесі мен енесі оқиғаны әртүрлі баяндады

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Ащыбұлақ ауылында 29 жастағы Гүлмира Мырзақұлова өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға туралы марқұмның туыстары мен күйеуінің ата-анасы Sputnik Қазақстанға айтып берді.

Гүлмира бірінші некесі сәтсіз болып, екінші рет тұрмыс құрған. Күйеуі де солай. Бірінші әйелі екеуі 12 жыл отау құрып, бірақ бала сүймеген. Ерлі-зайыпты еш жанжалсыз бір-біріне бақыт тілесіп, айырылысқан. Ер адам араға уақыт салып, өзінен 13 жас кіші Гүлмирамен бас қосқан. Ал отбасындағы жанжал биыл шілдеде болды.

"Анама айтпа..."

"23 шілдеде Гүлмира мен тағы бір сіңлім үшеуіміз бейнеқоңыраумен сөйлестік. Гүлмираның қолы гипсте екен. Мен ашуланып, оны ата-анама айтып бердім. Күйеуіне хабарласып, сіңлімнің сөзін сөйледім. Сөйтіп жатқанымда Гүлмирадан кіші сіңлім маған "анама айтпа" деп жанталасып жазып жатты", - дейді марқұм әйелдің әпкесі Азиза Мырзақұлова.

Әпкесінің анасына айтып қойғанын білген Гүлмира сіңлісімен хош айтысқан.

"Гүлмира сіңліме "әпкем ата-анама айтып қойды, екі балам аманат, мен шаршадым" деп айтқан. Содан сіңлім маған "Гүлмира өзіне бір нәрсе істеді, тез бару керек" деді. Мен інімді шақыра салып, оның жалдамалы пәтерін іздедім. Сағат таңертеңгі 11-ден үшке дейін іздеп, әрең таптық. Сол уақыт аралығында күйеуі жақтан ешкім телефонға жауап бермеді", - дейді марқұмның туыстары.

Телефон үшін қолын сындырған

Гүлмира мен күйеуі екі жарым жыл ата-ене үйінде тұрып, бөлек шыққанына 7 ай болған. Қайғылы оқиға екінші рет ауыстырған жалдамалы пәтерде болған. Әйелдің төркіні ол пәтерінің нақты мекен-жайын білмеген. Бірақ Гүлмира осы жылдар ішінде бір де бір рет күйеуінің ұратыны туралы шағым айтпаған.

"Гүлмира күйеуінің телефонын сындырып тастаған. Күйеуі сол үшін қолын сындырған. Күйеуіне "сіңлімді неге ұрасың, алып кетем" деп едім "алып кете бер" деді. Бұл ұрыс-керіс 23 шілдеде болған. Ал Гүлмира 26 шілдеде өзіне қол жұмсады", - дейді әпкесі.

Туыстары "Гүлмира бұған дейін де таяқ жеді " деп күдіктенеді.

Гүлмираның денесі мәйітханаға жеткізілген. Бірақ екі тарап арасында сол жерде жанжал болып, арты тіпті төбелеске ұласқан.

"Немерелерім науқас"

Sputnik Қазақстан тілшісі күдікке ілінген күйеудің ата-анасымен сұхбаттасты. 70 жастан асқан зейнеткерлер Гүлмира қолдарында тұрғанда жанжал болмап еді дейді.

"Тойын жасап, келін етіп түсірдік. Балам бірінші келінмен өте жақсы тұрды, бірақ баласы болмады. Ал Гүлмира екеуінен егіз немерем дүниеге келді. Бір ұл, бір қыз. Қыздың талмасы бар, ал ұлды босанғанда ваккуммен шығарып, содан миына зақым келген. Өздігімен тамақ іше алмайды, көзі көрмейді. 2,5 жасқа келді", - дейді марқұм әйелдің енесі Қызболды Бектемісова.

Былтыр желтоқсанда Гүлмира мен күйеуі бөлек шығатындарын айтқан. Алайда енесі қарсы болған.

"Екі немерем де науқас. Өзім әрең жеткен немерелер. Титтейінен ауыздарына қасықпен тамақ беріп өсірдім. "Бағып берейін, екеуімен қиналасың" дедім. Содан бала мен келін бөлек шығамыз деп қоймады. Пәтер жалдап кетті. Шалымыз екеуміз алған жер бар еді. Соған құрылыс материалдарын екеуміз сатып алып, таси бастадық. Үй салып берейік дедік", - дейді зейнеткерлер.

Жанжал телефоннан басталған

Бірге тұрғанда бір де бір рет жанжалдаспаған Гүлмира мен күйеуінің бөлек шыққанда шаңырақтары шайқала бастаған.

"Балам келінге 7-8 рет телефон соғыпты. Келінім көтермеген. Содан үйге келіп жанжалдасып, келін күйеуінің телефонын алып жерге атып ұрған. "Жаңа телефонды неге шағасың, осымен күн көріп отырмыз емес пе" деп қолынан ұрып жіберген. Өйткені ұлым күндіз терезе жасайды, түнде таксист болады. Келін қорғанам деп қолын тосқан. Сол кезде саусағы шығып кетіпті. Оны естіп, құстай ұшып бардық. Екеуін татуластырып, келіннің қолын ауруханаға апарып гипстеп бердік. Үйлерінде үш күн жатып, жаңағы саламыз деген үйдің құрылыс заттарын әкелуге таңертең шығып кеткенімде Гүлмира өз өзіне қол жұмсапты", - дейді енесі.

Татуласып, тыныш отырған келініме не болғанын білмедім деген енесі де көз жасын тыя алмады. Айта кетейік, енесі үйден шыға салып, Гүлмира әпке-сіңлісімен бейнеқоңырау жасаған. Бұл - 26 шілде, жанжал болғаннан кейін үш күн өткен соң. Сол кезде әйелдің қолы сынғанын көрген төркіні ашуға беріледі. Дәл сол сәт Гүлмира сіңлісіне балаларын табыстап, өзіне қол жұмсайды.

"Менің ойымша, келінім екі бірдей науқас баладан шаршап, күйзеліске түсті. Қолымда жүргенде де немерелерімді шырылдатып ұра беретін. "Ұрма" деп араша түсетін едік. Ол кезде бір шетіне шығып, балаларды атасы екеуміз қарадық. Пәтерге шыққанда мүмкін жалғызілік қажыды ма екен, кім білсін", - дейді енесі Қызболды Бектемісова.

Әйел басымен ұра береді

Бірде-бір келінім төркініне кетіп, ешбір қызым некесін бұзбап еді, басымызға бұлт үйірілді, дейді Гүлмираның енесі.

"Екі айда үй салып, бала-келінді кіргізейік деп жанталасып құрылыс базарында жүргенде қаралы хабар келді. Келін сол жалдамалы үйдің алдындағы контейнерде өзіне қол жұмсапты. Гүлмира арық еді, кейіннен өте қатты толып кетті. Сол күйзелістен болды. Қазір екі немерем қолымда. Бұған дейін ұлым екі рет "мама, Гүлмира мені әйел басымен ұра береді, шаршадым" деп айтты. "Қой, жас қой, басылады" деп ұлға басу айттық. Сөйтіп тағы бір төбелесте балам енесіне хабарласып, "қызыңызды алып кетіңіз, шыдамым таусылды" депті. Әкесі екеуміз қатты ашуланып, ұлымызға ұрыстық", - дейді ол.

Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы облыстық полиция департаментіне сауал жолдады. Департамент әзірге ресми жауап бермеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Тамыз 2026 23:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары