Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

Апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Апта басында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Цифрландыру және инновациялар институтының директоры болып Мұрат Қожановтың тағайындалды.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Мұрат Ғалиасқарұлы бұған дейін жоғары оқу орындары жүйесінде цифрландыру және киберқауіпсіздік бағыттары бойынша басшылық қызметтер атқарған.

Ол 1992 жылғы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі және «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде кафедра зертханасының меңгерушісі болып бастаған.

2015–2025 жж. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде басшылық және ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды.

Сондай-ақ 2025 жылдың ақпан айынан бастап Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Сонымен қатар, Қызылорда облысында жаңадан құрылған цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Сабит Ибадулла тағайындалды.

Облыс әкімі жаңа басшыға жасанды интеллектіні дамыту, инвестиция тарту және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Сабит Ибадуллаұлы 1986 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде информатика, Қарағанды экономикалық университетінде экономика мамандықтары бойынша білім алған.

Сәбит Ибадулланың бұл салада, соның ішінде полиция департаментіндегі цифрландыру бағытында тәжірибесі мол.

Әр жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде бағдарламашы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2018- 2024 жылдары облыс әкімдігі жанындағы ақпараттық технологиялар орталығын, облыс әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімін басқарды.

Еске сала кетейік, 2025 жылдан бүгінгі күнге дейін облыстық полиция департаменті бастығының цифрландыру саласына жетекшілік жасайтын орынбасары қызметін абыроймен атқарып келген.

Түркістан облысының экология департаментінде де басшы ауысты. Бұл лауазымға Байбатыр Мұсабек тағайындалды.

Ол 1998 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратурасын «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2018 жылы «КазАгроҚаржы» АҚ менеджері болып бастаған. 2019-2020 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, 2020-2021 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің сарапшысы қызметін атқарды.

2021-2025 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі, 2025 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.

Айта кетейік, 2025 жылдың шілдесінен бастап Жамбыл облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары, Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы қызметін атқарып келген еді.

Ал Атырау облысында құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Нариман Биғали тағайындалды.
Нариман Биғали Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Тарих», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқық», Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын жасау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдарда Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Каспий өңіраралық көлік инспекциясында бас маман, «Нуркапстройгаз» ЖШС директоры, Атырау облысы құрылыс басқармасының құрылыс бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Индер аудандық құрылыс бөлімін, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімін басқарып, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.

Бұған дейін Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Наурыз 2026 13:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары