Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Апеннин түбегінде асығымыз алшысынан түсе ме?

Апеннин түбегінде асығымыз алшысынан түсе ме?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Биылғы ең басты спорттық жарыс – 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпия ойындары. Байрақты бәсеке барысында спорттың 8 түрінен (16 қашықтық) 116 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Қатысушылар қатарында еліміздің спортшылары да бар. Осы дүбірлі дода қарсаңында Ақ Олимпиаданың тарихына қысқаша шолу жасауды жөн көрдік.

Тәуелсіз мемлекет әрі дербес команда ретінде еліміз тұңғыш рет 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында алауы тұтанған ХVII қысқы Олимпия ойындарында бой көрсетті. Ашылу рәсімінде мемлекеттік туымызды шаңғымен трамплиннен секіруші Қайрат Биекенов ұстады. Жарыс жолына 28 жерлесіміз шықты. Бұл додада бізге үш жүлде бұйырды. Үшеуін де даңқты шаңғышы Владимир Смирнов жеңіп алды. Ол 10 шақырымдық классикалық әдіс пен 15 шақырымдық еркін әдіспен жүруде күміс медальды иеленді. Жарыстың соңғы күні 50 шақырымдық масс-стартта отандасымызға тең келер ешкім табылмады. Сөйтіп, Смирновтың есімі Тәуелсіз еліміз тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы ретінде спорттық шежіреге алтын әріптермен жазылды.

Скандинавия түбегінде жа­лауы желбіреген жарыста Владимир Смирновтың осы үш жүлдесінің арқасында еліміздің құрамасы жалпы командалық есепте 12-орынға табан тіреді. Лиллехаммердегі додада ең үздік нәтижеге Ресей (11 алтын+8 күміс+4 қола) қол жеткізді. Екінші, үшінші орындарда – Германия (10+11+5) мен Норвегия (9+7+8). Озық бестікті Италия (7+5+8) мен АҚШ (6+5+2) түйіндеді.

1998 жылғы Олимпиаданы Жапонияның Наганосы қабыл­дады. Шыны керек, осы сапар барысында бізде үміттен гөрі күдік басым еді. Себебі ол кезде ұзақ жыл бойы қысқы спортымызды жалғыз өзі өрге сүйреген Владимир Смирнов шау тартып қалған еді. Ол аса ірі халықаралық турнирлерде жүлделi орынға бiрде iлiгiп, бiрде iлiкпей жүрдi. Бұл жағдай жанкүйерлерді қатты алаңдатты. Алғашқы күндерi сол қауiптiң шындыққа айналып бара жатқанын аңғарғандай болдық. Әйгiлi шаңғышы 30 шақырымдық қашықтықты он екінші болып аяқтады. 10 шақырымға жүгiргенде төртiншi орыннан аса алмады. Алайда В.Смирновтың сол қашықтықтағы көрсеткiшi оған Гундерсон тәсiлiмен 15 шақырымдық жарыста жүлделi орынға таласуға мүмкiндiк бердi. Сол мүмкiндiгiн ұтымды пайдаланған жерлесiмiз мәреге үшiншi болып жеттi. Ардагер спортшы өзiнiң соңғы Олимпиадасында халқына қола медальды тарту еттi. Көп ұзамай конькишi Людмила Прокашева өз жанкүйерлерін қуантты. Ол 5000 метр қашықтықта үшiншi нәтиже көрсеттi.

Жапонияда елінде қос қоланы қоржынға салған жерлестеріміз жалпы командалық сайысты 21-орынмен қорытындылады. На­ганода Германияға (12+9+8) тең келер ел табылмады. Норвегия (10+10+5) мен Ресей (9+6+3) немістерге әжептәуір қарсылық көрсетті. Одан кейінгі сатыларға көршілес қос мемлекет – Канада (6+5+4) мен АҚШ (6+3+4) жайғасты.

2002 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында үздік бестікті Норвегия (13+5+7), Германия (12+16+8), АҚШ (10+13+11), Канада (7+3+7), Ресей (5+4+4) құрады. 2006 жылы Италияның Турин қаласында Германия (11+12+6), АҚШ (9+9+7), Аустрия (9+7+7), Ресей (8+6+8), Канаданың (7+10+7) қарқыны күшті болды. Бұл жарыстарда бағы жанбаған еліміз­дің спортшылары елге құралақан оралды.

2010 жылы Ақ Олимпиаданың алауы Канаданың Ванкувер қаласында тұтанды. Бақ сынаған 37 спортшымыздың арасынан Елена Хрусталева суырылып шықты. Биатлоншы қыз 15 шақырымдық жеке сайыста күміс ме­даль­ды иеленді. Нә­ти­жесінде, жал­пы есепте 25-орынды қанағат тұттық. Үйеңкі жа­пырақтар елінде жарыс қожайындары дес бермеді. Олар 14 алтын, 7 күміс, 5 қоланы олжалады. Одан кейінгі орындарды Германия (10+13+7), АҚШ (9+5+13), Норвегия (9+8+6), Оңтүстік Корея (6+6+2) еншіледі.

2014 жылы Сочиде ұйым­дас­тырылған Олимпиада ең даулы ойын­дар ретінде тарих­та қалды. Осы жарыста жеңіс тұғырына көтерілген спорт­шы­лардың біразы допинг қол­данған екен. Уақыт оза барлық мән-жай анықталғаннан кейін олар атақтарынан айыры­лып қана қоймай, абыройдан да жұрдай болды. Нәтижесінде, мына командалар озды: Норвегия (11+6+9), Ресей (10+10+9), Канада (10+10+5), АҚШ (9+9+10), Нидерланд (8+7+9). Отандастарымыздың арасынан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ғана жүлделі орынды иеленді. Жапониялық Юдзуру Ханю мен канадалық Патрик Чаннан қалып қойған ол қола медальды мойнында жарқыратты.

2018 жылғы Олимпия ойын­дарының алауы Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында тұтанды. Бұл жарыста фристайл-могулдың хас шебері Юлия Галышева қолаға қол созды. Жалпы есепте Норвегия (14+14+11), Германия (14+10+7), Кана­да (11+8+10), АҚШ (9+8+6), Нидер­­ландтың (8+6+6) көрсет­кіштері жоғары болды.

Соңғы Олимпиаданың алауы осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2022 жылы Бейжіңде тұтанды. Қытай астанасында 91 мемлекеттен келген 2 871 спортшы бақ сынады. Олар 109 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жалпы есепте Норвегияның (16+8+13) екпініне ешкім шыдамады. Екінші, үшінші орындарда – Германия (12+10+5) мен АҚШ (9+9+7). Төртінші, бесінші сатыға Қытай (9+4+2) мен Швеция (8+5+5) жайғасты. Өкінішке қарай, Қытай елінде біздің құрамаға бірде-бір жүлде бұйырмады. Міне, қысқаша қайырсақ жерлестеріміздің қаты­суымен өткен қысқы Олимпия ойындарының тарихы осындай.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары