Анатолий Кашпировский қайтыс болды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Кеңестік және ресейлік дәрігер-психотерапевт Анатолий Кашпировский 87 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов Telegram-арнасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Life.
"Анатолий Михайлович Кашпировский дүниеден озды. Жатқан жері жайлы болсын!" - деп жазды жүргізуші.
Анатолий Кашпировский - кеңестік және ресейлік дәрігер-психотерапевт, қайта құру кезеңінде "емші" және гипнозшы ретінде танымал тұлғаға айналған. 1962 жылы медицина институтын бітіріп, әскерде және КСРО-ның ауыр атлетикадан құрама командасында жұмыс істеп, сол жерде психотерапияны қолдана бастаған. Ол 1988–1989 жылдары орталық телевидениедегі сеанстары арқылы танымал болды. Онда миллиондаған көрерменді ауруларынан "емдеп", қашықтан "нұсқаулар" беріп, жаппай психоз бен дау-дамай тудырды. 1993 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, 2000-жылдары Ресейге оралды; Мәскеуде тұрған, сирек сеанстар өткізген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:112
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қазан 2026 14:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















