Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы көпсайыстан Азия ойындарының финалына өтті
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстандық гимнастар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жекелей көпсайыстың финалына шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева барлық қатысушының арасынан үздік нәтиже көрсетті. Ол төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 111,35 ұпай жинады. Отандасымыз шығыршықпен орындалатын жаттығуда 28,60, доппен 27,30, ұршықтармен 27,75, таспамен 27,70 ұпайға ие болды.
Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтады. Оның жалпы ұпайы – 106,55. Гимнаст шығыршықпен орындалатын жаттығуда 27,65, доппен 26,55, ұршықтармен 24,85 және таспамен 27,50 ұпай жинады.
Жекелей көпсайыстың финалына іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен он гимнаст жолдама алды.
Бұл бағдарламадағы жүлделер 3 қазанда сарапқа салынады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 19:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















