Ақ үй Ресейдегі оба дертіне күдікке байланысты жағдайды бақылап отыр БАҚ
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ақ үй Ресейдегі оба дертіне күдік пен оған байланысты карантиндік шаралар туралы хабарламаларды бақылап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Axios басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы басылымға АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өкілі мәлімдеген.
Оның айтуынша, әкімшілік жағдайдан хабардар, оқиғалардың дамуын бақылап, ықтимал іс-қимыл нұсқаларын бағалап отыр.
"Люди Байкала" басылымына сілтеме жасаған DW мәліметінше, Иркутск ауруханаларында обаға қарсы институт қызметкері қайтыс болғаннан кейін карантин енгізіліп, дәріханаларда "антибиотиктер түгелімен сатылып кеткен". Сонымен қатар, билік өкілдері марқұмның бойынан "оның кәсіби қызметіне байланысты микроорганизмдер анықталмағанын" алға тартып отыр.
Нақтыланған ақпарат бойынша, № 1, 3 және 10 қалалық клиникалық ауруханалар, сондай-ақ перзентхана мен Ивано-Матренин атындағы балалар клиникалық ауруханасы карантинге жабылған. Бұдан бөлек, Иркутск алюминий зауытының (ИркАЗ) директоры Артем Фоминых Иркутск серіктес-қаласы Шелеховтағы кәсіпорында маска режимі енгізілетінін хабарлады.
Кейінірек ол Telegram-да тағы бір жазба жариялап, зауытта маска режимі "респираторлық аурулардың маусымдылығын ескере отырып" мезгіл-мезгіл енгізіліп тұратынын айтты.
2 қазанға қараған түні Иркутск обаға қарсы институтының 28 жастағы лаборанты Дарья Шипилова қайтыс болды. Оның өлімінің себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Роспотребнадзор мемлекеттік БАҚ-қа пациентте "шығу тегі белгісіз пневмония" болғанын хабарлады. Ведомство қызметкердің аты-жөні мен лауазымын нақтыламай, тек институтта жұмыс істеген адам екенін айтты.
Көршілес Бурятия басшысы Алексей Цыденов бұған дейін Max мессенджерінде өлімге оба себеп болғанын жазған еді.
Өңір губернаторы Игорь Кобзев 2 қазанда Telegram-да Ресей Федерациясының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Анна Попованың қатысуымен облыстық санитарлық-індетке қарсы комиссияның кезектен тыс отырысы өткенін жазды. Жиынға өңір тұрғынының "аса қауіпті инфекцияны" жұқтыруы мүмкін деген ақпарат түрткі болған, алайда ол қоздырғыштың атын атамады.
Кобзевтің айтуынша, қазіргі уақытта "індетке қарсы іс-шаралардың толық кешені" жүргізіліп жатыр, ал анықталған байланыста болған тұлғалардың барлығы медициналық бақылауға алынған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 08:59 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















