Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған өңірдің 10 ауданынан тауар өндірушілер қатысып, 200 тоннадан астам азық-түлік өнімін ұсынды.
Жәрмеңкеде 50 павильон мен 100 сауда орны жұмыс істеді. Мұнда ет және сүт өнімдері, көкөніс пен картоп, балық, жұмыртқа, ұн, жарма, өсімдік майы, макарон өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары саудаланды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 50 тоннаға жуық ет, 20 тонна сүт өнімдері және 40 тоннаға жуық көкөніс пен картоп жеткізілген. Сонымен қатар маусымдық өнімдер мен көшеттер де ұсынылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен сатылды. Тұрғындар арасында сиыр еті, қант, күріш, бірінші сұрыпты ұн, тұз, күнбағыс майы, макарон өнімдері, картоп пен сәбізге сұраныс жоғары болды.
Қарттар күніне арналған айлық аясында өткен шараға тұрғындар белсенді қатысты. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Балпан Мұрат жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталды.
"Бүгінгі жәрмеңке ең алдымен 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне арналды. Осыған орай ай бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Бұл жақсы дәстүрге айналды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің де көңіл-күйі жақсы", - деді Балпан Мұрат.
Іс-шараға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен қатар, оларды қайта өңдейтін кәсіпорындар да қатысты.
Аршалы ауданының Сочинское ауылынан келген "Сочинское Агро" кәсіпорны ет өнімдерін ұсынды. Кәсіпорын өкілі Марина Кондратенконың айтуынша, шаруашылықтың жеке фермасы мен шұжық цехы бар.
"Біз табиғи ет өнімдерін өндіреміз. Жеке фермамыз және шұжық цехымыз бар. Етті өзіміз өңдеп, сапалы өнім шығарамыз. Көкшетау тұрғындары біздің өнімді жақсы біледі. Жәрмеңкелерге бірнеше рет қатысып, тұрақты тұтынушыларымызды қалыптастырдық", - деді Марина Кондратенко.
Мұндай шаралар жергілікті тауар өндірушілерге өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынып, өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ал тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, қолжетімді бағамен сатып алуға жағдай жасайды.
Ақмола облысы ІСБ ұсынған материал
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қазан 2026 14:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















